Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Елін сүйген-Есіл ерлер


Елін сүйген-Есіл ерлер

«Елін сүйген – Есіл ерлер»

Мен бұл шығармамды Ұлы Отан Соғысына қатысушы, майдангер,соғыс ардагері - нағашы атама Ахметов Әкімбекке арнаймын.
«Соғыс» деген сөзді естігеніміз болмаса, бұл сөздің мән-мағынасын, мына бізге, яғни қазіргі заман жастарына түсініксіздеу. Бұлай дейтінім: тарих арқылы, кинофильмдерден көріп, білетін Ұлы Отан соғысын шын мәнінде білгеніміз жоқ.
Бүгін қазақ тілі сабағында апайымыз осы тақырыпқа шығарма жазуды тапсырды. Алғашқыда «не жазу керек, бұл соғыс туралы біз не білеміз?!» деген ой келді. Бір уақытта өзімнің анамның бізге үнемі айтып жүретін нағашы атам туралы әңгімелері ойыма түсіп, «мен неге өзімнің атам туралы шығарма жазбасқа?» деген ой түсті. Сабақтан келісімен анамнан атам туралы көп сұрақтар қойып біраз нәрсе біліп алдым. Бір уақытта анам маған өзінің кішкентай сандығынан сарғыш тартқан ескі дәптерді ұсынып отырып, «қызым, дұрыстап оқып біліп ал, сенің атаңның кім болғанын» деді сонымен дәптердің алғашқы бетінен бастап оқып отырмын.
Атам былай деп бастапты өз жазбасында.
Әркім – өз дәуірінің жылнамасы. Мен әкемнен ерте айырлыппын, інім – Қазымбек екеумізді әкем ерте қайтыс болғаннан кейін анамыз ауылда тігін тігіп жүріп – ақ асырап өсіріпті. Інім екеуміз анама үй шаруасына көмектесетінбіз. Азын аулақ малымыз болды соны қысы – жазы бағу біздің міндетіміз. Менің туып – өскен жерім, балалық шағымнын өткен жері – Байғабыл өзенінің жағасындағы кішкентай ауыл. Жаз өзенге шомылып, қыс сырғанақ теуіп жүрген кішкентай бізде жылдар өте ер жетіп қалдық. Осындай алансыз күндердін бірінде «соғыс басталыпты» деген сөз біздің ауылға да жетті. Соғыс басталғанда мен 17 жаста, ал інім 14 жаста болатын. Ауылдағы бас көтерер ер – азаматтардың бәрінде соғысқа алып кетті. Ауылда кілең жастар мен кемпір – шалдар, балалар ғана қалды. Кейін, жасы 18 келген жігіттерді де соғысқа шақырта бастады. Соғыс кезіндегі ауылдағы ауыр жағдай көз алдыма келді. Бәрі майдан үшін, күнімен, түнімен санаспай жанталаса еңбек еткен жесір әйелдер, кемпір – шалдар, балалар. Ауылдың бәрі соғысқа кеткендерден келген хатты маған оқытатын. Өйткені менің жеті класстық білімім бар болатын. Сәлем хатты оқу қандай қуанышты болса, «ол соғыста ерлікпен қаза тапты» деген «қара қағазды» оқу сондай ауыр болды. Ондайда менің қаралы хабарды оқуға дәтім бармай, өксіп жылап жіберетін кезім көп болса керек. Аналардың зарлы үні сай – сүйекті сырқыратып, онсыз да жабырқау көңілді құлазыта түседі. Ерінен ерте айырылыған шешем болса, көз жасын төккен аналарға « жылауды қойыңдар, белдеріңді бекем буыңдар, олар жерін, елін қорғап шейіт болып жатыр, енді қалғандарының амандығын тілейік» деп шыңдаулы орағын иығына салып, қайрағын белдігіне қыстырып, сұсты қалпымен шөп оруға бастап барып, өзгелерге қайрат беретін. Ал жұмыстан бос уақыты аз болса да, майдандағы адамдарға арнап тон, қолғап тігетін еді.
1942 жылдың басында жасым 18 толар – толмаста меніде майданға шақыртты. Анамыз әзірлеген бір дорбада бауырсақ, құрт, ірімшіктерімізді арқалап, еңіреген жылаған ата – ана құшағынан босап, бір топ жігіт ауданға аттандық. Артымыздан жүгіріп ерген інілеріміз бізді көш бойы шығарып салды. Туған жерден туған үйден кету қандай қиын, әлі есімде қара қыстау үстіне шығып, жаулықтарын бұлғап тұрған аналарымызды қалай қиярсың?! Інімді құшақтап шашынан иіскеп, «бар, үйге қайт, анама көмектес» деп көзімнің жасын іркіп «соғыс біткен сон, саған жеңге алып келемін» деп күлген боламын. Қайран аңғал балалық – ай, інім: «аға, тез, жылдам келіндер!» деп қоштасып жолдың жиегінде қол бұлғап қала берді. Сұрапыл соғысқа бара жатқанымды сезіндім, «енді елге қайта ораламын ба, осы Байғабыл топырағын қайта баса аламын ба, суына шомыла аламын ба» деп артыма қарасам ауыл қарасы мүлдем көрінбейді. Ол кезде осындай сауалды майданға бара жатқан әр боздақ бастан кешкені анық еді.
Соғыс өнерін, қару ұстап ату әскери жаттығулардан өткен жас жігіттер, «соғысқа қатысып, жауды жеңсек» деген мақсатпен шиырға қимылдайтын. Әскери жаттығудан өткеннен кейін, біз мінген әскери эшелон батысқа жол тартты.
Міне енді ғана соғысты өз көзімізбен көріп келе жатырмыз. Қираған қала, өртенген орман, үйлер, айтып – айтпай не керек, қысқасы соғыстың не екенін енді түсінгендейміз әскери пойыз тоқтаған жерде жергілікті тұрғындар өздерінің аш - жалаңаш болуына қарамастан қолда бар тамағын, сусынын ұсынады. Қайран халық! Не көрмеді десеңші?! Соғыстың алға шебіне жақындадық, соғыстың сұмдық көрінісі енді басталды! Қатты дүмпулер, жер солқылдап, жарылған бомба және атыс құралдарының дыбыстары анық естіле бастады, қызыл жұлдызы бар самолеттер батысқа қарай ұшып барады. Бізді эшелоннан түсіріп, топқа бөліп орман ішіне әкелді. Орман ішімен, жолшыбай жараларды тиеген машина,ат – арба жиі кездеседі. Бір сөзбен айтқанда, оқ пен оттың ортасына келіп бір-ақ шықтық. Окоп қазу, қару – жарақ әзірлеу, қақаған аязда далаға түнеу, яғни адам төзгісіз соғыс жағдайы басталды да кетті. Бірінші рет соғысқа кіргенде қаншама ұрысқа, түстік жаумен бетпе – бет көрістік, нағыс қантөгіс ұрысқа түстік, әр шайқас сайын қатарымыз сиреп қалады. Қатарымыз тағы да қайта толықтырып, тағыда шабуыл басталады. Осылай Украин, Беларус жерінде екі жылдай ұрыстарға қатыстық. Осындай шайқастардың бірінде, Беларус жерінде жарақат алдым, жанбасыма снаряд жарықшағы тиіп, есімнен танып қалыппын. Есімді жисам үсті – басым дәкеге оралып жатқанымды білемін. Есім кіргенде арнайы күтуші санитар айтауынан білгенім, жараланғаннан кейін соғыс даласынан шығарып басқа да жаралылармен бірге дәргерлік көмек жасапты, содан кейін мені дала госпитальіне алып келеді. Соғыстың бітуіне аз уақыт қалғанда жамбасыма тағы бір ота жасалып, госпитальде бір неше ай жатып қалдым. Сосын бізді басқа госпитальға ауыстырып, соғыс біткенде аяқты ақсап басып елге оралдым. Жара жазылған соң елге деген сағыныш ештеңеге қаратпайды екен анам мен ініме қауышып өлгеніміз, тірілгендей болдық. Соғыстан оралған соң алғашқы жылдары қолхозда есепші болып төрт медальмен майдан шебінде марапатталдым деп өткен соғысқа қатысқан өмірін осылай естелікке жазған екен.
Соғыстан оралғаннан кейін атам үйленіп үйлі - баранды болады. Он бала тәрбиелеп өсіріп бәріне жоғарғы білім әперіп, ұлды ұяға, қызды қияға қондырған. Зейнетке шыққаннан кейін жасы ұлғая келе, баяғы соғыста алған жарасы қайта ашылып, аяғынан жүре алмай ауруы асқынып жүрегіне шабады. 75 жасқа қараған шағында, атам мен туардан бұрын дүниеден өткен көрінеді. Артында қалған бала – шағасы, елі арулап жерлепБайғабыл жеріне қойған екен. Міне, мен атам туралы қыскаша шығарманы аяқтап, түннің ортасы болғанда ұйықтап кетіппін. Түс көрген екенмін деймін: түсімде атамды көріппін: ақ киім киген, ертегідей ақ арғымақ атқа мініп кеткелі жатыр екен. Мен: «ата кетпеші, мені де бірге ала кетші!» деп жылап жүрмін атам: «балам, сен менімен бармайсың! Осы жерде қаласың! Сен әлі жассың еліңе керексің, біз сендердің жарқын болашақтарың, бостандықтарың, бейбіт өмірлерің үшін күрестік, жандарын пида еткен аға – аталарыңды, біздерді ұмытпаңдар! Сендерге енді соғыс дегенді көрсетпесін, кейінгі ұрпақтар жыламасын! Әрқашан аспандарың ашық болып, жүздеріңнен күлкі кетпесін! Міне, біз сендерге мынандай байтақ жер, асқар тау, шексіз дала қалдырып бара жатырмыз. Бұл жерді ата – бабаларын қасықтай қаны қалғанша, жауға бермей қорғап, сендерге алып берді. Енді, осы киелі жер сендерге аманат! Оқы, білім алыңдар, еліңе, туған жеріңе еңбек ет! Тәуелсіздіктеріңді сақтап, бақытты өмір сүріңдер!» деп көкке ұшқандай арғымақ атымен қалың сағым арасына ғайып болып кетті. «Ата, ата!» деп, жылап оянған мені, анамның күлімдеген жүзі, басымнан сипаған аялы алақаны оятты. «Тұра ғой қызым, оқуыңнан қалмай мектебіңе бар» деген сөзі қанаттандырып, бір мақтаныш сезіммен мектепке келіп, мұғаліміме түні бойы жазған шығармамды ұсындым.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің атам-майдангер
АУЫЛДА
Мен атамды мақтан тұтамын
Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске қол жеткізудегі Зифа Аркешқызының қосқан үлесі
Еске алам, сағынышпен
Еске алам, сағынышпен
Берлинге жеткен атам
Менің атам- майдангер
9 мамыр Жеңіс күні!
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Бөлім: Статьи / Конкурс ең үздік шығарма | Көрсетілім: 3364 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 6 февраля 2015 18:15
Өте жақсы, жүйелі жазылған шығарма. Бибіғал, талабы талабы таудай бала екен.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз