Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
Құрметті сайт қолданушылары ұстаздар сайты домендік атауының өзгергенін хабарлайды. Сайттың жаңа домендік атауы www.u-s.kz .
Загрузка...
Загрузка...
» » «Сен де бір кірпіш дүниенің кетігін тап та, бар қалан...»

25-02-2015, 13:14
«Сен де бір кірпіш дүниенің кетігін тап та, бар қалан...»
загрузка...
Сабақтың тақырыбы: «Сен де бір кірпіш дүниенің кетігін тап та, бар қалан...» (11- сынып . Мамандық таңдау )
Сабақтың мақсаты: Халықтық педагогиканы басшылыққа ала отырып, жас ұрпақты ұлттық болмыста тәрбиелеу, мамандық таңдаудың жауапкершілігі, уақыт құнын сезіну, мақсат қоя білу.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, мамандық туралы суреттер, шар т.б
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
2 . «Мен» сөзі арқылы оқушының балалық қиялына ырық беру.
3. Уақыттың құны, уақыт үнемдей білу
4. Нақыл сөздер
1- жүргізуші:
Адам жеке тұлға ретінде қалыптасу үшін «Өзіңнен – өзіңді ізде, өзіңе – өзің бағын, өзіңді- өзің тани біл» - дейді Ф.М.Достаевский.
2- жүргізуші: Жауап берем ар алдында сұрағыма «Кіммін мен»
......................................................................................
Ата жүгі, әке үкімі, ана сүті ақталғаны деп білем,
Ар алдында жауап бердім «Кіммін» деген сұраққа.
Топтық тапсырмалар:


1- жүргізуші:
Мамандық таңдауда нені ескеруіміз керек?
Қандай мамандықтарды білесіңдер?
Мамандықтың жеңіл- оңайы, жақсы-жаманы бола ма?
2- жүргізуші:
Жоғарыда айтылған адами қасиеттердің жақсы маман болу үшін әсері бар ма?
1- жүргізуші:
Американдық Дж. Рокфеллер: «Адамдармен тіл табыса білу- бұл да тауар, сондықтан дүниедегі барлық нәрседен гөрі тіл табысуға мен бәрінен қымбат төлеймін »- дейді.
2- жүргізуші:
Ал қытай мақалы: «Жымия білмеген адамға көшеде дүкен ашудың қажеті жоқ»-дейді.
«Шар үрлеу» ойыны (мінез- құлықты анықтау,әр оқушыға үрленген шар таратылады, шарды жарған ерекшеліктеріне қарай психологиялық мінездеме беру.)

1- жүргізуші:
(Әр оқушы өзінің уақыт туралы жинап келген мәліметін ортаға салады.)
Өз уақытын өзге адамның уақытын қадірле және бағала. Кешігу – ол әдепсіздік, уақытында бәрін істей біл. Уақыт өтіп жатыр. Оны барынша денсаулық, бақыт, табысқа жұмсаған дұрыс. Уақыттың құнын шынайы сезінуге тырыс.
1. Бір жылдың қадірін екінші курсқа жіберілмеген студент біледі.
2. Бір айдың қадірін білім кесіндісін тапсыра алмаған оқушыдан сұра.
3. Бір аптаның қадірін апта сайын шығатын газет редакторынан сұра
4. Бір күннің қадірін аяз ата күткен баладан сұра.
5. Бір сағаттың қадірін сүйіктісін күткен ғашық біледі.
6. Бір минуттың қадірін поездан кешіккен жолаушы біледі.
7. Бір секундтың қадірін жол апатына ұшыраған адамнан сұра.
8. Бір миллисекунттың қадірін олимпиада жеңімпаздарынан сұра
Уақыт ешкімді күтпейді. Әрбір сағат, минутты ҰБТ- ке дайындалуға үнемдейік!
Уақытты, оның әрбір сәтін қадірлей біл.
Кеше тарих қойнауына еніп кетті.
Ертеңгі күн жұмбақ. Бүгінгі күн -уысыңдағы сыйлық.
Өмір ойын сияқты, біреу күресу үшін келеді, біреу саудаласу үшін келеді, ал ең бақыттылары қарап тұру үшін келеді. (Пифагор)
2- жүргізуші:
Барлық жаман нәрселерді екі түрлі жолмен емдеуге болады. Біреуі- уақыт; екіншісі-үнемдеу.
Өмір сұрқай дейміз. Өмірді сұрқай ететін өзіміз.Өткеніңнен қызулы от алуың да мүмкін, өртеніп біткен күл қалуы да мүмкін.
1- жүргізуші:
Талмудта: «Уақыт өтіп бара жатқан жоқ, уақыт тоқтап тұр, біз өтіп бара жатырмыз»- дейді.
Көрініс: Автор: Ескендір Зұлқарнайын бір елді жаулап алып, сол елдегі ең атақты адамды алып келіңдер, осы жерге әмірші етемін, – дейді.
Ол елдің ең атақты адамы бұрынғы падишаның ұлы , бірақ бұл дүниенің қызығынан безіп, зиратты мекендейтін жігіт екен. Ол Ескендірге келгісі келмейді, бірақ зорлап әкеледі.
- Уа, падишам, мен сізге екі сүйек берейін, бірі патшанікі, бірі қайыршынікі, соның қайсысы кімдікі екендігін ажыратып беріңізші ?
Сонда Ескендір басын шайқап, төмен қарапты.
- Түбінде патша мен қайыршының арасында айырмашылық болмайтын болса, онда маған падиша болудың қажеті қанша?
-Сені жұрт өз бақытын таппаған қайыршы деп еді, данышпан екенсің ғой, билікті қолыңа ал, сенің қойған шартыңа көнейін- дейді Ескендір.
Сонда жігіт:
-Уа, падишам! Сіздің қолыңыздан бәрі келеді, онда маған өлмейтін өмір, қартаймайтын жастық , сарқылмайтын дәулет, қайғыға айналмайтын қуаныш бер. Осы төрт шартымды орындасаң , елге әмірші болайын- дейді.
Ескендір өзінің айтқанының бәрі бола бермейтінін , жер жүзін жаулап алу ниетінің мағынасыз екенін осы жолы түсінген екен деседі.
Өмір қарызға берілген нәрсе іспетті, қандай қарызды болмасын қайтаруды ұдайы еске сақтау керек.
Ән «Бақыт деген»
Көрініс: «Бадауат пен Назым»
Даналық сөздер айтудан сайыс.
Толерантты тұлға дегеніміз кім? Интолерантты тұлға дегеніміз кім?
Төзімді күйгелек
шыдамды шыдамсыз
Загрузка...

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мамандықтың бәрі жақсы
Аналар, асыл аналар
МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІ
Мамандық таңдау. Жұмысшы мамандықтарымен танысу. Мамандық түрлері
Мамандық түрлері және мамандық таңдау
Айналайын, ақ әжем!
Қош, сүйікті Әліппем!
Мамандық таңдауда, өзіңді – өзің танысаң – істің басы…
Өміріңді аяла!
Мен таңдаған мамандық
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 766 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Загрузка...
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Жаңалықтар