Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
Загрузка...
Загрузка...
» » Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

12-03-2015, 05:26
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Загрузка...
Сагабаева Зауре Нурмашовна Бөдеті орта мектебі.
Коучинг – сессия жоспары
Тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Мақсаты: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту үшін жұмыстар жүргізу арқылы ойлау арқылы ойлануға жетелеу.
Күтілетін нәтиже:
1. Әрбір мұғалім жеке қажеттіліктерімен байланысты кедергілерді шешуде кеңес беру әдістемесі бойынша білім алады.
2. Топпен бірлесе отырып берілген тақырып бойынша пікір алмасады, ынтымақтастық атмосфера қалыптасады.
3. Сын тұрғысынан ойлауды оқу үрдісінде қолдануға қол жеткізеді.
Негізгі түйінді идеялар: Мұғалімнен оқушының не үйренгені туралы сын тұрғыдан ойлауына қол жеткізу.
Бүгінгі күнде оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс – тәсілдерін іздестіріп, жаңа технологияларды бірі тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Сондай жаңа технологиялардың бірі – «Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту».
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл технологияның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұрады, яғни оқу мен үйренуге арналған құрылым.
1. Қызығушылықты ояту сатысы.
Білгенін еске түсіреді, мазмұнын түсінуге талаптанады, белсенділігі артады, ми қыртысы іске қосылады.
2. Мағынаны тани білу сатысы.
Жаңа идеяны қабылдайды, ескі мен жаңаны ұштастырады, ойлау қабілетін кеңейтеді, не түсінгенін анықтайды.
3. Ой – толғаныс сатысы.
Үйренгенін қабылдайды , іштей ойлануға үйренеді, ой алмасады. Белсенді түрде өз біліміннақтылау жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі қандай дейтін болсақ, ол оқыту барысында оқушыларға серік болып, бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап, өз ойын , ақылын көрсете сөйлеуге қолдау көрсетіп отырады.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт.
1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.
2. Оқушыларға ойланып – толғануға , ойын ашық айтуға рұқсат беру.
3. Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
4. Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс – әрекетін қолдау.
5. Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау.
6. Оқушылардың бір – бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.
7. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Оқушылар осыған байланысты сенімділікпен жұмыс жасайды, бар ынтасымен оқуға беріледі, пікірлерді тыңдап , құрметтеуді , өз пікірін ашық білдіруге дағдыланады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын таныстыру мұғалімдерді топқа бөлуден басталды.Мұғалімдер үстел үстіндегі кез – келген суретті таңдап, сол суреттегі гүлдер бойынша белгіленген 4 – топқа бөлінді.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының 1 – сатысы «Қызығушылықты ояту. Ой қозғау» бойынша ұстаздарға «Біздің қиялымыздағы Қазақстан» тақырыбында сурет салу тапсырылды. Бұл кезеңде «ой қозғау», «топтау», «болжау», «әлемді шарлау» стратегиялары өте ұтымды жүрді.
2 – кезең «мағынаны тани білу». Бұл кезеңді «бес жолды өлең» стратегиясын негізге ала отырып әр топқа екі тармақты өлең жолдары беріліп, өлеңді жалғастырып шығару тапсырылды. Бұл кезеңде топпен жұмыс қыза түсті. Ізденіс, ойлану шығармашылық ұштасып жатты.
3 – кезең «ой толғаныс» сатысы таныстырылып, «Венн диаграмасын» пайдаланып берілген сурет бойынша қазіргі және бұрынғы заманды салыстыру тапсырылды. Бұл кезеңде ұстаздар арасында қызу пікірлер туындады.
Соңғы қортындыға келгенде әр топ өз жұмыстарын таныстырды. Топтар арасында «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау жүргізілді.
Загрузка...

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сын тұрғысынан ойлау. Oқушы әрекетін белсендіруге негізделген технология
Оқытудың жаңа технологияларының білім беру сапасын көтерудегі рөлі
Сын тұрғысынан ойлау технологиясымен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Сын тұрғысынан ойлау технологиясымен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бағдарламаның сыни тұрғыдан ойлауды үйрету модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивті есеп.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту бағдарламасын пайдалану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының қолдану тиімділігі
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың өз бетімен білім алу қабілеттерін дамыту
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі» Теориялық бөлім “Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мазмұны” Интерактивтік

АвторСагабаева Зауре Нұрмашқызы

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Кепебұлақ ауылы Бөдеті мектебінде бастауыш сынып мұғалімі

Бөлім: Материалы / Коучинг жоспарлары | Көрсетілім: 4359 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Загрузка...
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Загрузка...