Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
Құрметті сайт қолданушылары ұстаздар сайты домендік атауының өзгергенін хабарлайды. Сайттың жаңа домендік атауы www.u-s.kz .
Загрузка...
Загрузка...
» » Дарындылар додасы

22-02-2015, 17:18
Дарындылар додасы
загрузка...
Тақырыбы: «Дарындылар додасы» интеллектуалдық сайыс

Өткізілетін күні: 16.01.2015ж
Өткізілетін сыныбы: 4 «В»
Өткізілетін орны: мультимедия кабинеті

Мақсаты: Оқушылардың бастауыш сынып пәндеріне деген қызығушылығын арттыра
отырып, шығармашылық белсенділігін арттыру; Білімге деген сенімділігін
қалыптастыру, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;
Түрі: танымдық, интеллектуалдық;
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, планшет, стикерлер, плакаттар, маркерлер;

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушылармен сәлемдесу;
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі 4-В» сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған «Дарындылар додасына» қош келдіңіздер!
- оқушыларды таныстыру;
Сайыскерлерімізбен таныс болыңыздар, алдарңызда 4 «В» сыныбының оқушылары
1. Смағұл Іңкар
2. Қамбар Ақбота
3. Нағашыбай Алтынбек
4. Болатбай Бақдәулет
5. Пакитджан Ринат
6. Құрманбек Әлия
7. Нұрлыбек Данабек
8. Ислам Жасұлан

- жеребе алу;
- сайыстың шарттарын таныстыру;

Сайыстың шарттары:

І кезең « Ой ашар» /8 оқушы қатысады/
ІІ кезең «Бәйге» /7 оқушы қатысады/
ІІІ кезең «Сурет жұмбақ» / 5 оқушы/
ІҮ кезең «Тіл- өнер» /4 оқушы/
Ү кезең «Озық ойлы» / 3 оқушы/
ҮІ кезең « Жорға» / 2 оқушы/

- Ал, енді сайысымызды бастамас бұрын осы дарынды оқушылармыздың бағасын беріп, сайыс барысында төрелік жасап, қара қылды қақ жаратын әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Директордың бастауыш сыныптың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қалдыгүл Қойшыбайқызы
Директордың оқу- ісі жөніндегі орынбасары Нұргүл Аяпбергенқызы
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сарқыт Жұбатқанқызы

- «Білімді азамат – ел ертеңі», «Білімді бірді жғар, білекті мыңды жығар» т.с.с. білім туралы ұлы тұлғалардың сөздерімен халықтың нақыл сөздері бекерден бекер айтылмаған. Ой –өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын 4 В сынып оқушыларының ішінен дарынды оқушыны анықтайтын кез келді, олай болса, «Дарындылар додасын» бастаймыз!

І кезең «Ой ашар» деп аталады. Бұл кезеңде 10 сұрақ беріледі. Сұрақтар тест әдісі арқылы беріледі. Сұрақтардың 3 жауабы беріледі. Сайыскерлер дұрыс жауапты алдарындағы планшетке белгілеп көрсетеді. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Ұпайы аз 1 оқушы ойынан шығады.

1-сұрақ. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін қай жылы алды?
А) 1991 жылы қаңтарда
Ә) 1991 жылы желтоқсанда
Б) 1990 жылы желтоқсанда

2-сұрақ. Қазақстан Республикасында неше облыс бар
А)10 ә) 15 б)14

3-сұрақ. 2015 жыл қандай жыл?
А) қой ә) жылан б) жылқы

4- сұрақ. Тұңғыш президент күнін қай күн?
А) 16 желтоқсан ә) 1 желтоқсан б) 3 желтоқсан

5-сұрақ. Алғашқы адамдар жануарлардан несімен ерекшеленді?
А) қимыл-қозғалысымен
Ә) сөйлеу тәсілімен
Б) өсіп-өнуімен

6-сұрақ. Бір жылда неше күн бар?
А) 365 немесе 366 күн ә) 367 не 368 күн б) 200 не 300 күн

7-сұрақ. Мысыр еліндегі алып кереметтердің бірі
А) Хеопс пирамидасы ә) Александрия манары
Б) Родос алыбы

8- сұрақ. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
А) 4 ә) 8 б) 9

9-сұрақ. Түйеқұс бір аяқпен тұрғанда 25 кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше кг?
А)50 кг ә) 25 кг б) 35 кг

10-сұрақ. Кімнің? Ненің? Деген сұрақтар қай септікке жатады?
А) көмектес ә) ілік б) табыс

ІІ кезең «Бәйге» деп аталады. Бәйге кезеңінде математика, ана тілі, қазақ тілі, дүниетану пәнінен ұпайлы сұрақтар келеді. Сайыскерлер жеребе арқылы өз ұяшықтарды таңдау арқылы сұраққа жауап береді. Ойлануға 30 сек. Егерде берілген уақытта сайыскер жауап бере алмаса, бірінші басқа қарлсыластар жауап бере алады. Сайысқа 6 оқушы қатысады. Ұпайы аз 2 оқушы сайыстан шығады.

Ана тілі
10 ұпай . Мынау кім? Тақтада жасырылған суреттегі жазушы ақынды табады. (А.Байтұрсынов)
20 ұпай. Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не? Және халық ауыз әдебиетіне жататын шығармаларды ата
(халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармаларды халық ауыз
әдебиеті деп атаймыз. Оған: ертегі, айтыс, аыздар, бесік жырлары, батырлар жыры,
жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер» жатады)
30ұпай. Тақтада сурет беріледі. Суретте қандай ертегіден алынған. Қысқаша түсіндіріп беру
(Әйел –Ана, Ақселеу Сейдімбековтың ертегісі, Күншуақ еліне жау шауып, барлығын тұтқынға алады. Сонда бір әмірше әйел адамға азаттық беремін, қолына ұстар баласын, иығына көтере жүгін арқалап мына тас қамаудан шығуға бұйрық береді. Сонда әйел ананң тапқырлығы қолына баласын, арқасын жолдастырн арқалап қамалдан шығып кетеді.
40ұпай. «Ана тіл» туралы өлеңді жатқа айт

Математика
10 ұпай. Үшбұрыштың бір бұрышын кесіп тастасақ неше бұрыш қалады? (4 бұрыш)
20 ұпай. Бірнеше үйрек ұшып келе жатыр. Біреуі алдында, екеуі артында, екеуі артында, біреуі алдында. Екеуінің арасында біреуі. Неше үйрек ұшып келе жатыр? /3 үйрек/
30ұпай. Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? (Барлық айда)
40 ұпай Алматыдан Астанаға дейін ұшақ 1 сағат 30 минут ұщқан, ал Астанадан Алматыға 90 минут ұшты. Неге? (1 сағат 30 минут═90 минут)

Қазақ тілі
10 ұпай. Тосын сый
20 ұпай. Септік түрлерін ата. Мектеп деген сөзді септе
30 ұпай. Алғашқы түбір сөз – Аспаннан тұрған сорғалап
Екінші түбір сөз- Сүт тағамы домалақ
Екеуін қосып оқысаң , жәндік жүрер жорғалап. (Жауынқұрт.)
40 ұпай. «Жүз» сөзінің бірнеше мағынасын түсіндір. (Сан, суда жүз, адамның жүзі , Үш жүз)
Дүниетану

10 ұпай. Жылдың жартысын ұйқысын өткізетін жануар? (кірпі)
20 ұпай. Темірқазық жұлдызы қай тұсты көрсетеді? (солтүстік)
30 ұпай. . Судың еріткіш қасиетін дәлелде: Су + тұз, қант т.б.
40 ұпай. Пайдалы қазбалар туралы не білесің? Кен дегеніміз металл мен олардың қоспаларынан алынады. Қара метталл, түсті металл, жанғыш пайдалы қазбалар кенге жатпайтын пайдалы қазбалар бар)

ІІІ кезең «Сурет жұмбақ». Тақтада сурет беріледі әр сайыскерге ұяшық таңдау арқылы суретті таңдайды. Сол суретте жасырылған мақалдарды табады. Әр мақалға 10 ұпай
Сайысқа 5 оқушы қатысады

ІҮ кезең «Тіл-өнер» деп аталады. Тақтада берілген сөз тіркестері қатыстырып өлең құрап жазу. Сайысқа 4 оқушы қатысады.
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.

Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өрендер ақталады.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.

Ү кезең «Озық ойлы»
Алдарына таяқша, банкі жаңғақ беріледі. Ертеде аңшылар маймылдарды осы 3 затты пайдалану арқылы маймылды ұстап алған. Сендердің ойларынша қалай ұстап алды деп ойлайсыздар. Сайыскерлер жеке жеке өз ойларын айтады.

ҮІ кезең «Жорға»
Бірінші сайыскерге қойылатын сұрақтар:
1. Мектеп қай көшеде орналасқан?
2. Күз айларын ата?
3. Неше рәміз бар?
4. Туда не орналасқан?
5. Қазақстан қандай мемлекет?
6. Көктемде не болады?
7. Қандай азық - түліктерді білесің?
8. Қазақ тілінде неше әріп бар?
9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?
10. Аптаның төртінші күні қалай аталады?

Екінші топтың топ басшысына қойылатын сұрақтар:
1. Апта күндерін ата?
2. Жазда не болады?
3. Гимназия директоры кім?
4. Алтын адам қай өңірде табылған?
5. Мемлекеттімізідң аты
6. Қандай мерекелер бар?
7. Орыс тілінде неше әріп бар?
8. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
9. Қыс айларын ата?
10. Аптаның жетінші күні қалай аталады?
Загрузка...

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ХХІ ғасыр көшбасшысы
"Әр бала - болашақ данышпан"
Менің Отаным –Қазақстан
Күш – білімде.
Мемлекеттік тіл-менің тілім
Білгірлер сайысы
Ең озық әдебиетші
Білімнің бастауы –бастауыш
«Информатика әлеміне саяхат»
Сынып үздігі

АвторТулегенова Айжан

Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназия

Бөлім: Материалы / Слайдтар жинағы | Көрсетілім: 1844 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Загрузка...
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Жаңалықтар