Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
Құрметті сайт қолданушылары ұстаздар сайты домендік атауының өзгергенін хабарлайды. Сайттың жаңа домендік атауы www.u-s.kz .
Загрузка...
Загрузка...
» » Хан Кене

16-03-2015, 12:12
Хан Кене
загрузка...
Рысбекова Фарида Асанқызы
Алматы қаласы Абай атындағы дарынды
балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін
тереңдете оқытатын мектеп-интернатының
тарих пәні мұғалімі.
19-ғасырдың 20-40-жылдары Қазақ хандығы тарихындағы ерекше қызық кезең болды. Ел Ұзақ жылдар бойы патшалық Ресейге бағынышты болу мен ортаазиялық жеке хандық болудың арасындағы қиын таңдауға қалды. Дәл осы кезеңде екінші жолды таңдап, өткір тарихи жағдайларға төтеп бере алған Хан Кененің тарихтағы алар орны зор.
Хан Кене Шыңғыс ханның тұқымы, Абылай ханның немересі, Қасым сұлтанның немересі. Патшаға қарсы көтерілістің басшысы. Орта жүздің ханы.
Зерттеуші, ғалым Балқаш Бафиннің жинаған деректерінде хан Кене туралы келесідей мәліметтер кездеседі.
«Патша өкіметі қазақ ортасындағы хандық өкіметті жойып, аға сұлтан мен сұлтан әкімдер билігін енгізумен байланысты, хан әулетінен шыққан адамдардың билеулері мен артықшылықтарына шен қойғаннан кейін Кене хан осыған қарсы өз мақстын күшпен іске асыруға кірісті.
Кене ханның әйелі Күнімханды (балаларымен) үш жылға таяу орыстар Орынборда тұтқын қылып ұстаған.
Патша өкіметінің қазақ жерлерін атртып алып, әскери бекіністер салып, көшпелі елді жер-суынан айырған. Қазақ ата қонысынан айырылуға мәжбүр болған. Мұның өзі қазақ шаруаларының назарлығын күшейтіп, олардың Хан Кене бастаған көтерілісіне қосылуға себепші болған. Сонымен қазақ шаруалары алдымен Кене ханды қолдаған. Патша өкіметі тартып алған жерлерді «қазақтың өзіне қайтарамыз», - деген уәдесі қозғалысқа қатысушыларды дәмелендірген. Кене ханның өзі де жер тапшылығын көре бастаған. (Оның алты мыңдай жылқысы, екі мыңнан астам қойы болған). 1841 жылы хан болып сайланған соң, билер билігін қалпына келтіреді. Бабасы Абылай ханның ала туын өзінің жасыл туымен алмастырған. Әскери күштерді ұйымдастыруда ортаазыиялықтарға сүйенген. Әскерін жүзге, мыңға бөліп, жүзбасы, мыңбасы тағайындаған. Әскери тәртіпті бұзғандарды қатал жазалаған. Сыртқы саясаттың басты мақсаты тәуелсіз қазақ хандығын құру болды.
Патша өкіметінің қысымымен 1846 жылы орта жүзден ұлы жүз қазақтарының жеріне қоныс аударуға тура келген. Қырғыздармен патшаға қарсы одақ құруға тырысқан. Бірақ қырғыздар Кене ханның негізгі мақсатын түсінбеген. Алысты болжайтын алғыр адамдары да болмаған. Қырғыздардан қатты торыққан. Елдің, жердің болашақ тағдыры жанын күйзелткен. Туған жерін, өскен өрбіген елін сағынған Хан Кене:
Қош-аман бол, Сарыарқа өскен жеріп,
Қайтқан қаздай қалың ел көшкен жеріп.
Тізе қосып бар қазақ ел бола алмай,
Ит пен құсқа жем болып өшкен жерім.
Сен де аман бол, Көкшетау, Қаратауым,
Жеңе алмадым орысты, кетті дауым.
Қорқыт көрі алдымда қазулы екен,
Ақырында, мінекей, жеңді жауым.-
деген екен.»
Бұл деректер көп оқулықтарда кездесе бермейтін тың материалдар. Қалай болғанда да Кене Хан біздің тарихи жадымызда азаттық үшін күрескер ретінде қалып отыр. Оның азаматтық бейнесін тануда билік, мансап үшін емес, ел қамы үшін уайым жеген қырлары танылып отырады.
Көзі көргендер Кенесары ханды атасы Абылайға қатты ұқсаған деп суреттейді. Орта бойлы, шымыр денелі, кең иықты, ал белі қыздыкіндей шіңішке болған деседі. Бір шайқаста құлдыққа түскен Услар атты генерал борон Кене хан туралы: «Орта бойлы, көз жанары ақылға толы және қайырымды бет-жүзді адам» деп естелік айтады.

Кенесарының қозғалысы қоқандықтардың Қазақ жерінен кетуіне ықпал еткенімен, Ресейдің Орта Азия ішіне сіңіп, ішінен ірітуге тосқауыл бола алмады.
Бүгінгі күннің биігінен қарай отырып, біз Кенесары хан өз ата бабалары Қасым хан, Жәңгір хан, Абылай хан және басқа да ұлы басшылардың сара жолымен жүрді деп айта аламыз. Қоғамның саяси көшбасшысы ретінде ол өмірінің соңына дейін жалпыұлттық мемлекеттік мүддені негізге алды.
Келіспеушілік пен түсінбеушіліктен туған бір шайқаста хан Кене қырғыздардың қолына түсіп, қаза тапқан.
Загрузка...

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақ хандығының 550 жылдығы
Қазақ хандығының 550 жылдығы
ХІХ ғасырдың 50- 70 жылдарындағы және ХХ ғасырдың басындағы ұлт- азаттық көтеріліс
Қазақ хандығының мемлекеттік -әкімшілік құрылымы
XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістер
ХІХ ғ. І жартысы ұлт- азаттық көтерілістер
1837 – 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Ресейге қосылғаннан кейінгі қазақ жері
XIX ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес жылдары
Қасым хан
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 830 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Загрузка...
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Жаңалықтар