Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өмірдің қызығы -мінез бен тәрбиеге байланысты


Өмірдің қызығы -мінез бен тәрбиеге байланысты
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы,
Мұратсай ауылы, А.Құсайынов атындағы орта
жалпы білім беретін мектеп-балабақшасының
мектеп психологі Саламатова Гүлдана Қайырболатқызы

Тренинг тақырыбы: «Өмірдің қызығы - мінез бен тәрбиеге байланысты»
Тренинг мақсаты: Оқушыларға өмірдің қызығы адамның өзіне байланысты екенін түсіндіру.Мінезі, алған, көрген тәрбиесі жақсы болса, болашақ өмірі де жарқын болатынын бойларына дарыту. «Бақыт», қуаныш, сүйіспеншілік құндылықтарының мағынасын мінез бен тәрбиеге байланысты болатынын ұғындыру. Өз бойларына осы құндылықтарды дарыта білуге үйрету.
Тренинг: «Жаңбыр». Балалар сендер шыныққан сайын таңғажайып әлеміне жан біте бастады.
1. Жылы жаңбыр да жауды. (екі қол артта, кезек-кезек алдыға созу).
2. Жаңбырдан соң, әдемі кемпірқосақ та көрінеді (екі қолды қанатша екі жақта ұстап, иіліп бір қолды бір қолға жеткізу).
3. Жылы жаңбырға жуынып, өсімдіктер де жапырақтарын күнге жая бастады. (Аяқты артқа созып қолды жоғары көтеріп, денені жоғары созу).
4. Ал құстар қанаттарын қағып, ұшуға дайындалып жатыр. (Қолды қанатша қағып, отырып-тұру).
5. Жан-жануарлар да ояна бастады.(Жерге тіземен тұрып аяқтарын созу).
6. Көбелектер де ұшуға дайындалып жатыр. (Лотос қимылы)
«Жұбын тап.Адам - мінезімен сұлу».
Дөрекілік Әдепті
Ашуланшақ Шыдамды
Ұстамсыз Қарапайым
Өзімшіл Сабырлы
Әдепсіз Көпшіл
Тәкәпарлық Сыпайы
Слайд:
Өмірдің өкінбейтін бар айласы ,
Ол айла қиянатсыз ой тазасы.
Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек,
Таза жүрек, тату дос – сол шарасы.
Шәкәрім Құдайберді
Жақсы мінез, жарқын жүрек, парасат,
Һам, денсаулық, әркімге де жарасады.
Алла кімге бұл төртеуін сыйласа,
Ол өмірден табар мәңгі рахат.
Рудаки
Әңгімелесу. «Достығың ұзағынан болсын десең..»
Екі дос шөл далада жолаушылап келе жатады. Бір кезде сөзден сөз шығып, екеуі тартысып қалады. Біреуі ашуға қатты булығып, екіншісін қойып қалады. Досының ұрғаны жанына қатты батады, бірақ ләм-мим демей құмға былай деп жазып қояды: «Бүгін мені жан досым ұрды!».Екеуі көкорай шалғын жерге келгенше тоқтамай жүріп отырады. Суды сол жерден ішерміз деп келісіп алады. Бір кезде досынан таяқ жеген батпаққа аяғы кіріп шыға алмай қиналады. Тіпті тұншығуға айналып, демі тарыла бастағанда, досы кұтқарып қалады. Батпақтан кұтылғаннан кейін, тастың үстіне ойып тұрып: «Бүгін мені жан досым, өлім аузынан құтқарып қалды», – деп жазады.
Оның бұл жазуына таңырқаған жолдасы:– Ұрған кезімде құмға жаздың, ал енді не үшін тасқа жазып жатырсың? – деп сұрайды. Сонда досы:–Біреу бізге жамандық жасаса, оны құмға жазғанымыз дұрыс, кешірім самалы оны өшіріп кетсін. Ал біреу жақсылық жасаса, оны тасқа ойып жазайық, оны ешқандай жел өшіре алмасын!..
Релаксация. «Менің жан –дүниемнің шуағы».
Психологиялық тест. Тамақ және мінез.
• Тәттіге әуес адамдар — мақсат-мүддесі айқын адамдар. Олардың милары ақаусыз жұмыс істейді.
• Етті өте көп жейтіндер мейірімсіздер деп есептеледі. Олар өз мақсаттарына жету үшін неден болса да тайынбайды. Отбасында мазасыз,
• Ұннан дайындалған тағамдарды ұнататындар — жұрттың әрекеттерін талқылап отыруға бейім. Жұмыс орнын көп өзгертеді. Отбасында момақан, үйдегілердің айтып жатқан сын-ескертпелерін жүре тыңдайды.
• Экзотикалық жемістерді, ащы тұздықтар мен дәмдеуіштерді ұнататындар — ақылсыз, ұшқалақ, кірпияз. Өтірікке бейім келеді. Сын көтермейді, өкпешіл, фантастикалық кітаптар оқиды, саяхатшыл. Ақшаны жақсы табады, бірақ ұқсата алмайды. Сонымен қатар жақсы дос та, жақсы басшы да бола алмайды.
• Картопты жақсы жейтіндер — жалқаулар. Бірақ қолға алған істері өнімді. Кітапқұмар болады.
• Тамақ талғамайтындар жан-жақты келеді. Олар — еңбекқор. Балаларын да солай тәрбиелейді. Ұзақ өмір сүреді, ауырса тез жазылып кетеді.

Жаттығу. Бәріміз –бірге:
Дәл бүгін мен бақыттымын!
Дәл бүгін мен өміріме ризамын!
Дәл бүгін мен жаттығулар жасаймын!
Дәл бүгін мен дұрыс тамақтанамын!
Дәл бүгін мен пайдалы нәрсе оқимын!
Дәл бүгін мен жанұямды қорғаймын!
Дәл бүгін мен бәріңе жақсылық тілеймін!
Дәл бүгін мен қорықпаймын!
Дәл бүгін мен өмірді сүйемін!

Қорытынды. (Психолог қорытындылайды).
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Үш арсыз
Өмір қымбат адамға
Есті күшік
Баскетбол әдістемелерін меңгеру
Тепе – теңдікті сақтау.
Гимнастика
Спорт ойындары бөлімі (баскетбол)
Баскетбол ойыны : допты жерге соғып алып жүру.
Баскетбол ойыны : допты жерге соғып алып жүру.
Волейбол. Допты төменнен беру әдісі

Автор Cаламатова Гулдана Каирболатовна

БҚО Бөкей орда ауданы, Мұратсай ауылы, А.Құсайынов атындағы ОЖББМБ

Бөлім: Материалы / Психологиядан ашық сабақтар | Көрсетілім: 3288 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар