Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Страница 6

«Білім мен тәрбие егіз» деген ұғым бар. Яғни, мектеп табалдырығын аттаған оқушыға сапалы біліммен қатар саналы тәрбие беру әр ұстаздың міндеттерінің бірі.Бір-бір үйдің еркесі оқушы атанып,өзге ортаға қалыптасып кетуі үшін уақыт та, мұғалімнің кәсіби шеберлігі де, шыдамдылығы да қажет-ақ.
Статьи / Эссе | Көрсетілім: 12485 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 2-04-2015, 14:57 |


Осы жолдарды оқысам болды сағымдай зымырап өткен балалық шағым көз алдыма қылаң береді. Сол естеліктермен бірге ұстаздарым енеді түсіме. Уақытпен санаспайтын, атқарған еңбегін ақшамен бағаламайтын, дүние-мүлік жимаған, сән-салтанат қумаған бар уақытын алдындағы шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, осы жолда жастық жалынын, күш-қуатын аямаған, қаталдығы мен қайырымдылығы, ызғары мен жылулығы қатар жүретін ұстаздарымның дені бақилық болғалы қай заман. Көздері тірісінде дұрыс бағасын беріп, алғысымызды да сездіре алмағаным өкінішті-ақ
Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 2254 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 2-04-2015, 14:40 |


Еліміздің бүгіні мен ертеңі, мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі- бала.Өмірге келген әрбір бала бақытты болуға тиіс. Сондықтан да баланың денсаулығын нығайту, толыққанды дене бітімін дамыту, өмірін гүлдендіріп саналы тәрбие мен сапалы білім беру біздің басты мақсатымыз. Бүлдіршіндердің алғашқы даму кезеңі, білім мен тәрбие берудің алғашқы сатысы балабақшадан басталады. Қоршаған ортаға бейімі, еңбекке араласуы, білім алуы, адамдармен қарым – қатынасы, ойлау, қиялдау қабілеттері, сөздік қорларының дамуы мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Баршамызға белгілі Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа стандартын әзірлеп енгізген болатын. Бұл стандартта мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қадағалауды ұйымдастыру, пед
Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 4580 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 1-04-2015, 12:42 |


А оқиғасына қолайлы жағдайлар саны 27, ал В оқиғасына қолайлы жағдайлар саны 25. Яғни, іздеген ықтималдығымыз р(А)=27/216 , р(В)=25/216, р(А)>р(В). Ұпайлар саны 11 болады деген ойыншының жеңу ықтималдығы жоғары.
Мысалдар арқылы көптеген маңызды құбылыстар кездейсоқтыққа байланысты екенін және оның әсерін есепке алмайынша толық зерттеу жүргізуге болмайтынын байқауға болады. Атап айтқанда, ғалымдар жер бетінде болатын табиғат апаттарын дәл басып айтпаса да, ықтималдықтар теориясының көмегімен өте жоғары дәлдікпен есептеп бере алады. Адам өмірін, дүние-мүліктерді, автокөліктерді, егінді, малдарды т.б. сақтандырғанда сақтандыру компаниялары жыл бойында қандай жағдайлар болатынын білмейді. Сондықтан олар бақытсыз жағдайға ұшырағандарға сақтандыру жарнасын төлеу үшін, кездейсоқ құбылыстардың ықтималдылығын алдын-ала болжап, есептейді.
Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 2500 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 1-04-2015, 04:41 |


«Функционалдық сауаттылық» — ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттырында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық –білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада анық көрсетілген. Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, ҚРсы Үкіметінің 2012ж
Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 4390 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 1-04-2015, 04:39 |


Сабақтың тақырыбы:
М.Әлімбаев «Көктем келді» - 2 сынып
А.Құнанбаев «Жазғытұры», І.Жансүгіров «Жазғытұрым» - 3 сынып
Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 2709 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 1-04-2015, 04:35 |


Сабақ барысында синонимдерді меңгерту үшін «Кім жылдам?», «Ойлан, тап!», «Сөзжұмбақ ойыны», «Бәйге», «Сыңарын тап», «Баламасын тап», «Не артық?», «Неге?», «Кім тапқыр» сияқты ойын түрлерін пайдаланған жөн. Осы ойындар арқылы оқушыларға мәндес қос сөздерді, контекстік синонимдерді, синонимдес фразеологизмдерді тапқыза аламыз.
Бұдан басқа тақтаға жазылған сөздің синонимін шығармадан табу, картотекада берілген мәндес сөздердің мағынасын басқа синониммен алмастырып қолдану, бір топтың айтқан сөзіне келесі топтың синоним сөздерді табуы тәрізді элементтер оқушылардың сөздік қорын молайтып, тілдік дағдысын жетілдіре түседі, әрі шығарманы толық түсініп оқуына толық жағдай жасайды.
Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 2232 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 31-03-2015, 18:04 |


«Күнұзын аттан да түспей, өзге жүргіншілерден оқ бойы алда отырған. Кей-кейде өзіне таныс Көкүйрім мен Буратиген, Тақырбұлақ сияқты қоныс-құдықтардың тұс-тұсына келгенде бала оқшау шығып, астындағы жарау құла бестісін ағызып-ағызып та алады... Шәкірт бала ұзап кеткенде бұлар да еріксіз желе шоқырақтап шауып отырып қуып жетеді». Оқ бойы алда отыру, оқшау шығу, ұзап кету деген мағыналас сөздер шәкірт баланың жол үстіндегі ауылға жете алмай асыққан келбетін көрсетеді. Ал «ағызып-ағызып та алады» деген сөздің жоғарыда көрсетілген сөздермен тақырыптық синоним құрайтыны сөзсіз. Оның үстіне шығарманың ішінде бұдан кейін іле-шала қолданылған мына сөздермен синоним болып келеді.
« - Ал, кеттім»,-деп соқтырта жөнелді. «Көз ұшына кетіп ұзап алып, ылғи жапа-жалғыз шауып отырған». «Белге шығып алып шауып келе жатып қарағанда, бала көрінбеді. Бұлар тағы да сілтесе бермек болды. Байтаста үн жоқ, өз бетімен зымғап барады» .
Эпопеяның алғашқы тарауынан-ақ Абайдың тапқыр, ойлы екендігі көрініс береді. Мәселен, Тақырбұлақ тұсына келгенде Абайды қаладан алып келе жатқан Байтас пен жорға Жұмабай бұл маңдағы ұрылардың бар екендігін айтып, оны жеке шабудан тежемек болады.
Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 2798 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 31-03-2015, 18:02 |


Автор Құнанбай бейнесін беруде де синоним сөздерді аса молынан пайдаланған. «Құнанбай бар тобымен келген жоқ. Қасында он шақты ғана үлкен кісілер қалған еді. Сүйіндіктерге осы тобымен кеп кездесті. Пішіні суық, ызғарлы екен. Жуандық ызғары «қайте қоясыңның» ажары. Жота жүнін үрпитіп, үдірейіп тұр. Ірге бермек емес. Атқа мінер атаулының, әсіресе Құнанбайдың сырт айдыны осылай келетін. Соның домбытпа екенін білсе де, Сүйіндіктер әрқашан мұндай түстен ығыса жүретін».
Бұл тұста қолданылған синоним сөздер Құнанбай бейнесін ашып көрсету үшін жұмсалған. Шебер қолданылған синоним сөздер өзара үйлесіп келіп, бір мағыналық топ құраған. Есімді, етістікті синонимдердің өзі мағыналас келіп, өзара мәндес түсінікке реңк үстей түскен. Атап айтар болсақ, суық, ызғарлы сын есімдері мен жуандық ызғары, домбытпа зат есімдері, жота жүнін үрпиту, үдірейту, ірге бермеу, ығыстыру етістіктері айбынды Құнанбайдың бейнесін толық ашуға көмектескен.
Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 4410 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 31-03-2015, 17:58 |


“Сыныптағы диалогтік оқыту-Кембридж бағдарламасының  тиімді әдісі ”
Диалогтік оқыту бұл...
- Оқушылардың ауыз жаппай сөйлеуі;
- мұғалім тарапынан қажетті түсіндірулерді, нұсқаулар мен түзетулер жасамау емес.
Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 2678 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 31-03-2015, 17:28 |


Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз