Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Желтоқсан – ерлік тарихымыз


Желтоқсан – ерлік тарихымыз
Желтоқсан – ерлік тарихымыз
Желтоқсаншылар! Олар кімдер?
1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі қанды дауылға айналды. Өрттей қаулаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.
Туған елдің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Спатаев, Ләззат Асанова сынды көптеген кеудесінде «қазақ» деген қаны бар жастар Желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлық пен ерлік көрсетіп, құрбан болды.
Халқымыздың қайсар ұл-қыздары «жан алысып, жан берісіп» азат өмірге ұмтылды. Қазақ жастарының күресі нәтижесінде бүгінде еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізді.
Тәуелсіздік! Бостандық! Азаттық! Қандай мағынасы терең, ұлы ұғымдар! «Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ, сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке» деп Төле би бабамыз айтқандай, 1991 жылы халқымыз асыға күткен Тәуелсіздігіміздің ақ таңы да алаулап атты.
Бұл күн –мәңгі естен кетпес ұлы күн.
Бұл күн – әр қазақтың жүрегіне «тәуелсіздік» деген ұғымды қондырған күн.
Бұл күн – еліміздің мәртебелі мерекесі, еркіндік алған күн. Бытырап кетпедік, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, жұмыла жұдырық болып, тату-тәтті елге айналдық. Елтаңбамыз – төрімізде, көк туымыз көк жүзінде желбіреуде. Әнұранымыз шарықтап шырқалуда.
Бүгінде Қазақстан әлемнің өзге өркениетті елдері сияқты терезесі тең, еш елге, еш мемлекетке тәуелсіз, өз алдына шаңырақ көтерген еңселі де егемен ел. Ендеше, тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, егемендігіміз ғұмырлы болсын!
Жамбыл облысы
Байзақ ауданы
Түймекент аулы
Бастауыш сынып мұғалімі
Нурпейсова Бану Елеусінқызы
Менің Отаным
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан жері қазыналы, бай ел. Біздің бас қаламыз – Астана. Астанада «Бәйтерек» бар. Ол өте биік. Астанадағы Ақ Ордада Елбасымыз жұмыс істейді. Елбасымыз дана ақылшы. Біздің елімізді танымайтын ел жоқ, мұның бәрі Елбасымыздың ерен еңбегінің нәтижесі. Мен өз еліммен, Елбасыммен мақтанамын.
Жамбыл облысы
Байзақ ауданы
Түймекент орта мектебі
Нигматулла Айгерім
1 сынып оқушысы
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
Гүлдене бер, Қазақстаным, Отаным!
Тәуелсіздік тірегі қайсар рухы қазақтың!
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Тәуелсіздік төрінде – 18 жыл
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Тәуелсіздік – ел тірегі
Бірлігі жарасқан халықпыз
Желтоқсан жаңғырығы
«Ұрпағының мәңгі есінде...» (Көркем - әдеби композиция)
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 3974 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз