|
|
«Күйкен орта мектебі» ММ
Наурыз–Думан
(әдеби сазды кеш )
Өткізген: Аманова Н.
Бейнеу-2014 ж.
«Күйкен орта мектебі» ММ кітапханасындаөткізілген «Наурыз – думан» атты әдеби сазды кештіңбағдарламасы.
МАҚСАТЫ:22-наурыз мейрамы жайында Маңғыстаудың ақындарының өлеңдерін таныстырып, насихаттау.
КӨРНЕКІЛІГІ: Наурыз мерекесі жайында өлең, тақпақтар, қанатты сөздер жазып іліп қою керек.
Жүргізуші:
Елдік үшін бітпей қойған егесі,
Көк тіреулі Күйкенінің төбесі
Жеті жүрт кеп, ауыт кеткен жеті жұрт,
Беу,Бейнеуім, сенің ойың – сан батырдың көбесі!
Беу,Бейнеуім, сенің қырың – сан батырдың жебесі.
Беу,Бейнеуім, сендік аңыз – сан ғасырдың елесі!
Мәңгілік Күн шапақ сеуіп, Құт- Тәңірі сыйлаған,
Бұл өлкені мекен еткен Көк Түріктің Төресі,
Аршылан боп жарып шыққан өзегінен ажардың,
Ары - Азат, Айбыны-үстем, Адай деген ел күн
Бір Алладан ұрпақ үшін , бере көр деп адал күн
Мінәжатты Пір бабамның мешіт салған жер осы.
Имани - Нұр тұнығынан перзент сусын қандырған
Бағзы шаһар, ежелгі жұрт, қарашаңырақ мөрі осы!-
деп жырлаған Айнахан Есет.
Оны ақын жырына арқау болған берекелі елім Бейнеуіме
тағы да есік қағып Наурыз мейрамы, келді.
Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз құтты болсын! Тұлпар жылдың тұяғынан желдегі ескен
Наурыз әрбір отбасына береке-бірлікті, ырысты болсын!
Жүргізуші:
«Ұлыс күні қазан толса,ал жылы ақ мол балар, ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар»деп мақалдатып ауыл арасын ауыз бірлікке, татулыққа , ынтымаққа шақыратын
Наурызым тағыда құтты болсын!
Бүгінгі кешімізде наурыз жайында ақындар жырын тыңдап,ән,жыр,терме, күй тыңдайық
Ал ендеше бастайық.
Жүргізуші:
Ақын Гүлайым Дәуітбаева «Наурыз жыры» өлеңі. Маңғыстау ақын- жазушыларының кітапханасынан.
Заманалар сырласы
Ғасырлардың құрдасы
Жыл құсындай оралып
Наурыз келді – Жыл басы!
Той тойлаған ағайын
Құтты болсын мерекең.
Шаңырағың берік боп
Жайылсын кеңге керегең.
Бейнетпен ғана береке табар ел едің
Еңбекпен ғана бақытын іздер өмірден-
Пәке көңілдің шат-думанға бөленген
Шаңырағың несібеге кенелген
Наурызбен келсін берекең!
Құрсанған қар, көк аяз,
Ала боран ығыстың .
Қыс – қаһарман амалсыз
Тартты енді қылышын.
Мұз – тұсауын лақтырып
Жер аяғы босанып
Кеңейген сәті тыныстың.
«Наурыз айы туғанда» әні орындалады.
Жургізуші:
Ақын Гүлжауһар Сейтжанның <Наурыз > өлеңі оқылады.
Көтеріп қыс түсірген ыңжырғасын,
Ұзартқан быт жаздырып күн мырзасын,
Оятқан Жер-ананың ұйқысынан
Наурыз депті қазақ жылдың басын.
Талаппен елге құтты,
Ізгі
Ардақты
Қадайтын жерге тіреп біз бармақты
Наурыз келді екен деп жылда бізге
Із тастай қадамына қызғалдақты
Ажыратып қыспен бірге жұраттықтан,
Батырдай қатал үлкен сынақта ұтқан.
Айнымас табиғаттың апасындай,
Мәңгілік тіршілікті мұрат тұтқан.
(Өлеңді аяқтап оқу керек)
«Атамекен» әнін 9 «а»сынып оқушысы Саматов Нұрлан орындайды.
3.Ақын Темірхан Медетбек «Көктем неге» өлеңі оқылады.
Көктем неге жатыр екен кешігіп!!!
Қарай берем түстік жаққа тесіліп.
Той думанын, тіршілігін бастамай
Көктем неге жатыр екен кешігіп!
Ызғар қысып тұрғой жерден, көктен де
Тіршіліксіз таумен дала , бөктер де.
Кешіксе де жылдың басқа мезгілі
Кешігуге болмады енді көктемге.
Кешіккені несі екен бұл «құрғырдың»
Жүрегімді ызғары ұрып тұр мұңның.
Бір махаббат тамыр салып үлгермей,
Бағы ашылмай қалар ма екен бір гүлдің?
Тойға ұласар күндерімді той қылмай,
Қөктемсіз мен қалай жүрем қайғырмай.
Айтылуға тиісті сөз көктемде
Қалар ма екен ,
Қалар ма екен айтылмай.
Алтын күрек соғатуғын есіліп,
Қарай берем түстік жаққа тесіліп,
Қырға шығып білейікті мен енді,
Көктем неге жатыр екен кешігіп.
4. Ақын Гүлнар Науырша «Маңғыстау» өлеңі.
«Жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен « Маңғыстау»
«құпия өлке, ғажайып неткен» Маңғыстау.
Біле алмас бирақ ешкім де сенің сырыңды,
Содан ба екен көздерің тіуккен жырыңды.
Ғасырлардан аңыз қалған Маңғыстау,
Алтын жылға абыз толған Маңғыстау.
Қойнауыңа ек байлықты жасырып,
Ұрпағыңа жаңа із болған Маңғыстау.
Алты алашқа аты өрлеген Маңғыстау,
Ал біреулер «жат ел» деген Маңғыстау»
Күмбездердің күмбірлеген Маңғыстау,
Жүрегімде дүбірлеген Маңғыстау.
Терең-терең жырларың дүр Маңғыстау,
«Елім» деген ұлдарың жүр Маңғыстау,
Қиын кезде бір өзіңе сыйынып,
«Әуле Бекет, қолдасын!» - дер Маңғыстау.
Жарқыраған маңдайыма Маңғыстау,
Құпияңнан айрылма Маңғыстау.
Маған солай сыр айтады замана,
(Керуен жол, кесекелер –дағара)
«Солай!» деп тұр,
Мына тамдар, сағана!
Жүргізуші: Наурыз күнгі шалқыған , шаттық зор қуанышты ақын
Бірғали Баекеев былайша жырлайды.
«Наурыз күнгі тілек» өлеңі оқылады.
Жағымды ұнің,
Жанымды жасарт, іңгә жыл,
Жеткізем алғыс
Жүрегім менен мың да бір.
Ақ тілектерің,
Пәк тілектерің көгеріп
Келешектерге
Асықтырады жылма-жыл.
Қуанып жатыр өзіңді көріп барша жан,
Төріме шықшы,
Қонағымдайын қарсы алам.
Өмірдің мынау тәттілігіне тамсантқан.
Қарызбын мәңгі,
Борышкермін де мен саған.
Ажарың ашық,
Жанарың мөлдір әрдайым.
Дидарың аппақ ,
Наурызда жауған қардайын.
Жаңа жыл, жаным,
Жүздескен нұрлы шағыңда
Бар пейілімді
Жұртыма бүтін арнайын:
Отбасы аман ,шаңырақтарда күн күлсін.
Жақсылық оты
Жаманның сағын сындырсын.
6. Ақын Темір Мыңжас : «Қош келдің,Наурыз!» өлеңі .
Ақ жолыңды кескенмен, талап құзғын кеп,
Әз Наурыз, сені ұстай алмадым тізгінддеп.
Серпіліп тұрмын, құрсаулар қалды қаңырап,
Той болып енді қиырдан жеттің бізді іздеп.
Саумалдай лебіз дүниені түгел аралап,
Жер –ана, міне , көрпесін жатыр жаңалап.
Наурызым келді, күтеміз аппақ ниетпен,
Бабадан қалып, жоғалмай кеткен аманат!
Зіл бұлтты айдан, көңілімді келдің өсіре,
Түледі тірлік, ілесіп уақыт көшіне.
Айдай аспаным арай күнімен зерленді,
Наурызым келді , жерге -құт, елге –несібе.
Күй орындалады.
7. Өзіңді күтіп, күллі әлем бүгін тұр қарап,
Жарқыра , Наурыз, сәулелі мың сан нұр тарап.
Жаңа жыл - сенсің , дүниені қайта жаңғыртқан.
Жылбасы – сенсің, басталмаса да, күнпарақ.
Шапағатыңмен, табиғатың қайта көгерер,
Сен қуат берсең, қиындықтарды жеңеді ел.
Жақсылығың мен тоқшылығыңды қақат қып.
Наурызым менің, айналып жылда келе бер.
8.Қош келдің, Наурыз Жаңа жыл!
Арай күнімнің бастауы
Қарлығып қалып әуелеп шыққан
Бабамның бейне дастаны.
Сөгіліп төсі көк жиегімді
Тұмжалап келген құрсаудың
Күлімдеп жерге қарайды бүгін
Қазақтың сақы аспаны.
Көктеме басып, көгімнен сонау
Жеріме дәру тамып нұр,
Қөсіліп, міне, құшағын жайды
Пейілім сындыталып қыр.
Құба белдерден сүйінші сұрап,
Торғайлар ұшты пыр-пырлап
Құбыладан ескен мақпалдай самал
Дауадай бойға дарып тұр.
9.Келген де өзің қала мен дала,
Дүниенің бәрі шат қандай.
Қосылып алып тыныштық үшін
Ұлы той жасап жатқандай.
Бабамнан қалған ғұрыптың асыл,
Тізгіні тіип қолыма.
Жүрегім менің арғы күндерге,
Медетпен сүйеу тапқандай.
Жүргізуші:
Ән мен күй Наурыздың сәні емес пе?
Домбырасы қазақтың мәні емес пе?
Құрманғазы, Тәттімбет, Дина күйі,
Ұрпағы тартатұғын жөні емес пе?
«Адай күйі» орындалады. Бекшиева Ұ.
10. Ақын Темір Мыңжас: «Қош келдің, Наурыз!» өлеңі.
Жүйрік жылдың белгілі ғой тұрмасы,
Келді наурыз, келді міне, жыл басы.
Кәрлі кыспен қоқтасуға асығар,
Қазағымның қашаннан ол мұңдасы.
Наурыз келді , шұғыла бөккен реңі,
Жан иесің бұл хақ сүйері.
Жаңа ғана бүршік атқан тірлікткің
Маңдайынан күннің нұры сүйеді.
Наурыз келді, түрлене ме әз-далам?
Шіркін, жаңбыр жауар ма екен аздаған.
Аруана – қыр алауласа күні ертең,
Менің жаным бота болар боздаған.
11.Өлеңнің жалғасы:
Құс әніне кетті бау, дала,
Көктем лебі сезіледі қайда да.
Кәрі терек дәурені өткен қарт сынды.
Самал желге бас изейді жай ғана.
Наурыз келді жыл есебі бастады,
Мәре –сәре тойлап жатыр жас –кәрі.
Тойлап жатыр ал төбеден мөлдіреп,
Қарайды кеп туған жердің аспаны!
Жүргізуші: Наурыз –табиғаттың күн мен түні теңескен күні. Наурыз барлық ұлттың баласының табысқан күні.
Наурыз –ақ көбейіп, ырыс- құт молайған күн. Наурыз –бақ-береке,тыныштық-татулық орнаған күн. Наурыз – қазағымның мол дастарханы жайылып, ренжіскен пенделер табысып, татуласқан күн. Міне, ұлы Наурыз, Әз-Наурыз осындай күн. Олай болса, наурызға арнап қанша ақын жыр төксе де артық емес.Наурыз жыр арқауына лайық мейрам! Бүгінгі « Наурызым –ізгі дәстүрлі ізгілігім» атты сазды кешін ақын Ғалым Әріптің «Көктем» атты өлеңімен аяқтаймыз.
12. Ғалым Әріп « Көктем»
Келші, көктем, шуағыңды шашып кел,
Айқара ғып құшағыңды ашып кел.
Агау өзен, айдындарың арқырап,
Ақшұлан боп ағыл –тегіл тасып кел!
Ерікті алып сұлу сенің келбетің,
Ізгі сезім әлдилесін жер бетін.
Келші, көктем, құшағыңды жайып кел
Саумал самал сүйіп беттен ерке тым.
Бар дүние жатқан кезде бусанып,
Иіскесең жұпар атқан жусанын,
Өмір бойы арманың ол жетпес.
Көз алдыңда мәңгі тұрар ніл-сағым.
О, көктемім, сен өмірдің кілтісің,
Жүректердің ұшырасын жыл құсын.
Сен соншалық сезімталсың,сергексің, сергексің,
Жарқын шырай, жылы жүзді нұрлысың.
Көктем –ару
Гүлге оранып тұр мүсін.
Пайдалнылған әдебиеттер:
1.Ғалым Әріп. Құрай А.Өтегенов –Алматы; ҚАЗақпарат,2013-176 бет.
2.Темір Мыңжас.Кұраст. А.Өтегенов –Алматы; ҚАЗақпарат,2013 -176 бет.
3.Айнахан Есет,Г.Науырша,Г.Дәуітбаева –Құраст.А.Өтегенов. –Алматы: ҚАЗақпарат, 2013-152 бет.
4.Мейрамбай Қибасов, Бірғали Байекеев – Құраст.А.Өтегенов.-ҚАЗақпарат. 2013-176 бет.
5.Айтуар Өтегенов. Жауапты редактор Р.Қосбармақов. –Алматы ; ҚАЗақпарат.2013-240 бет
Pin Up adlı kazino, əyləncə və marağın tam birləşdiyi müasir oyun platformasıdır. Geniş oyun variantları ilə Pin Up oyunsevərlərə unikal təcrübə və əyləncəni təqdim edir. Oyun dünyasında Pin Up adı ilə tanınan bu kazino, oyun keyfi və yüksək keyfiyyətli oyun təkliflərini birləşdirir. Pin Up - oyunçular üçün stil, ayrıcalıq və cazibədar bonuslarla dolu bir oyun məkanıdır. Her bir oyunçu Pin Up adlı bu platformada özünə uyğun oyun variantını tapa bilər və marağı əks etdirən oyunlarda uğurlar qazana bilər.Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |