Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Өнерлі өрге –жүзер»


«Өнерлі өрге –жүзер»
Байзақ ауданы ,Түймекент ауылы
Түймекент орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі:
Джумадилова Зура Адилхановна

Тақырыбы: «Өнерлі өрге –жүзер»
Мақсаты: оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
І-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар және де осы мектептің оқушылары! Бүгін сіздер мектебіміздің «Өнерлі өрге –жүзер» атты даму пәндері бірлестігінің қорытынды кешін тамашалауға келіп отырсыздар. Қош келдіңіздер.
ІІ-жүргізуші: Бүгінгі қорытынды кешімізде ойын , достық, сұрақ – жауап түрінде өтеді. Кешіміздің басты мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілетін, шеберлігін дамыту
І жүргізуші: Армысыздар ағайын,құрбы-құрдас!
Бармысыздар жан күйер,әр қауымдас!
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғайық! дей келе сайысты бастауға рұқсат етіңіздер
Ән. ---------------------------------------------әнін қабыл алыңыздар.

ІІ жүргізуші: Біздерде ойын-сауық басталады,
Тамаша күй тартылып,ән салады.
Қошеметтеп,қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды, -дей келе келесі кезекті «Сағат ойыны» әр оқушыға сағаттың суреті салынған бір парақтан беріледі, сол сағаттың әр санына оқушылардың аты жазылады, оқушылар сандардың қасында жазылған тапсырманы орындау керек.
1. Еңбекке байланысты мақал -мәтел айтып бер.
2. Наурыз көженің құрамында қандай дәнді – дақылдар бар айтып бер.
3. Мода көрсет
4. Орныңда тұрып бес рет секір
5. Наурызға тілек айт
6. Қасыңа досыңды алып зоопаркте серуенде
7. Көктем келді, бәйшешек гүлін тер
8. Жұмбақ жасыр
9. Барлығың қосылып билеңдер
10. 5 этажда тұратын досыңды шақыр
11. Қызықты әңгіме айтып бер
12. Досыңмен музейде серуенде

І-жүргізуші:
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып, тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.
Келесі кезекті биге берейік
ІІ-жүргізуші:
Келесі ойынымыз «Сұрақ- жауап» даму пәндері бойынша сұрақтар беріледі.
1. Қазақтың тұңғыш суретшісі? Жауабы Шоқан Уалиханов
2. Шалап дегеніміз не? (Ашытқан қымызға су қосу арқылы дайындалады, айранға су қосу арқылы дайындалады. Сүтке су қосу арқылы дайындалады).
3. Апликация дегеніміз не? Жауабы: жабыстыру немесе қиыстыру арқылы орындалған көркем шығарма
4. Мақта неше жылдық өсімдік?(1)
5. Үш биді атаңыз.(Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би).
6. Құрманғазы Сағырбайұлы кім болған? (күйші)
7. Емдік қасиеті бар қандай сүт? (Қымыз, шұбат, айран)
8. Пейжаз дегеніміз не? Жауабы: табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығарма
9. Жел соқса,
Жайқалып толқиды.
Ел оқыса,
Тұла бойың балқиды.
(Өлең)
10. Шайдың отаны қай ел? (қытай)
11. Үш мақсат: (жол мақсаты- жету
қыз мақсаты- кету , сауда мақсаты- ұту)
12. Планета атымен аталатын шоколад ты ата? Жауабы (марс)
13. Қазақстанның әнұранының әнін, сөзін жазғандар кімдер? Жауабы (Н. Назарбаев және Ш. Қалдаяқов)
14. Портрет дегеніміз не? Жауабы: адамның келбеттік тұлғасы бейнеленген көркем шығарма.
15. Тігін машинасының ең алғаш жобасын ұсынған кім?(Леонарда до Винчи)
16. Темір аяқты,
Ағаш таяқты. (Циркуль мен қарындаш)
17. Бәрін тойдырады, ал өзі жемейді? (қасық)
18. Бiр құлаштай сабы бар,
Бунақтары тағы бар.
Басы ұқсас қайыққа,
Жолықтырар ойыққа,
Қос танабы тартылған,
Ұзына бойы ән тұнған. (Домбыра)
19. Бес дұшпанды ата (Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекермал шашпақ).
20. Тігін машинасының неше түрі бар, қандай? (3 түрі , аяқ, қол, тоқ машинасы)
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Әр бала - болашақ данышпан"
Балдырған арулар мен сал-серілер сайысы
Өнерің өрге жүзсін, Әйбек!
Мақалдар жинағы.
Арулар - асыл жандар.
МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІ
Өнерлі өрге жүзер
Бозбала мен бойжеткен
" Заттың атын білдіретін сөздер" " Көктем аруы-2015"
үлгілі отбасы

Автор Джумадилова Зура Адилхановна

Байзақ ауданы,Түймекент ауылы, Түймекент орта мектебі

Бөлім: Материалы / Технологиядан ашық сабақтар | Көрсетілім: 2938 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар