Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Кәсіпкерлік


Кәсіпкерлік
6 сынып Байсенгирова А.К
Экономика Күні 04.03.2015 жыл Сабақ
Сабақтың тақырыбы Кәсіпкерлік
Мақсаты Кәсіпкерлік туралы түсінік беру. Кәсіпкерліктің түрлері, кәсіпкерге тән қасиеттер туралы, кәсіпкерлік мақсатына жету жолындағы қиыншылықтар мен табыстарға қол жеткізуге болатындығы арқылы оқушыларды алға қойған мақсатқа жетуге тәрбиелеу.
Жұмыс нәтижесі Кәсіпкер, кәсіпкерліктің түрлері жайында жаңа түсініктер қалыптасады, өмірмен байланыстыра біледі.
Сілтеме Қ.Ж. Ағанина, С. Сатыбалдин, Т. Ермекова, Ш. Кененбаева, А. Подмазенко, Ж. Қасымова, Т. Байкенов Экономикалық білім негіздері. Оқулық 2000 ж
Әдістер мен тәсілдер Диалогты оқыту; Сыни оқыту; АКТ-ны қолдану; Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту. тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқуды және оқыту үшін бағалау; Талантты және дарынды балаларды
Ресурстар Постер, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, желім, қайшы, стикер
Сабақтың өтілетін уақыты 45 минут
Сабақ жоспары 1. Ұйымдастыру: топқа бөлу, мақсат қою
2. Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша
3. Рефлексия
4. Үйге тапсырма
Үйге тапсырма 5.1 Кәсіпкерлік
Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Оқушылар 2 топқа бөлінеді.
Сергіту сәті. «Сауда белгісін» қорғайды.
Мұғалім әр тапсырманы теңгемен бағалайды.
Үй тапсырмасын сұрау. Деңгейлік тапсырмалар.
1. 1. Пайданың формуласы қандай? (Т-Ш =П)
2. 2. Пайда неге байланысты? (Шығынға байланысты болады)
3. 3. Пайда дегеніміз не? (табыс пен шығындардың айырмашылығы)
4. 4. Қандай өндіріс шығындарын білесің? (жұмыскерлерге жалақы төлеу, шикізат сатып алады, электр қуатын төлеу керек, аренда, жер учаскесінің төлемін жасау )
5. 5. Егер шығындар табыстан артық болса? .(фирма зиян шегеді)
6. 6. Фирманың басты мақсаты не? (көбірек пайда табу)
7. 7. Пайданы тағы қалай атауға болады? (Таза табыс)
8. 8. Фирмалардың пайдасы әр түрлі болады. Неліктен? (шикізатты арзан бағамен сатып алу есебінен, өндірісті жақсы ұйымдастыру есебінен, жаңа технологияларды пайдалану есебінен)
9. 9. Егер табыстар шығыннан артық болса, онда.... (фирма пайдаға шығады) І топ «Рахат» кондитерлік фабрикасы
Эмблемасы, Ұраны: «Үнемделген уақыт – қалтадағы артылып қалған ақшамен тең»
ІІ топ «Баян сұлу» кондитерлік фабрикасы
Эмблемасы, Ұраны: «Уақыт ақша, ал тиімді жұмсалған уақыт- көп ақша»


«Кәсіпкер» сөзіне кластер
1. Нарықта бәсекеге түседі
2. Кәсіпкерлік қызметпен айналысады
3. Тәуекелден қорықпайды
4. Тәуекелге барады
5. Белсенді ізденісте болады
6. Барлық жауапкершілікті өз мойнына алады
7. Тәуекелділікке бас тігеді
8. Фирмаларды, дүкендерді басқарады
9. Өз ісін ашқан адам
10. Өз ісін ұйымдастырған адам
11. Сауда жасаумен айналысады
12. Заңда тиым салынбаған кез келген қызмет түрлерімен айналысады Оқушылар кластер жасайды



«Банктен несие алу» әдісі. Банктен несиелік карточка арқылы несие алады. Ол үшін сұрақтарға жауап береді.
ҚР Жеке кәсіпкерлік туралы заңы қай жылы шықты? (1992 ж)
1. Кәсіпкерліктің мақсаты не? (Пайда алу)
2. Кез келген адам айналысуға болатын әрекет түрі.
3. (кәсіпкерлік)
4. «Кәсіпкерлік» сөзінің мағынасы не? (іске асыру)
Семантикалық карта.
Жауап
сұрақ Тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндірумен шұғылданады. Мұнда саудамен шұғылда-нады Ақша және құнды қағаздар сатылады және сатып алынады Құқықтық кеңес беру, экономи-калық кеңес беру
Өндірістік кәсіпкерлік
Коммерциялық кәсіпкерлік
Қаржылық кәсіпкерлік
Кеңестік кәсіпкерлік



Кәсіпкерге тән қасиеттер
1. Адалдық, яғни серіктестердің өз ара сенімділігі.
2. Жауапкершілік. Нағыз кәсіпкер өз қылығына ақшасымен, мүлкімен жауапты болады.
3. Сыйластық. Іскерлік қарым-қатынас әдебін сақтау керек.
4. Сабырлылық пен қанағатшылдық. Тиісті шекті сақтау және көре білу, өзінің ырықсыз тілектері мен ұмтылыстарын басқара білу.
5. Мінез-құлық мәдениеті. Іскерлік қарым-қатынастардың ережелерін білу, оны сақтау.
6. Уақытты пайдалана білу. «Уақыт-ақша» деген сөзді бизнесмен өз мәнінде түсінуі керек.
Кәсіпкерге жат қасиеттер
1. Жалқаулық
2. Жауапсыздық
3. Заңға бағынбау
4. Алдау, өтірік айту
5. Басқаның дүниесін иелену
6. Қызғаншақтық
7. Бәсекелесін жоюға ұмтылу
8. Кәсіпкерліктің әдеп ережелерін сақтамайтындар
9. Басқа адамдардың мүддесін ескермеу


Есеп.Табыс, шығын, пайда
І топ
Есептеп, сіздің «Рахат» фирманыз пайда алған, алмағанын анықтаңыз, егер мыналар белгілі болса:
Фирма табысы:
Жалпы табысы -150 000 теңге
Фирма шығыны:
1. Қызметкерлерге жалақы – 70 000
2. Салық төленді 7000 теңге
3. Көлік қызметтеріне жұмсалған шығын -8000 теңге
Фирма табысы:150000
Фирма шығыны:85000
Пайда:65000

ІІ топ
Есептеп, сіздің «Баян сұлу» фирманыз пайда алған, алмағанын анықтаңыз, егер мыналар белгілі болса:
Фирма табысы:
1. Печенье сатылды -15000 тенге
2. Сыйлық үшін алынды 500
3. Сыйлық орамасындағы печенье сатылды -2000 тенге
Сома:17500
Фирма шығыны:
1. Орама материалдары -300 тенге
2. Қызметкер еңбегінің ақысы -5000 тенге
3. Ұн сатып алу -800
4. Май, сүт, қант сатып алу- 1500
5. Электр энергиясы ақысы -500 тенге
6. Бөлмелерді жинау -1000 тенге
7. Сыйлық орамы -300
Сома:
Фирма табысы:12500
Фирма шығыны:9400
Пайда:8100


Жарнама. Кәсіпкерлерлер өз өнімдері туралы жарнамалайды.
Кері байланыс. «Бес саусақ» арқылы оқушылардан мына сұрақтар төңірегінде жауап ала отырып, кері байланыс жасау.
Бас бармақ:
-Не үйрендім?
Балаң үйрек:
-Қандай жетістікке қол жеткіздім?
Ортан терек:
-Көңіл-күйім?
Шылдыр шүмек:
-Неден қиналдым?
Кішкене бөбек:
-Кімге көмектестім? Балалар өз ойларын жинақтап, бүгінгі сабақ барысында алған ішкі сезімдерін, ой-толғаныстарын параққа жазады.
Үйге тапсырма беру. Кәсіпкерлік
Сабаққа қатысқан екі топқа да Мадақтама беріледі.
Семинар сабақта мұғалімдердің қалдырылған ұсыныстары


Күнделікке жазып алады.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Міндеттеменің жекелеген түрлері"
Бизнесті ұйымдастыру нысандары.Дербес иелік.
Экономика және экология
Дамытушы ойыншықтар өндірісі
Рынок не нәрсесіз әрекет ете алмайды? Жеке меншік және бәсеке
Мемлекеттік бюджет.
Серіктестіктер
Экономикадағы тұтынушы
Экономика және экология
Cептіктерді қайталау

Автор Байсенгирова Айнур Курмашевна

ОҚО Шардара ауданы "Сырдария" жалпы орта мектебі

Бөлім: Материалы / Экономикадан ашық сабақтар | Көрсетілім: 9791 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар