Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
Құрметті сайт қолданушылары ұстаздар сайты домендік атауының өзгергенін хабарлайды. Сайттың жаңа домендік атауы www.u-s.kz .
Загрузка...
Загрузка...
» » "Жылқы тану" қосымша сабағын мектеп бағдарламасына қосу бізге не береді?!

17-02-2015, 11:42
"Жылқы тану" қосымша сабағын мектеп бағдарламасына қосу бізге не береді?!
загрузка...
Жылқы тану» қосымша сабағын мектеп бағдарламасына енгізу
Бүгінде адамзат баласы ұсақталып барады дегенді жиі естиміз. Дене бітімімен қоса адамгершілік, жауапкершілік, намысшылдық тұрғысынан да аласарып бара жатқандаймыз. Техника қарыштап дамыған сайын табиғи болмыс, табиғи мінез, табиғи өнім, табиғи талант деген түсініктерден қашықтап, бөтенсіп барамыз. Өзіміз жеріген табиғи ұлттық құндылықтарымызды ұрпағымыз жақтырсын ба.. Бала тәрбиесінде ұлттық болмысты жоғалтпау мәселесін ұмыт қалдырып бара жатқан жоқпыз ба? Біздің құндылықтарымыз ұлттық салт дәстүрімізде жатыр. Бір ғана ұлттық ойындардың өзі бүгінде таптырмас мықты тәрбие құралы. Көшпелі қазақ дәстүрінде аламан бәйге, қыз қуу, теңге алу, тоғызқұмалақ, ақ сүйек, алтын қабақ сынды ойындар баланың ой өрісін дамытып, денесін шынықтырып, отансүйгіштік, жауапкершілік құндылықтарын арттырып отырған.
Осы ойындардың кейбірі олимпиядалық ойындар жоспарына енгізіліп отыр. Неге бізге де мектеп бағдарламасына осы бастан енгізіп, осы бастан олимпияда жеңімпаздарын дайындамасқа?!
Оқушыларға ұлттық ойындар туралы теориялық білімдерін іс-тәжірибе жүзінде арнайы ипподромдарда байқап көретін мүмкіндіктер туғызу керек деп есептеймін. Ол үшін мектеп бағдарламасына «жылқы тану» қосымша сабағын енгізу керек. Ұлттық ойындардан мектеп аралық жарыстарды жиі өткізіп тұру керек.
Мәселен, «Алтын қабақ» жарысында ойыншы ат үстінде шауып келе жатып садақ оғын нысанаға жылдам әрі дәл тигізуі керек. Бұл ұзақ уақыт дайындықты қажет ететін дүние. Бір сөзбен айтқанда, атбегілікті меңгеру керек.
«Жылқы тану» қосымша сабағында атбегілікті меңгеруді кезең кезеңмен өтілуі тиіс.
Жылқының жасы, жүріс атаулары: теория;
Ер тұрман атаулары, жасалу тәсілдері, атты ерттеу: теория, тәжірибе;
Ат баптау, жарату: іс тәжірибе жүзінде;
Атпен байланысты ұлттық ойындардың қыр сырын меңгеру; тәжірибе жүзінде;
Атпен байланысты ұлттық ойындарға қатысу: тәжірибе жүзінде;
Мектепаралық жарыстарға қатысу.
«Жылқы тану» қосымша сабағы 9-10 сынып оқушыларына арналған. Ол балалардың нағыз ер азамат болып қалыптасуына, денсаулығының мықты, шымыр болып өсуіне, бос уақытын тиімді өткізуіне, сабақ үлгерімінің жақсаруына септігін тизізбек.
Жанұзақов Руслан Махметұлы
Алматы қаласы Абай атындағы мамандандырылған
дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен
әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп -
интернатының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
Загрузка...

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Футбол ойыны арқылы оқушылардың дене қабілеттерін дамыту және тәрбиелеу.
Қазақтың ұлттық ойындарын дене шынықтыру сабағында қолданудың маңызы.
Ауыл мектептерінің жазғы тынығу лагерінде ұлттық ойындарды ұйымдастыру
Жылқы
Ұлттық ойындар
Ұлттық cпорт түрлері
Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында қолданудың жаңа тәсілдері
Дене шынықтыру сабағындағы ұлттық ойындардың орны
Ұлттық ойындар бойынша әдістемелік материалдар даярлау, оларды сабақта
Графтық жоспар 2013-2014
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 700 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Загрузка...
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Жаңалықтар