Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » "Сәнді оюлар"


"Сәнді оюлар"
Тақырыбы: «Сәнді оюлар».
Мақсаты:Оюдың түрлері, шығу тарихы туралы әңгімелеу, ою – өрнек туралы түсініктерін жетілдіру, оның түрлерімен таныстыру, сол арқылы балаларды еңбекке баули отырып, іскерлік дағдыларын меңгерту, көркемдік талғамы қазақ өнеріне деген сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу.
Алдын – ала жүргізілетін жұмыстар: Сыйлық дүкеніне саяхат балалар ұлттық бұйымдар мен жақын танысады мұражай қызметкерлерінің қатысуымен балаларға халық өмірі тұрмысы, өнер байлығы жайында қызықты әсерлі әңгіме айтылады. Сөздік жұмыстар: қошқар мүйіз, сыңар мүйіз арқар мүйіз, түйе табан т.б.
Билингвалды компанент: ою - өрнек - орнаменты.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Сырмақты, ыдыс-аяқтарды, ұлттық ою - өрнектемен әшекейлеу, мағналы ою элементтерінен әдемі өрнектерді құрастыра білуге үйренеді.
Игереді: Ою-өрнектің қарапайым атауларын ажырата алады.
Меңгереді:Түстердің үйлесімділіктеріне қарай отырып, пішінін,көлеміне және жазықты орналастыра білу.

Іс–әрекет кезендері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қызығушылық.

Ұйымдастырушылық – ізденістік.

Сәлемдесу, сәлеметсіздер ме, қонақтармен амандасу
Тәрбиеші:Балалар
Біз неге ұқсап тұрмыз.
Балалар: Біз күнге, допқа, шенберге ұқсап тұрмыз.
Тәрбиеші: Кәне, балалар қолдарымыздан ұстайықшы, алақандарыңан нені сезіп тұрсындар.
Балалар: Жылулықты.
Тәрбиеші: ендеше жақсы тілектерімізді айтайықшы

Тәрбиеші: Дұрыс, өте жақсы.
Балалар, бүгін біз сабағымызды ерекше түрде өткіземіз. Қазір біз сендермен ұлттық бұйымдар бұрышына саяхатқа барамыз. Балалар, қарандар, ұлттық бұрышында қандай заттар бар екен?

Дұрыс. Балалар әр заттарда мысалы кеселер, аққұман, торсық, табақша әдемі безендіріліпті.
Сеңдер осы заттардан не байқадындар?
Балалар, қазір мен сеңдерге слайд бойынша «Сырмақ шерткен сыр» атты ертегі айтып берейін. Ертегінің мәтіні бойынша сұрақтар қойылады.
Иә балалар, ою – өрнекті күнделікті өмірде біз пайдаланамыз.
Оюлар бізге атадан балаға, ұрпақтан – ұрпаққа тарап жалғасып келеді.
Бабалардан қалған өнер, қазына байлықтын бірі ою – өрнек.
Оларды жоғалтпай үйреніп әрі қарай дамыту біздін міндетіміз.
Ертеде халқымыз тұтынған нәрселердің бәрін оюмен әшекейлеп безендірген.
Балалар қандай заттарды білесіндер оюмен әшекейленген?
Балалар осы аталған заттардағы оюлардың бәрі өнерлі шебер адамдардың қолынан щыққан , ою – өрнекпен әшекейленген. Ою бір нәрсенін пішінін білдіреді, қандай өрнекті болмасын адам баласы өзін қоршаған дүниеден алады. Әр оюдын өзіндік сыры бар.
Мен сендерге қазір сиқырлы қоржыннан сұрақтар алып қоямын, сендер жауап бересіндер.
Тәрбиеші: Жан – жануарлар дүниесіне қатысты оюларды атандар?
Аңның дене мүшелеріне байланысты ою – өрнек.
Жер, су, өсімдік бейнелі ою – өрнекті білесіндерме?
Тәрбиеші: Балалар, өнер туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?
Ою – өрнек туралы қандай тақпақтар білесіндер?

Бой сергіту жаттығуы

Балалар қазір біз екі топқа бөлінеміз, 1 – ші топ – ұжымдық жұмыс, сырмақты ою – өрнектермен әшекелейміз.
2 – ші топ – ыдыс-аяқтарға қайнар, гүл, құс қанаты ою – өрнектерімен жапсырамыз. Сергіту сағаты.
Бір-біріне жылы тілек
лебіздерін айтады

- Аспанымыз ашық болсын!
- Еліміз аман болсын!
- Жеріміз көркейе берсін!
- Қаламыз гүлдене берсін!
- Деңсаулығымыз мықты болсын!
- Бәріміз дос, тату болайық!

Балалардың жауабы

Балалар ұлттық бұйымдар бұрышына саяхатқабарады

Балалардың жауабы

Қойылған сұрақтарға балалар жауап береді

Балалардың жауабы

«Сырмақ шерткен сыр» атты ертегіні көріп, тыңдайды. Қойылған сұрақтарға жауап береді.

Балалар ертегіні қызыға тыңдайды
қойылған сұрақтарға жауап береді.

Балалардың жауабы

Төсеніштер, кілем, киіз, алаша, сырмақ.

Шапан, тақия,сәукеле, кимешек.

Сақина, білездік, сырға, шашбау.

Дидактикалық ойын «Сиқырлы қожын»

Балалардың жауабы.

1 .Ботакөз, қошқар мүйіз, түйе табан, ботамойын.

2.Арқар мүйіз, бұғы мүйіз.
3.Қайнар,толқын, су, қызғалдақ бүршік.

Бұл оюлар текемет, алашада, ыдыс - аяқтарда қолданылады.

Өнерлі өрге жүзеді.
Өнерді үйрен де жирен.
Өнерлі бала сүйкімді.
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолында.
Өсер халықтын қанаты оның өнері.
Өнерлі елден өнерлі ұл – қыз шығады.

Қол таңбасың әжемнін анық көрдім.
Бұл естінің сырына қанық болып.
Өнерімен өзгелерді тамсандырған.
Қошқар мүйіз өрнегін мен саламын.

Ою - өрнек дегенде ою – өрнек көріп жүрміз күнде біз Алашада, киімдерде, киіз үйде ою – өрнек.
Бүгінгі күн жоғалмай ұрпақтарға жалғасуда ою – өрнек.

Көкке қолын созады
Көкке бойын созады
Кең құшағын ашады
Көлеңкесін тосады
Жасыл мәулім қарағай
Мейірімді анамдай.

Балалар берілген тапсырманы орындауға кіріседі.

Ою – өрнек әлемі.
Рефлексикалық – түзетушілік. Ұйымдастыру кезенің қорытындылау: Сабақ несімен ұнады. Қайда бардық?
Нелер көрдік?
- Балалар, біз бүгін сендермен не жасадық.
Балалар сендерге көп рахмет сабаққа жақсы қатыстыңдар.
Қазақ халқынын ұлттық ойыны «Асау мәстек»


Екібастұз қаласы
№3 «Гнездышко» балабақшасы
Тәрбиеші: Г.М.Табулдинова
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Әжемнің көрпешесі
Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.
Ұлттық ою-өрнектер
Ою-өрнек түрлерімен таныстыру
Өрнек әжеде қонақта
Ою-өрнектер ою әдісі
«Шеберлер еліне саяхат»
«Оюлар әлемінде»
«Қошқар мүйіз» оюы
«Қыс қызығы».

Автор Табулдинова Гаухар Муксыновна

№3 "Гнездышко" балабақшасы

Бөлім: Материалы / Мектептен тыс мекемелер | Көрсетілім: 3453 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар