Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Домбыра физикасы


Домбыра физикасы
Домбыра физикасы
Уақыты:
Сабақ тақырыбы: Домбыра физикасы
Мақсаты: білімділік: а) тербеліс туралы түсінік беру
ә) серіппе тербелісін графикпен кескіндеу.
б) статикалық тепе-теңдік туралы түсінік
тәрбиелік: ұлттық өнерге баулу, дыбыстың адам өміріндегі маңызын ашу. Домбыраның құрылысымен танысу. Этнопедагогикалық тәрбие беру.
дамытушылық: пәнге деген ынтасымен қабілетін дамыту, білімділік танымдарынөмірмен байланыстыра отырып арттыру.
Сабақ әдісі: түсіндіру, баяндау, демонстрациялау.
Көрнекілік құралдар: домбыра, домбыра схемасы, серіппе жүктер, кодоскоп.
Пән аралық байланыс: тарих, этнопедагогика, қазақ тілі, ән-күй.
Сабақ барысы:
I. Кіріспе. Ертегі –аңыз.
Ертеде бір хан болыпты. Оның жалғыз қызы бар екен. Хан қызын өзі сияқты хан баласын атастырып қояды. Қыз бойжеткенде кедей жігітке ғашық болып, көңіл қосып жүреді екен. Мұны білген хан жігітті дарға астырады. Жігіт өлгенен кейін қыз мезгіліне жетпей бір ұл, бір қыз табады. Ел сөзінен сескенген ханжаман атқа қалмаудың амалын іздеп, қос бүлдіршіннің көзін жоюды астыртын мыстан кемпірге тапсырады. Сәбилерді көз-көрмес құлақ –естімес жерге апарып, биік ағаштың басына қызды шығысқа, ұлды батысқа қаратып іліп кетеді. Нәрестелердің көз жасы тамған ағаш бұтақтары суалып, қуара бастайды. Қос жүрек соғуын тоқтатқанда, бәйтерек те өсуін тоқтатады. Ел ішіндегі өсек-сөз, өтірік өкпеге шыдамаған қыз, егізін іздеп жолға шығады. Бармаған жері, баспаған тауы қалмайды. Қатты шаршап діңкесі қатқан қыз әбден қурап, қабығы түсіп шіруге айналған биік ағаштың түбіне қисая кетеді. Оны бір сүйкімді саз, сиқырлы әуен оятады. Құлақ түріп тыңдаса, “ән салып ” тұрған қасындағы биік ағаштан күмбірлеген үн естіледі. Қыз күндіз егізін іздеп, түнде осы ағаштың түбіне келіп, көңіл жұбатып, тынығып жүреді. Бір күні айналаға көз салмақ болып, басына шығам деп, ағашты құлатып алады. Ағаш жуан түбінен басына дейін қуыс екен. Жіңішке басының екі жағында бұтақтан-бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Бұл қыздың екі баласынан қалған жұрнақ еді. Батыс жағыгдағы ішек бостау, шығыс жағындағы ішек қаттылау тартылыпты. Шертіп көрсе, керемет үн шығады. Қыс байғұс бостау тартылған ішектің үні мұңды шығатындықтан ұлым-Мұңлық, тым зарлы шығатындықтан қызым-Зарлық деп ата-ана қойып, күндіз түні қасынан тастамай күй шығарып, ел кезіп, егізін іздеп кеткен екен.
II. Домбыра құрылысы.
Домбыра 3 бөліктен тұрады. Бас бөлігі, мойыны, шанақ. Басында құлақтары, шайтан тиегі орналасады. Мойын бөлігінде пернелер, шанақта тиек, ойық, ілгек орналасады. Домбыра- әрбір құрылымдық элементтерінің қызметін жалпы физикалық күрделі заңдармен түсіндірілетін ұлттық акустикалық –аспап.
III. Жаңа сабақ
Статистикалық тепе-теңдік.
А) Домбыра төрде ілулі тұрғанда немесе шертпей жай ғана қолымызға алғанда барлық бөліктері өзара тепе-теңдікте тұрады.
а-табалдырық тиектің биіктігі
в-шайтан тиектің биіктігі
а1, а2- домбыра бойы мен ішектің арасындағы бұрыш.
L1-табалдырық тиектен домбыра түбіне дейінгі қашықтық.
L2- шайтан тиектен домбыра түбіне дейінгі қашықтық,
L-домбыра ұзындығы.

Егер домбыра ішегін қолымызбен шертсек белгілі бір үн естиміз.
1. Тепе-теңдікте тұрған ішекті шертіп тербеліс тудырдық.
2. Ішектің тербелісі ауа арқылы, біздің құлағымызға жетеді.
3. Біздің көзімізге көрінбегенімен домбыраның беттік тақтайы да күрделі тербеліске ұшырайды.
Дыбыс ауада таралып тербеліс тудырады. Дыбыстардың осындай ауытқуы дифракция деп аталады. Міне осындай қарапайым құбылыстар арқылы домбыра тербелісін түсіндіруге болады.
IV. Қосымша материалдар (есептер шығару).
1. Жиілігі 05Гц, амплитудасы 80 см болатын гармониялық тербеліс теңдеуін жаз.
2. Амплитудасы 5см, преиоды 0,5с болатын тербеліс теңдеуін жаз.
3. Домбырадан төгілге күй неге құлаққа жетеді?
4. Алыста жүрген адамды шақырғанда дауыс күшейю үшін қандай амал істеу керек?
5. Домбыра туралы басқа қандай аңыздар білесіңдер?
6. Тоғыз перненің тағылу себебі неде?
V. Оқушыларға домбырамен 1-2 күй ойнату.
VI. Оқушыларды бағалау.
VII. Үй тапсырмасын беру
VIII. Сабақты бағалау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақтың ұлт аспабы домбырамен таныстыру.
"Домбыра халық даналығы"
Қазағымның қазынасы-домбыра
Физика және музыка
Домбыра аспабы
Оқушының орындықта дұрыс отыруы
Түбір мен қосымша 2 сынып
Түбір мен қосымша
Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары
Ұлттық нақышта берілген есептер

Автор Коныратова Нургиза Бабагалиевна

ЖББОМ №18

Бөлім: Материалы / Физикадан ашық сабақтар | Көрсетілім: 2510 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар