Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Бұрғылау шығыры және оның жұмыс істеу принципі.Ұршықтың міндеті мен жалпы құрылымы»


«Бұрғылау шығыры және оның жұмыс істеу принципі.Ұршықтың міндеті мен жалпы құрылымы»
Сабақтың тақырыбы:«Бұрғылау шығыры және оның жұмыс істеу принципі.Ұршықтың міндеті мен жалпы құрылымы»
Сабақтың мақсаты:
А)Білімділік:Оқушыларға жалпы бұрғылау шығыры,ұршық жайлы жалпы түсінік беріп,олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптер,
Б)Дамытушылық:Оқушылардың білім,білік дағдысын қалыптастыру.Олардың пәнге деген қызығушылығын ояту, өзін-өзі дамуына жетелеу.
В) Тәрбиелік: Еңбекке, ұқыптылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі:Теориялық
Сабақтың типі:Аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі:Викторина,баяндау,сөзжұмбақ,сын тұрғыдан ойлау технологиясы,модульдық оқыту технологиясы,деңгейлеп оқыту технологиясы,ойын технологиясы,кубизм.
Пән аралық байланыс:Бұрғылау машиналары мен механизмдері,мұнайкәсіпшілік машиналары мен механизмдері.
Сабақтың көрнекілігі:Плакаттар,слайд,карточка, интербелсенді тақта,фотосуреттер,бағалау парағы.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру,дәрісхананың тазалығы,сабаққа дайындығына назар аудару.
II.Үй тапсырмасын сұрау: «Сканворд» арқылы сұралады.
1. Өзіне тән иісі бар,судан жеңіл,қара түсті болып келетін,жанғыш,көмірсутегіге бай шикізат?
2.Мұнай өндіріп алудың неше тәсілін ата?
3. Диаметрі тереңдігінен бірнеше есе кіші цилиндр пішінді тау кен құрылыс орны?
4.Ең таза,ең қымбат мұнай қалай аталады және қайда өндіріледі?
5. Көтеріп-түсіру операциясын орындайтын таль жүйесінің негізгі элементтерінің жиынтығы?
6. Белбеу жүйесінің қозғалмалы бөлігі?
7.Қашаудың орысша атауы?
8.Тербелмелі-станок качалка қандай сорап тұріне жатады?
1 М Ұ Н А Й
2 Ф О Н Т А Н Д Ы
3 С К В А Ж И Н А
4 Н О Р В Е Г И Я
5 М Ұ Н А Р А
6 К Р О Н Б Л О К
7 Д О Л О Т О
8 Ш Т А Н Г А Л Ы

III.Үй тапсырмаларын бекіту және қорытындылау:
Сонымен біз өткен тақырыптан сораптар жайлы,сонымен қатар тау жыныстары,кронблок жайлы қарастырдық.Олар жайлы толық ақпаратты алып жан-жақты білдік.Олардың қызметін,мақсатын,бір-бірімен байланысын толық түсіндірдік.
IV.Жаңа материалдарды хабарлау: «Бұрғылау шығыры және оның жұмыс істеу принципі.Ұршықтың міндеті мен жалпы құрылымы»
Бұрғылау шығыры (жүк көтеретін шығыр) бұрғы қондырғысының агрегат негізінің бірі болып саналады. Оны бұрғы тіреуішінің түсіру-көтеру үшін қолданады, құбырлардың бекітіп қосуына, қиюын босатуға, жағалата отырғызған тіреуіштерді түсіруге, бұрғы тіреуіштің асылып тұруын және біраз кезеңдерде қозғалтқыштан қуатты роторға өткізуге, жүкті көтеруге.

Жетек арқылы тальдік жүйенің көтеріп-түсіру кешені және қосымша операцияларды орындау үшін арналған құрылғы болып табылады. Лебедка жүйесі негізінен мына бөліктерден тұрады:
-Негізгі барабан жинағы;
-Көмекші тежегіш;
-Барабанға арналған тежегіш
Гидравликалық тежеуіш статор және ротордан тұрады, олардың қуысы сұйықтықпен толтырылады.
Құбыр тіреуіштерін түсіргенде, статор мен ротор арасында, қуысы мен сұйықтықтың деңгейін реттеуге арнаулы тежеуіштің қуысы мен тоңазытқыш арасында, сұйықтықтың көлденеңдік тарауы пайда болады. Сонымен бірге шығырдың барабанында қуаттылықтың бөлшегі тежеуішпен сорылады, құрылуына және кесе көлденең тараудың ағымы бұзылады.
Шығырдың барлық механизмдері сақтандырғыш қалқандармен қамтамасыз етіліп, жабылады.
Шығырдың көтергіш білігі берілісті өзгертетін қораптан айналымды ала отырып, тальдік канатты қозғалысқа келтіретін күштік жетектің айналу қозғалысын тудырады, оның қозғалатын соңы барабанның көтергіш білігіне бекітілген. Жүктелген крюкті көтеру қуатты қолдану арқылы іске асады, яғни ол көтеретін құбырлардың салмақ күшіне тәуелді болады, ал түсіретін кезде құбырлардың өз салмақтары әсерінен скважинаға түсіріледі.
Ол үшін шығырлар көтерілу кезінде қуатты беріп тұратын құрылғымен және тежегіш құрылғымен жабдықталады. Жүктелмеген элеватормен крюкті көтеру кезінде ПӘК-ін көбейту үшін олардың жетектері жоғары жылдамдықта жұмыс жасайды. Жоғары жылдамдықтан төменгі жылдамдыққа ауысуы немесе керісінше, фрикционды оперативті муфта арқылы жүзеге асырылады, яғни бірқалыпты ауысуды және осы операцияға аз уақыттың жұмсалуын қамтамасыз етеді. Әр түрлі салмақтағы тізбектерді көтеру уақытында беріліс қорабындағы жылдамдықтың ауысуы периодты түрде жүзеге асырылып отырады. Қораптағы жылдамдықты оперативті түрде басқарудың қажеті жоқ.
Түсіру жылдамдығына немесе крюкті көтеруге және тальдік жабдықтың тармағына байланысты канат шығыр барабанына әр түрлі жылдамдық бойынша оралады және өріледі.
Тізбекті түсіру жылдамдығы олардың салмағымен , ұзындығымен және скважинаның технологиялық шарттарына байланысты анықталады
Тізбектерді көтеру процесінде канат бүкіл тізбектер салмағының әсері бойынша шығырға оралады, ал түсіру кезінде жиналады.Егер тізбектерді түсіру процесі кезінде кішкене тартылу және жүктелмеген элеваторды көтеру барысында үлкен жылдамдыққа ие болса, онда канат оралады, ал барлық тізбектердің салмақ күштері арқылы жиналады.Бұл канаттың ауыр жағдайда жұмыс жасауына әкеліп соқтырады, әсіресе ол барабанға көп мөлшерде оралған болса, тез істен шығады.
Шығырға берілетін қуат оның пайдалану – техникалық қасиеттерін сипаттайды және ең негізгі параметрі болып табылады.
Бұрғылау шығырының жалғайтын өлшемдері болып:тальдік канат диаметрі; барабан ортасынан ротор білігіне орнатылған жұлдызша центріне дейінгі арақашықтық табылады.
Шығыр барлық құрамына кіретін бөлшектері мен түйіндерімен бірге жалпы бір рамаға монтаждалады және өз алдына бір агрегат болып табылады.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ағашты өңдеу
Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі
Генераторлар. Трансформаторлар. Электр энергиясының алыс қашықтықтарға жеткізілуі.
Болат және шойын түтіктерді біріктіру технологиясын үйрену
Бесікті көркем өңдеудің технологиялық процесі
Цилиндр үлгісіндегі бөлшектің сызбалары
Токарь станогында цилиндр үлгісіндегі, конус үлгісіндегі, фасонды бөлшектерді жону
Математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
«Энергиямен қамту көздері»

Автор Алиакбарова Анар

Қызылорда қаласы,"Болашақ"университет колледжі

Бөлім: Материалы / Авторлық бағдарлама | Көрсетілім: 2946 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар