Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Абайдың өмірі мен шығармашылығы


Абайдың өмірі мен шығармашылығы

Абайдың өмірі мен шығармашылығы

Тақырыбы: Абайдың өмірі мен шығармашылығы

Тренинг: «Мен осылай істеймін»

Пән мұғалімі:  Естемесова Сәнім Барлыкбаевна

Уақыты: 40 мин.

Мерзімі: 29.03.2013ж

Тренинг жүргізу барысы:

І Ұйымдастыру

ІІ Амандасу

Құрметті әріптестер өскелең ұрпақ игілігіне өрелі өзгерістер енгізу  үшін жиналып отырмыз. Бүгінгі  ынтымақ сабағына қош келдіңіздер!

ІІІ  Барысы: 1.1.Сәлемдесу. Танысу. «Мен кіммін?» Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер. Мен - Көкшетау қаласындағы дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің қазақ тілі мен  әдебиеті пәнінің мұғалімі Естемесова Сәнім Барлықбайқызы сіздермен бүгінгі тренингте кездескеніме  қуаныштымын. Сонымен, мен туралы қосымша мәлімет «Мен кіммін?»  Мен туралы «2 шын, 1 жалған» ақпарат

  1. Мен  Семейде  туғанмын.
  2. Менің немерелерім бар.
  3. Мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беремін.

-Рахмет, олай болса, құрметті әріптестер, бүгін мен сіздермен осы тренинг барысында қазақ әдебиеті сабағында  балаларды оқытуда қолданып жүрген  әдіс-тәсілдеріммен бөліспекшімін.

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тонғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

 

Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айырылған ағаш, қурай.

 

-Бұл өлең қай ақынның өлеңі?

-Әрине Ұлы Абай Құнанбаевтың өлеңі.

Бүгінгі  біздің  сабағымыздың тақырыбы «Абай өмірі мен шығармашылығына арналмақшы.

1.2.Топқа бөліну

Абай  Құнанбаевтың «Күз» өлеңін оқығаным тегін емес.Мына менің қолымдағы  күз жапырақтарын алуларыңызды сұраймын.  Ұқсас жапырақтар жиналып бір топ құруларыңызды сұраймын.

Құрметті әріптестер!

Сіздерге тапсырыс хаттар келіпті. Осы хаттарға 20 мин ішінде жауап жазуларыңыз тиіс. Жауаптарыңызды қорғап, нақты, түсінікті қылып жеткізулеріңіз керек. Олай болса іске сәт!

1.3.Тапсырмалар

Хатқа жауаптарыңыз дайын болса қорғауларыңызға болады.

1) Өмір –баяны туралы буклет

2) Слайд (А.Қ. өмірі мен шығармашылығы)

3)қызықты өмір шағы (қызықты оқиға )

4) Коллаж(Абай Құнанбаевты зерттеген ғалымдар туралы)

5) Жинақ (Абай Құнанбаевқа арналған өлеңдер жинағы)

6) Музей ашық хаты.

Әр жұп өз тапсырмаларын қорғайды.

1.4. Сергіту

Енді сіздерді орындарыңыздан тұруларыңызды сұраймын. Сіздерге Абай өлеңдерінен үзінді оқимын бір-бірден жалғастыруларыңыз керек.

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң әр қалаң

Сенде бір кірпіш дүниеге

Тетігін тапта бар қалан

 

Жасымда ғылым бар деп ескермедім

Пайдасын көре тұра тексермедім

Ержеткен соң түспеді уысыма

Қолымды мезгілінен кеш сермедім

Бұл махрұм  қалмағыма кім жазалы

Қолымды дөп сермесем, өстер  ме едім?

Адамның бір қызығы бала деген

Баланы оқытуды жек көрмедім

 

Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы

Қиыннан қиыстырар ер данасы

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы

Ол-ақынның  білімсіз бишарасы

Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,

Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.

 

Құлақтан кіріп бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй.

 

Барлықтарыңызға көп рахмет!

1.5. «Әнді сүйсең менше сүй»

Енді сіздерге оқушыларға әсіресе орыс сыныбында  Абай өлеңдерін оқыту кезінде  ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдаланудың ерекше әсер қалдырып, оқушының да есте сақтау қабілетін дамытып қана қоймай, өлеңнің құрылысы мен мағынасы туралы не айтылғаны көз алдарына елестету үшін мынандай  тапсырма орындауға болады. Барлығымыз бірлесіп орындап көрейік.

«Желсіз түнде жарық ай» әнін айту.

ІІІ. Кері байланыс.  қорытынды сөз жазып мына  гүлге  көбелектерді қондыруларыңызды сұраймын.

Қорытынды. Осымен біздің ынтымақ сабағымыз аяқталды.

Назарларыңызға рахмет!

Құрметті мұғалімдер!

 Қазіргі  уақытта өскелең ұрпақ игілігіне өрелі өзгерістер енгізу үшін  бірлесе жұмыс істеуіміз қажет. Сіздердің топтарыңызға «Абайдың  өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында  «Слайд» жасауларыңыз керек. (интернет пайдалану)

Алға қоятын сұрақтар:

  1. Абай өмірі, ата-бабалары
  2. Шығармашылығы
  3. Қазақ тілі  сабақтарында АКТ пайдалану.

Сіздерге  20 минут  уақыт  беріледі.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Абай мұрасы-халық ұлағаты»
Күз
Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметі
Абайдың мұражай үйі
Абайтану арнаулы курсы
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы
Абай Құнанбайұлы “Әсемпаз болма әрнеге”өлеңі
Абай Құнанбаев «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы»
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Абай. "Құлақтан кіріп, бойды алар"
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 4456 | Қосты: Естемесова Сәнім Барлықбайқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык