Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » "Аты алтынмен апталып тарихқа енген, қазақтың тұңғыш ғарышкері атында мектебім!"


"Аты алтынмен апталып тарихқа енген, қазақтың тұңғыш ғарышкері атында мектебім!"
ОҚО,Мақтарал ауданы
"Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі"
7 сынып жетекшісі,тарих пәні мұғалімі
Алибекова Тәрбие Қантұранқызы

Ашық тәрбие сағаты: "Аты алтынмен апталып тарихқа енген,
қазақтың тұңғыш ғарышкері атында мектебім!"

Сабақ мақсаты:
Білімділік: Қазақстанның тұңғыш ғарышкері,Кеңес Одағының ақырғы (72-ші) ғарышкері,Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға,отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласқан Тоқтар Аубакировтің өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған ортасы,қызмет еткен орындары туралы рухани білім беру.Қазақ ғарыш мектебінің негізін салушы екеніне көздерін жеткізу.
Дамытушылық: Т.Аубакировтың өнегелі өмір жолы мен ерлігін насихаттау арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Өмірде кездескен қиындықтарды жеңіп,өзі армандаған мамандығына жеткен азамат ретінде шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту,үлгі алуға,құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар көрсету,суреттер.
Барысы: І.Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Эпиграф: «Біз болашағымызды ғарышпен тікелей байланыстырып отырған елміз. Білесің бе,Байқоңырдан осынау отыз жылдың ішінде ғарышқа кімдер ұшпады? Ал сол жердің иесі — қазақтар, біздің ғарышкерлер қашан шығады деп армандаумен келеді. Өзіңді туған сол халықтың, егеменді Қазақстанның арманын орындаудан неге бас тартпақсың?! Оның үстіне сен барлық жағынан дайын тұрсың... Керек десе, Кеңес Одағының Батырысың!.. Қалай да осы қазір ұшуға тиіссің!» Н.Ә.Назарбаев.
1-оқушы: Тоқтар Оңғарбайұлы Аубакиров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1-ші Май ауылында дүниеге келді.Ол кез соғыс жаңа бітіп, батырлықты, ерлікті уағыздаған уақыт болатын. Әкесі Оңғарбай мен шешесі Қамия көзге көрініп, көз жұмған 9 ұлдан кейінгі перзентіне «енді осы жаманымыз аман болсыншы» деген ниетпен азан шақырып, Тоқтар есімін беріпті. Ата-анасы ерте дүние салды. Кішкентайынан ата-анасынан айырылғаннан ба, Тоқтар бұйығы, оқшау өсті. Ол апасы Бикен мен жездесі Нығметтің тәрбиесінде болды.
2-оқушы:Қанатым! Қарағайым! Өзің едің!
Бір қуаныш, шаттықты сезінемін:
Ұшқыш болсаң, жәйлап ұш, тек ақырын,
Сонда тыныш көз ілемін.

Анасының тілегі аппақ еді,
Пейілі сары май мен мақта еді.
Қарқаралы топырағы тебіреніп,
Ұлына «Ақ жол» тілеп жатқан еді...
3-оқушы: 1962-1965 жж. Теміртау құйма механикалық зауытында токарь болды. Есімі облыстық Құрмет кітабына алтын әріппен жазылды.
1965 жылы Қарағанды облыстық комсомол комитетінің жолдамасымен РСФСР-дың Краснодар өлкесіндегі Армавир қаласындағы ұшқыштар даярлайтын жоғары әскери училищеге жол тартқан. Бұдан кейінгі өсу, ержету кезінде зеңгір аспанда «МиГ»ұшағымен мінсіз ұшу, жаппай тұрмай жаттығу, тәжірибе жинақтау міндеті едәуір уақытын алған.1965—1969 жылдары — Армавир Әуе қорғанысы ұшқыштарының жоғары әскери оқу орнында оқыды, ұшқыш- инженер.
4-оқушы: 1969 жылы КСРО Әскери әуе күштерінде.
Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін бітірген (1969 ж). 1969-1975 жж. Кеңес Одағы әскери-әуе күштерінің Қиыр шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилия командирінің орынбасары. 1976 жылы А.И.Микоян атындағы авиаконструкторлар бюросына қызметке қабылданып, ғұмырының ең қиын сәттерін бастан кешірді. Бұл тұста Тоқтар үшін өмір мен өлім ылғи қатар беттесіп отырыпты.
5-оқушы: 1976 Авиация өнеркәсібі миниистрлігінің сынаушы ұшқыш мектебі, сынаушы ұшқыш.
Мәскеу ұшқыш сынақшылар мектебін (1976 ж.), Мәскеу авиация институтын бітірген (1979 ж.). Мәскеудегі А.И. Микоян атындағы Тәжірибелік-конcтрукторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы. Т.Аубакиров 1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет әуеде қонбай ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы Солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады. 1989 жылы бірінші болып авиатасушы крейсердің алаңқайшасына «МиГ-29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды. Сондай-ақ, ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды.
6-оқушы: Арман қуып жасынан,
Көктен көзін алмаған
Ұшқыш болды жас ұлан,
Аспанда еркін сакмғаған.
Бабасынадай асауға
Салған құрық –бұғалық.
Ұшақтарды сынауға
Артқан еді құмарлық.
Самғап ұшу аспанда
Қауіпті еді, қатал-ды.
Ерлігі елден асқанда,
Ол ғарышкер атанды.
Талай істе ғажап, тың,
Туған ұлы қазақтың ,
Тұңғыш ұшты ғарышқа.
7-оқушы: 1991 жылы 2-ші сәуірде Кеңес Одағының Ғарышкерлер дайындау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозольдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспанды астрофизикалық бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті.Аубакиров 1991 жылдың 10 қазанында Жерге оралды. 1991 жылы қазанның 2-інде Тоқтар Аубакиров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибөк, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді. 1991 жылы қазанның 10-ында Тоқтар Аубакиров, Анатолий Арцебарский, аустрия ғарышкері Франц Фибөк «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.
Тоқтар Аубакиров — Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының ақырғы (72-ші) ғарышкері.
8-оқушы: Марапаттары
Қазақстанның:
* «Халық Қаһарманы» атағы
* «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы
* «Отан» ордені (1995)
8-оқушы: Кеңес Одағының:
* «Знак Почета» (Құрмет Белгісі) ордені (1987)
* «Герой Советского Союза» (Кеңес одағының батыры) атағы (1988),
* «Золотая Звезда» (Алтын Жұлдыз) медалі (1988)
* «Ленин» ордені (1988),
* «Заслуженный Летчик-испытатель СССР» (КСРО-ға еңбек сіңірген сынақшы ұшқыш) (1990)
* «Летчик-космонавт СССР» (КСРО ғарышкер-ұшқышы) (1991)
* «Октябрьская революция» (Қазан төңкерісі) ордені (1991)
Ресейдің:
* «Золотая Звезда» (Алтын Жұлдыз) медалі (1995)
Аустрия Республикасының:
* «Алтын Крест» ордені 1988)
* «Алтын Крест» ордені (1993)
9-оқушы: Т.Аубакиров Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.
Ол 1992-1993 жж. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-ші орынбасары. 1993-1994 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Аэроғарыштық агенттігінің бас директоры, Ғылым және жаңа технолгия министрінің орынбасары, 1994-1995 жж. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты – Қорғаныс және қауіпсіздіқ комитетінің төрағасы болды.
10-оқушы: Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған.1996 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2001 жылы №44 Қызылорда сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісіне депутат болып сайланды. Қызылорда қаласының құрметті азаматы.
11-оқушы: Тоқтар Аубакиров 45 жасында ғарышкер атанды. Ал, Кеңес Одағының батыры деген жоғарғы атақты 1988 жылы алды. Онда оған бұл биік мәртебе, зор қуаныш дыбыстан да шапшаң ұшатын, мүлде жаңадан жасалған, әлі сынақтан жөнді өтпеген, тағдыры беймәлім «МиГ» ұшақтарын сынауды және оларды кеме палубасына қондырып, одан ұшып шығуды қамтамасыз еткені үшін беріліп еді. А.И.Микоян атындағы авиаконструкторлар бюросының бір құжатында бұрынғы Одақтың 26 сынақшы-ұшқышы болғандардың ішіне Қазақстаннан жалғыз Тоқтар Аубакиров қана ілігіпті. Солардың 9-і сынақ кезінде апатқа ұшырап, қаза тапқан. Ал, қалғандары батыр атағына ие болған.Тоқтар аға солардың бірі болыпты.
12-оқушы: Ақ аспан Ай, Күнменен сырласады,
Жер қойнынан қобыз үн тыңдасады.
Ғарыштан ән оздырған ғажайып бір
Тоқтардың Талғат сынды ізбасары.

Бабамның құмда қалған тұмары бар,
Боздала Байқоңырдай тұрағы бар.
Білесің бе?!
Қазақ Елі қандай ғажап
Көк туында самғайтын қыраны бар!

Қорытынды:
Ғарышпен қазақ болып табысты елім,
Мойындатып ғаламшардың алыс, төрін.
Қазақтың көрегенді Нұрсұлтаны
Ұшырды тұңғыш қазақ ғарышкерін.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Балалар Энциклопедиясы, II- том
2. "Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы "Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы
3. Қазақ энциклопедиясы
4.Интернет сайт материалдары.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақ ғарышкерлері :Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев
Тәуелсіздік белестері.
Сөйлем. Ғарышқа ұшу
Ғарышкері қазақтың
Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН
Кең-байтақ Қазақстаным
Ғарыш және Қазақстан
Байқоңырдан –ғарышқа, Қанат қағып шарықта
Тұңғыш Президент

Автор Алибекова Тарбия Кантургановна

ОҚО,Мақтарал ауданы,"Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп"

Бөлім: Материалы / Тәрбие сағаты | Көрсетілім: 3562 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар