Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Математика және экология


Математика және экология
Билялова Жазира Қасымқызы.
№33 орта жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі
«Табиғаттын ұлы кітабы математика символдарымен жазылған.»
Г.Галилей.
Мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; оқушылардың жан дүниесін, іс-әрекетін математиканы пайдалана отырып табиғатты аялаушы етіп қалыптастыру; қоршаған ортаны сүйе білуге, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
Табиғат адам бойына шабыт, көңілге қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Әр ұрпақ өз кезегінде адам қажеттілігі үшін жаратылған табиғатты дұрыс пайдаланып, келер ұрпақ өкіліне дін аман өткізуге міндетті екенін ұмытпағаны жөн.
Қазіргі заманда адамның қоршаған ортамен қарым қатынасы күрделенді. Адамның санасының өсуі, өнеркәсіптің өркендеуі, ғарышты игеру қоршаған ортадағы тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғуда. Есепсіз қолданылған химикат мәңгілік мекеніміз құнарлы жерімізді тоздырды. Қазіргі кезде ауаны есепсіз, жоспарсыз ластау нәтижесінде ауаның құрамы өзгеріп келеді, яғни айналамыздағы ортаның экологиясы бұзылуда. Зауыт, фабрикалардың өсуі, техниканың, іштен жанатын двигательдер санының артуы ауаны ластай түсуде. Ауа әртүрлі газдармен ластануда. Бұған көз жеткізу үшін келесі есепті шығарып көрейік:
Есеп. Ауа бассейінің былғануының негізгі ошағы транспорт, жылу энергия көздері, өндіріс орындары. Осылардың ішінде ауаны былғауға транспорт 62%, жылу энергия көздері 25%, ал өндіріс орындары 13% үлестерін тигізетін болса, онда 1 жылда ауаға барлығы 196000т улы газ бөлінеді екен. Сонда осылардың әрқайсысы 1 жылда қанша тонна улы газ бөліп шығарады?
Шешуі: 196000 * 0,62 =121520 ≈ 122000(т) – транспорт 196000 * 0,25 = 49000(т) – жылу энергия көздері 169000 * 0,13 = 25480(т) – өндіріс орындары
Жауабы: 1 жылда транспорт – 122000т, жылу энергия көздері – 49000т, өндіріс орындары – 25480т улы газ бөліп шығарады екен.
Ауаны ластанудан сақтау үшін – ластаушы заттардың пайда болуына жол бермеу керек. Ол үшін іштен жанатын двигательдардің орнына электр энергиясын пайдаланып, өндіріс орындарын қаладан тыс жерлерге салу қажет. Улы газдар ауаға тарамас үшін мұржаның аузына газ тұтқыш қондырғылар орнатып, ауаны оттегімен байытушы өсімдіктерді көбірек өсіру керек.
Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су. Халқымыз ежелден суды қастерлеп, «Сулы жер – нулы жер», «Су – табиғаттың айнасы» деп, суды ерекше бағалай білген. Су баға жетпес байлық, барлық тіршіліктің негізі. Ауыз су тапшылығы судың аздығынан емес, адам әрекетінен ластанып, жарамсыз болуынан. Судағы ластанудың ең қауіптісі – мұнай. Суға төгілген мұнай өнімдерінің жалпы көлемі 3 – 5 млн тоннадан 10 – 15 млн тоннаға жетеді деп бағаланады.
Есеп. Су қоймасына төгілген 100 г мұнай 8 мың м3 суды былғайды. Мұнай қоспасынан бұл су өздігінен тазару үшін 200 – 300км жерге ағуы керек. Егер суға 1 кг мұнай төгілсе, онда ол қанша м3 суды былғайды және судың өздігінен тазаруы үшін қаншама км жерге ағуы керек? Шешуі: (8000*1000)/100=80000(м3) (80000/8000)*200=2000(км) Жауабы: 80000 м3 суды былғайды, тазару үшін 2000 – 3000 км жерге ағуы керек.
Бұл есептің нәтижесінде суға төгілген мұнай тек суды ғана улап қоймай, сол суда кездесетін өсімдіктер мен балықтарды жойып, суды пайдаланған адамның да уланып, ауруға шалдығып жатқанын көруімізге болады.
Адам баласының қанатты достары – құстар. Олардың сазды әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың қөңіл-күйіне әсер етеді. Табиғатты құстарсыз елестету мүмкін емес. Құстар өзінің орманы, ағаштарын түрлі зиянды жәндіктерден қорғайды. Олай болса, құстарды қорғау мәселесімен қатар олардың әкелер пайдасына тоқталып кеткен жөн болар.
Есеп. Бір қараторғай күніне бір рет ұшып келгенінде балапандарына 9г шегіртке (3 шегіртке, әрқайсысы 3г) әкеп отырады. 2 қараторғай 10800г шегірткемен балапандарын асырайды. 1 айда 1000 қараторғай қанша кг шегірке жояды? Шешуі:10800*500= 5400000(г)=5400(кг) 5400000/3=1800000(шегіртке) Жауабы: 1000 қараторғай 5400кг шегіртке немесе 1800000 шегіртке жояды
Есеп. Жаз бойына 1 тышқан 1кг астық жесе, ал 1 үкі жаз бойына осындай 100 тышқан жейді екен. Сонда 1 үкі қанша астықты сақтап қалады? Шешуі: 100 тышқан 100 кг астық жейді. Жауабы: 1 үкі 100кг астықты сақтап қалады.
Табиғат байлығының құрамды бөлігінің бірі – орман екені белгілі. Орман – мол өнімнің негізі, мол сулы өзендердің жәрдемшісі. Алайда, жылдан – жылға ормандар жойылып бара жатыр. Орманды қорғау, оның байлықтарын тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Орманның пайдасын көрсететін мына есепті шығарып көрелік: Есеп. Орманның 10000 гектары тәулігіне 50 – 100 тоннаға дейін оттегін бөліп шығарса, онда орманның 1 гектары тәулігіне қанша оттегін бөліп шығарады? Ал орманның 1 гектары 200 адамды 1 сағат оттегімен қамтамасыз етсе, онда орманның 10000 гектары қанша адамды 1 сағат оттегімен қамтамасыз етеді? Шешуі: 1 га орман 5 – 10 кг оттегін бөліп шығарады. 1 га – 200 адам – 1 сағ оттегі 10000га – 2000000 адам – 1 сағ оттегі Жауабы: 10 мың га орман 2 млн адамды 1сағ оттегімен қамтамасыз етеді.
Табиғаттың аруы – шырша. Жыл сайын әр отбасында жаңа жылдың келуін паш етеді.
Егер орта есеппен 10 – 15 адама 1 шыршадан орнатылады деп алсақ, онда Жаңа Жыл қарсаңында Батыс Қазақстан облысының 623000 халқына қанша шырша кесіледі? Ал Қазақстанның 17 млн халқына ше? Шешуі: 623000:15 ≈ 41500 17000000:15 ≈ 1133000
Жауабы: Батыс Қазақстан облысының 623000 халқына – 41500 шырша, Қазақстанның 17 млн халқына – 1133000 шырша.
Өсімдіктер әлемі үшін көптеген насекомдардың тарапынан да едәуір пайда тиеді. Еңбекқор тіршілік иесі – құмырсқаның пайдасын анықтау үшін мынадай қызықты есепті шығарып көрейік:
Есеп. Құмырсқа илеуі бар учаске ағашында 13037 зиянды және 2061 пайдалы насекомдар болады екен. Бір илеудің құмырсқалары 1 аптада 51120 насекомды жойған. Оның ішінде зиянды насекомдардың 99,7%, пайдалы насекомдардың 0,23% жойған. Сонда қанша зиянды, пайдалы, айтарлықтай мағынасы жоқ насекомдарды құмырсқа жойған? Шешуі: 51120 * 0,997≈51000 51120 * 0,0007≈36 51120 * 0, 0023≈118 Жауабы: 51000 зиянды, 36 пайдалы, 118 айтарлықтай мағынасы жоқ насекомдарды жойған.

«Артық болмас білгенің...»
Табиғатта көптеген өсімдіктердің гүлдері бар екенін білеміз. Осы гүлдер арқылы уақытта анықтауға болады. Мысалы, итмұрын гүлі таңғы сағат 4 – 5-те ашылып , кешкі сағат 7 – 8-де жабылады, ал өгейшөп гүлі ертеңгі сағат 9 – 10-да ашылып, кешкі сағат 5 – 6-да жабылады, ал тұңғиық гүлі таңертеңгі сағат 6 – 7-де ашылып, кешкі сағат 6 – 7-де жабылады.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша
Жануар, жәндік тұрмақ көктемде гүлдеп, күзде қурайтын өсімдіктің өзіне тән жаны, мінезі бар екен. Өсіп-өніп тұрған өсімдіктерге ғалымдар арнайы аппарат қойып, жапырақты ұстағанда экранда қорқыныш, діріл пайда болған, жапырақты жұлып алғанда экранда діріл жоғалып кеткен, яғни бір ғұмыр үзілді. Ақ қалампыр гүліне жасаған тәжірбиеде егер гүлді жас сұлу қыздар иіскесе кәдімгідей сүйсініп, ал арақ, темекі иісі шыққан адамнан қорқып, гүл жабыла бастаған.
Міне, осындай тапсырмалар арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие бере отырып, қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сүюге, оны аялауға, күтіп баптауға бағыт беруге болады.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Табиғатты аялайық!
Математика және табиғат қорғау.
Қоршаған ортаның ластануы
Табиғатым-тағдырым
Экология негіздері
Табиғатты қорғау негіздері
Мен табиғаттың бөлшегімін
Табиғат - досымыз
Суды қорғау
Деректер бойынша есептер құрастыру
Бөлім: Статьи | Көрсетілім: 4307 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз