Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 11257 |
|
|
|
Алаш автономиясы және Алашорда үкіметінің құрылуы
Факультатив сабағының тақырыбы: Алаш автономиясы және Алашорда үкіметінің құрылуы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметі құрылуы қарастырылған ІІ Жалпықазақ сьезінің қаулысын талдап, құрылуының алғы шарттарымен танысу
2. Дамытушылық: Алаш автономиясы мен қазіргі тәуелсіз Қазақстанның даму бағытындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыру арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Қоғамның патриот азаматын қалыптастыру
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдіс-тәсілі: топтық жұмыс
Көрнекілігі: «Алаш» қозғалысы, Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметі туралы еңбектер көрмесі, слайд материалдары.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Ұй жұмысын сұрау
3. Жаңа сабақ
4. Сабақты бекіту
5. Үй жұмысын беру
Қазақ қоғамы және Алаш партиясы тақырыбы бойынша
үй жұмысын тексеру тесті
1. Қазақ зиялылары партия құру әрекетін қай кезде қолға алды?
А) Бірінші орыс революциясы жылдарында
В) Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция кезінде
С) Қазан төңкерісі кезінде
D) Азамат соғысы жылдарында
2. 1905 Орал қаласында өткен қазақ облыстары өкілдерінің съезі қандай партия құру туралы шешім қабылдады?
А) «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясын»
В) «Халық еркіндігі» (кадеттер) партиясын
С) «Үш жүз» партиясын
D) «Эсерлер» партиясын
3. Қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы
А) Үш жүз
В) Кадеттер
С) Алаш
D) эсерлер
4. Қай сьезде қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қаралды?
А) Сырдария қазақ-қырғыз съезінде
В) 5-13 желтоқсандағы ІІ Жалпықазақ съезінде
С) 21-26 шілдедегі І Жалпықазақ съезінде
D) Жетісу қырғыз-қызық съезінде
5. «Алаш» партиясының бағдарламалық жобасы неше бөлімнен тұрды?
А) 5
В) 8
С)12
D 10
6. «Алаш » партиясының бағдарламасы қай баспада жарияланды?
А) «Айқап» журналында
В) «Қазақ» газетінде
С) «Сарыарқа» газетінде
D) «Жұлдыз» журналында
7. «Алаш» партиясы бағдарламасының бөлімдерін жаз ....
8. 1917 жылғы қарашада өткен Бүкілресейлік Құрылтайға қазақ қайраткерлері қай партияның атынан тіркелді?
А) Үш жүз
В) Кадеттер
С) эсерлер
D) Алаш
9. «Алаш» саяси партия ретінде толыққанды қашан ұйымдасты?
А) 1917 ж қараша
В) 1917 ж шілде
С) 1917 ж желтоқсан
D)1917 ж тамыз
10. «Алаш» партиясының жетекшілері қандай бағдар ұстанатынан жариялады?
А) Шығысқа бағдар ұстанатынан
В) Большевиктер партиясы бағдарын ұстанатынын
С) Батысқа бағдар ұстанатынын
D)Кадеттер партиясы бағдарын ұстанатынын
- Тестті орындап болған соң, оқушылар бір-бірімен дәптерлерін алмастырып, өздерін өздері тексереді.
- Қателерін мұғаліммен бірлесе отырып, талдайды.
Қазақ қоғамы және Алаш партиясы тақырыбы бойынша
үй жұмысын тексеру тестінің кілті
1- А
2- А
3- С
4- С
5- D
6- В
7- 1.Мемлекет қалпы
2.Жергілікті бостандық
3.Негізгі құқық
4.Дін ісі
5.Сот билігі
6.Ел қорғау
7.Салық
8.Жұмысшылар
9.Ғылым-білім үйрету
10. Жер мәселесі
8- D
9- B
10- C
Жаңа сабақ Жаһанша Досмұхамедовтың «ЕНДІГІ ЖЕРДЕ ҚАЗАҚТЫ- ЕЛ ТҰРМЫСЫН, ТІЛІН, МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН, ӘДЕТ-ҒҰРПЫН БІЛЕТІНДЕР ҒАНА БАСҚАРАДЫ» деген эпиграф сөзімен басталды. Сынып оқушылары «Алаш айнасы», «Алаштанушылар», «Алаш ұрпағы» атты үш топқа бөлінді. Топтарға мынадай тапсырмалар берілді:
Оқушыларға алдын ала «Алаш Орда» энциклопедиясындағы
ІІ Жалпықазақ съезінің қаулысының толық нұсқасын әкелу тапсырылады.
1. «Алаш айнасы» тобына - ІІ Жалпықырғыз-қазақ съезінде Алаш автономиясын құрудан басқа қандай мәселелер қарастырылды?
2. «Алаштанушылар» тобына – ІІ Жалпықырғыз-қазақ съезінде Алаш автономиясын құру мәселесін талқылау
3. «Алаш ұрпағы» тобына - ІІ Жалпықырғыз-қазақ съезінде Алаш милициясы мәселесін талқылау тапсырмалары берілді.
Әр топ берілген тапсырма бойынша талдау жұмыстарын жасап, өз тапсырмалары бойынша қорғау жүргізеді. Жақсы жұмыс жасаған топ анықталады.
ІІ Жалпықазақ съезінің қаулысы талданып болған соң, қорытынды ретінде «Алаш Орда» деректі фильімінен үзінді көрсетіледі. (фильмнің мазмұны – ІІ Жалпықазақ съезінде қабылданған қаулылар мазмұнын Жаһанша мен Халел Досмұхамбетовтердің Ленин мен Сталинге жеткізу үшін Мәскеуге барғандығы туралы )
Үйге тапсырма:
1. Осы тақырыпқа қосымша материал әкелу (Алаш Орда энцеклопедиясынан)
2. «Алаш орда» деректі фильмін толық көріп, «Алаш игілігі» атты эссе жаз
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |