Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » » Страница 8

Қазіргі кезедегі өмір тәртібі, адамдардың еңбектік, қоғамдық қарым-қатынастары, айнала қоршаған табиғат баланың эстетикалық дамуының алғы шартын жасайды. Ол әр түрлі халықтардың творчествосымен, сурет және мүсін өнерімен, музыка және биімен, қуыршақ театрының спектаклдерімен, мультфильмдерімен және басқалармен таныса отырып, өнер дүниесіне енеді.
Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 5856 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 19-02-2015, 16:16 |


Бұл мақалада мектеп және оқушылардың психикалық денсаулығы туралы айтылған. Қазіргі заманда жас өспірімдердің денсаулығының қорғаудың бастапқы бағыты-баланың психикалық денсаулығын қорғау. Себебі, психикалық денсаулық – бұл кең мағынада айтқанда денсаулықтың негізгі элементі. Дүниежүзілік денсаулық ұйымы «денсаулық» деген сөзді былай талқылайды: «әлеуметтік, рухани және толық ағзанын саулығы». Психикалық денсаулыққа үш анықтама беріледі: біріншісі- психологиялық ауруларының жоқтығы; екіншіден – адамның өзінің әр түрлі стрестік қиындықтарға төзімділігі; үшіншіден – адамның қоршаған ортамен үйлесімі және тепеңділігі. Оқушылардың алдына, мектептегі қойылатын талаптары және ұстаздармен жолдастарының арасындағы қарым - қатынасының негізгі функциясы болып, психикалық денсаулық саналады.Нақты психикалық аурулармен ауыратын балалар жалпы орта мектептерінде кездеспейді,ондайлартек қана арнайы емдеу орындарында,немесе арнайы мектептерде оқытылады. Мектептерде көбінесе неврозды және неврозға жақын оқушылар кездеседі.
Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 2533 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 18-02-2015, 17:17 |


Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.Жай ғана сауаттылық жеткіліксіз. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуы тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы, барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» - деп, әр жеткіншектің бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру қажеттілігін тағы бір айқындап бергендей.
Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 6546 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 18-02-2015, 11:35 |


Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
- Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі;
- Уақытын үнемдеуі;
- Білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
- Қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
- Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
- Экономикалық тиімділігі;
- Қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әртүрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;
- Оқушының ой- өрісін, дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор. [1]
Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 2281 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 18-02-2015, 05:16 |


XXI ғасыр ғылым мен техниканың қарыштап дамып жатқан кезеңі.
Қазіргі таңдағы біздің проблемамыз: оқушылардың компьютерленген заманда аңсары компьютерлердегі түрлі ойын бағдарламасына ауып енжарлыққа салынып, оқуға деген қызығушылығының жойылуы.
Оқушылардың сын тұрығысынан ойлауын дамытуда, олардың тақырып бойынша тапсырмаларды орындауда танымдылық қызығушылықтары мен белсендіктері артады.
Ж.Қараевтың “УӘЖ” технологиясы бойынша оқушыларды деңгейлеп оқытып, нәтижелі білім беруге болады.
Н.А.Оразахынованың “Сатылай кешенді талдай оқыту” технологиясының да маңызы өте зор.
Қорытындылай келгенде, оқу –тәрбие үдерісіне оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді енгізу жеке тұлғаның шығармашылығына жол ашады. Осыған байланысты әр мұғалім шәкірт жүрегіне жолтабарлық, пәніне қызықтырарлық ең тиімді әдістері іздейді. Өйткені оқушыдан терең білімділікті, ұтымдылық ізденімпаздылықты талап ету үшін мұғалімнің өзі сол қасиеттердің үлгісі боларлық дәрежеде болуы тиіс деп санаймын.
Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 2253 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 16-02-2015, 12:23 |


Сындарлы оқыту технологиясының маңызды модулі диалогтік оқытудың оқу үрдісіндегі маңызы мен тиімділігі
Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 3749 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 14-02-2015, 19:54 |


Конституциямыздың келешекте еліміздің алдыңғы қатардағы мемлекет болуына,демократиялық,тиімді экономикалық реформалардың қалыптасуына жағдай жасайтын басты нормативтік құжат болатыны анық.Бұған қол жеткізу үшін әрбір азамат Конституцияда көрсетілген өз құқықтары мен міндеттерін терең түсініп сақтауы қажет.
Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 3412 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 14-02-2015, 16:20 |


Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тіл туралы заңын» іс жүзіне асыруға бағытталып отырғандықтан,қазір еліміз мемлекеттік тілді оқып-үйрену мәселесіне көп көңіл аударуда.Мемлекетіміз тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында бізге,қазақ тілі пәнінің мұғалімдеріне,жауапты іс,келешек ұрпаққа мемлекеттіктілді үйрету ісі тапсырылып отыр.Мемлекеттік тілдің беделін көтеру қазақ тілі пәні мұғалімінің басты міндеті.
Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 1938 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 14-02-2015, 16:15 |


Қазақтың ұлттық ойындары - атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып келе жатқан асыл қазына.Ұлттық ойындар қазақ халқының ежелгі мәдениеті мен өнерінің ешкімнен кем болмағанын байқатады. Қазақтың ұлттық ойындарының қоғамдық және әлеуметтік маңызы аса зор. Ата-бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке-бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Қазақтың ұлттық ойындарының түрі өте көп.
Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 5998 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 14-02-2015, 12:17 |


Қазақстан Республикасында білім беру мен дамытудың 2011-2020ж.арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен міндеттеріне сәйкес орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген танымал оқыту әдістемелері арасында Кембридж тәсілінің негіздері білім беру саласына енгізіліп отыр.өз кезегінде білім беру саласында көш басында келетін Финляндия,Сингапур,Ұлыбритания секілді елдерге тән заманауи тәсілдерді білім беруде қолдану.
Кембридж бағдарламасының модульдері:
1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің
3.Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау.
4.Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану
5.Талантты және дарынды балаларды оқыту
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу
7.Оқытуды басқару мен көшбасшылық
Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 2531 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 12-02-2015, 06:22 |