Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сабақтың түрлері, құрылысы, Сабақтың қызметі мен түрлері


Сабақтың түрлері, құрылысы, Сабақтың қызметі мен түрлері

Сабақтың түрлері, құрылысы, Сабақтың қызметі мен түрлері

Солтүстік Қазақстан облысы

Жамбыл ауданы

Амангелді негізгі мектебі

Химия-биология пәні мұғалімі Қуанышбаева Гүлзада Қамбарқызы

Биология 6-сынып

ТақырыбыСабақтың түрлері, құрылысы. Сабақтың қызметі мен түрлері

Мақсаты: Оқушыларға сабақтың түрлері, құрылысы және қызметі жайлы мағлұмат беру.

Көрнекілігі: сабақтың суреті, тірек-сызбалар, кеспелер

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру

Сабақ беру әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақ барысы:   1. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

2. Үй жұмысын тексеру

1. Өркен деген не?

2. Бүршік неліктен бастапқы өркен дап аталады?

3. Буын және буынаралық дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Ұзарған өркен мен қысқарған өркеннің айырмашылығы неде, олар қандай қызмет атқарады?

5. Өсу бүршігі мен гүл бүршігінің айырмашлығын талдаңдар?

3. Жаңа сабақ

Сабақ - өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек.

Қызметі

Сабаққа бүршік,                             Қоректік заттар           Көбеюге       Органикалық

жапырақ,гүл, жеміс              сабақ арқылы               қатысады     заттар қорға

бекінеді                                  қозғалады                                          жиналады

Өсімдік сабақтары

Шөптекті                      Ағаштекті                     Сүректі

Сабақтың түрлері

Тік                       Өрмелегіш          Жатаған              Қысқарған    Шырмалағыш

Тік сабақты өсімдіктерге жүгері, бидай, терек, емен, қайың т.б. жатады.

Жатаған сабақ - өте әлсіз, жұмсақ. Жер бауырлап жатады. Мұртшалары арқылы ұзарып өседі. Асқабақ, қияр, қауын, қарбыз жатады.

Шырмалағыш сабақ – нәзік болғандықтан айналасындағы өсімдіктерге шырмалап өседі. Шырмауық, құлмақ жатады.

Өрмелегіш сабақ – мұртшалары арқылы басқа өсімдікке жабысып, өрмелеп өседі. Асбұршақ, жабайы бұршақ, жүзім т.б. жатады.

Қысқарған сабақ - өсімдіктердің сабағы өте қысқа. Бақбақ, жолжелкен, пияз, ақ қауынды қырыққабат т.б. жатады.

Ішке күн сәулесін өт-кізеді

Өң

Сүрек

Камбий

Қабық

Сабақтың ішкі құрылысы

 

Өң – түссіз, жас сабақтардың сыртын қаптайды. Үлкен ағаштардағы өң түлеп түсіп, орнын тоз алмастырады. Тоз қалың болса да ішкі жасушалардың тыныс алуына оттегін өткізеді. Тозда тыныс алуға қатысатын пішіні төмпешікке ұқсаған жасушаларды жасымықша дейді. Тоздың ішкі жағында қабыққа беріктік қасиет беретін тін қабаты орналасқан. Кендір, зығыр, мақта өсімдіктерінде қабықтың тін талшықтары жақсы дамыған. Тін талшықтарынан өндірісте түрлі маталар, бұйымдар тоқылады.

Кеппе шөптермен жұмыс

Оқушыларға кеппе шөптер беріледі. Сондағы өсімдіктердің сабақтарын анықтайды және онымен қоса тамырын да анықтайды.

Оқулықпен жұмыс

Мәтінннің соңында берілген «Біліміңді тексер» деген тапсырманы орында.

Кеспелер мен жұмыс

Оқушыларға кеспелер беріледі онда сабақтардың түрлері мен ішкі құрылысының суреті бейнеленген. Соларды талдап түсіндіру керек.

4. Бекіту.

   1. Сабақ қандай қызмет атқарады?

   2. Сабақтың түрлерін атаңдар?

   3. Сабақтың ішкі құрылысындағы қабаттарды сипаттаңдар?

   4. Жасымықша қай қабатта орналасқан, қандай қызмет атқарады?

   5. Өзек қандай қызмет атқарады?

   6. Қабық бөлімдерінің, атқаратын қызметін талдаңдар?

Үйге тапсырма: § 12 оқу

Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ең үздік топ
Өркендер мен бүршіктер.
Жапырақ оның сыртқы құрылысы
Жапырақ
Өсімдік жасушасының құрылысы
Сабақтың түр өзгерістері
Бүршіктің ішкі құрылысы
Тамыр бөлімдері
Өсімдік ұлпаларының жалпы ерекшіліктері, қызметтері және орналасқан жері
Гүлдің құрылысы
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 20600 | Қосты: Гүлзада | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык