Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тұрақты сөз тіркестерінің өзіндік ерекшеліктері


Тұрақты сөз тіркестерінің өзіндік ерекшеліктері
Назира Қойлыбекова
Қарағанды облысы
Теміртау қаласы
№2 жалпы білім беретін
орта мектебінің мұғалімі

Тұрақты сөз тіркестерінің өзіндік ерекшеліктері
(5-сынып)

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: тұрақты сөз тіркестерінен алған білімдерін тереңдету.
ә) Тәрбиелік: сөз құдіретін терең түсініп, орынды қолдана білуге, шапшаңдыққа, іскерлікке тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: өз беттерінше салыстыру, қорытынды жасауға үйрету, оқушылардың дағды машығын, таным белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі: танымдық әрі жарыс сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жарыс, әр түрлі ойын түрлері, суретпен жұмыс, мәтін құрастыру.
Сабақтың көрнекілігі: тұрақты тіркестерге арналған сызбалар, тақырыпты ашуға арнап салынған сурет (адамның бейнесі, жан-жануарлардың суреті).
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Сынып оқушыларын ұйымдастырып, сабаққа бейімдеу т.б.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
1. Лексика нені зерттейді?
2. Тұрақты тіркестер дегеніміз не?
3. Мысалдар келтіру
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тұрақты сөз тіркестері тұтасып барып бір ғана мағынаны білдіреді. Олардың сыңарларының орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға келмейді. Бір ғана сұраққа жауап беріп, сөйлемде бір ғана сөйлем мүшесі қызметін атқарады.
1. Еркін тіркестерді және тұрақты сөз тіркестерін ажырат:

Азу тіс
Арнаулы мектеп
Қас адам
Қол ұшын берді
Жаны қас
Тіс жармады

2. 121 – жаттығу (ауызша, кітаппен жұмыс)
Жаттығудан тұрақты сөз тіркестерін табу.
3. Тұрақты сөз тіркестерінің синонимдік қатарын тап:

Басы қату –
Аяғына бас ұру –
Көз қырын салу –
Аты шулы –
Зәресі ұшу –
Су жүрек -


4. Тұрақты сөз тіркестерінің антонимдік қатарын тап:

Көзін алмау-
Аты жер жарды-
Жұлдызы жарасқан-
Жаны құмар-
Еңбегі жану-
Айы оңынан туды-
5. 122 – жаттығу. Берілген сөздердің тұрақты тіркес түріндегі синонимдері мен антонимдерін жазыңдар.
Алыс, сөзшең, жуас, кір, жас
6. Суретпен жұмыс. Адамның бет-әлпеті, мұрны, аузы, маңдайы, тілі, тісі т.б. қатысына қарай тілімізде қалыптасқан тұрақты тіркестер ойлау.

Бетінен оты шықты, беті бүлк етпеді, бетің бар, жүзің бар демейді
Көздің жауын алады, көзді ашып-жұмғанша, көзінің жасы көл болды
Мұрнына су жетпейді
Тілі мірдің оғындай
Тісінен шығармады
Кірпігіне мұз қатқан т.б.
7. Төрт түлік мал туралы.
Қой Жылқы Түйе
Қой үстіне... Тайлы-таяғымен Түйені түгімен жұтқа
Қой аузы... Ат шаптырым
Қой мінезді Ат төбеліндей ғана
Тайға таңба...


Аппақ қана сүті бар,
Шағаладай құрты бар,
Шопаната баласы
Қойлар бассын үйіңді!
Қойлар басса үйіңді,
Қоймай бассын үйіңді!
Ұзара берсін желісі,
Кеңи берсін өрісі...
Қамбарата баласы,
Жылқы бассын үйіңді!
Жылқы басса үйіңді,
Жимай бассын үйіңді!

«Шөк!» дегенде, «бық» деген,
Шешіп үйін жүктеген,
Ойсылқара баласы,
Түйе бассын үйіңді!
Түйе басса үйіңді,
Кие бассын үйіңді!
ІҮ. Пысықтау.
Түрақты тіркестер даяр қалпында жұмсалады, олар ойды көркемдеп, әсерлі жеткізудің құралы.
Ү. Қорытынды.
Бір ғана сұраққа Бір ғана сөйлем мүшесі
жауап береді болады

Тұрақты сөз тіркестері

Орындарын ауыстыруға болмайды Ойды көркемдеп, әсерлі
жеткізудің құралы
ҮІ. Үйге тапсырма.
124 – жаттығу
ҮІІ. Бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестің ерекшелігі
Сөз тіркесі, күрделі сөз, тұрақты тіркес
Тұрақты сөз тіркестері
Тұрақты тіркес
Тұрақты тіркестер
Фразеологиялық тіркестер
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркес

Автор Қойлыбекова Назира Демесовна

№ 2 ЖББОМ КММ, Қарағанды облысы Теміртау қаласы

Бөлім: Материалы / Қазақ тілінен ашық сабақтар | Көрсетілім: 5735 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар