Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz

ЖЕҢІС ТУЫ ЖЕЛБІРЕЙДІ МӘҢГІЛІК

Адамзат тарихында ұмытылмайтын ауыр да қасіретті Ұлы Отан Соғысы ең сұрапыл, жойқын соғыс ретінде есімізде қалды. Әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін, батыр аталарымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де, ешқашанда ұмытпақ емес. 9 мамыр - Жеңіс күні. Бұл - сан мыңдаған ұрпақ үшін, ұлты мен тілі бөлек, діні мен мәдениеті бөлек халықтар үшін ортақ мереке. Бұл мереке әлемді тыныштықта тербететін бейбітшілік пен қайырымдылықтың әрқашан жеңетінін дәлелдеді. Бұл мереке Отанын қорғаған қаһарман жауынгерлердің айбыны мен тылдағы жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалды.
Статьи / Оқушыларға | Көрсетілім: 11475 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 29-01-2015, 07:04 |


Оқушының ойы Альшаева Дильназ 2 «ә» сынып оқушысы

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі Менің сыныбымда 20 оқушы бар. 12 ер бала, 8 қыз бала. Менің ұстазымның аты-жөні – Тулпан Маратқызы. Ол алғаш қолыма қалам ұстатты, жазуға, есептер шығаруға үйретті. Қазір 2 сыныпта оқимын. Оқу-білімге құштарлығымды арттырып, жақсы жолға түсуіме көмектесетін апайымнан көп жақсы істер үйренудемін.Сыныпта оқу озатымын. Осындай жетістіктерге жетуім – ұстазым Тулпан Маратқызының арқасы деп білемін. 

Статьи / Оқушыларға | Көрсетілім: 2159 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 24-01-2015, 18:46 |


Оқушының ойы Какимова Аружан 2 «ә» сынып оқушысы

Мен Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің 2 «ә» сыныбында оқимын. Сыныбымның оқушылары тату, ұйымшыл. Ұстазым –Тулпан Маратқызы сыныпта көптеген тақырыпта тәрбие сағаттарын өткізіп тұрады. Қызықты тапсырмалар береді. Желтоқсан айында сыныптағы оқушылар ата-аналарымызбен бірігіп, «Тәуелсіздік –деп соғар жүрегіміз» атты сыныптан тыс үлкен мерекелік концерт дайындап өткіздік. Мен және сыныптасым Анес Мақсат екеуіміз осы концерттің жүргізушісі болдық.

Статьи / Оқушыларға | Көрсетілім: 1906 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 24-01-2015, 18:42 |