Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сын есімнен өткенді қайталау


Сын есімнен өткенді қайталау

Сын есімнен өткенді қайталау

БҚО. Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы

М.Б.Ықсанов атындағы огрта жалпы білім беретін меткеп- балабақша

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Бериккалиева Лидия Куанышбековна

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Оқушылардың теориялық білімдерін саралай отырып, практикалық  дағдымен байланыстыру;       

Ә) Дамытушылық: Сыныптағы оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасау, бір-  біріне көмек бере білу, өз ойларын толық айту  дағдыларын  дамыту ;

Б) Тәрбиелік:  Шапшаңдыққа мысалдар арқылы танымдық қасиеттерін шыңдауға, ой –  қиялын өз ойымен бере білуге тәрбиелеу;         

Сабақтың әдісі:Қайталау, сұрақ- жауап, талдау

Сабақтың түрі: Жаңа технологияға негізделген сынақ сабақ

Сабақтың көрнекілігі: жұлдызшалар, сынақ беті, сурет, кесте, бағалау парағы

Сабақ  жүру барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі:

А) Оқушыларды түгелдеу;

 Ә) Оқу құралдарын тексеру;

Б) Сабақ жабдықтарын орналастыру;

- Оқушылар, біз бүгін сабағымызда сын есімнен өткенді қайталауды жаңа технология негізделген сынақ сабақ түрінде өткіземіз. Сабақ сайыс түрінде өтеді. Қазір түске топтасу арқылы екі топқа бөлінеміз.

Бірінші «Қанағат» тобына көк түстілер, ал екінші «Рақым» тобына сары түстілер отырады. Топтың аттары жазылған белгі партаға қойылады.

 ІІ.Сабақтың жоспарымен таныстыру.

Сабақтың жоспары:

І. Қызығушылығын ояту;

ІІ. Мағынаны таны

ІІІ. Ой толғаныс

IV. Рұқсат етілмейтін түстер ойыны

V. Дөңгелек үстел

Мұғалім:  Қайталау- оқу анасы,

Мақалдың бір данасы.

Өткенді еске түсірсең,

Ешкімнің жоқ таласы.

Оқушылар, жарысқа кіріспес бұрын әр топ өзің таныстыру қажет. Ал сайысты бастайық!  

  1. «Қанағат» тобы                                          2. «Рақым» тобы

 Қанағат- асыл қасиет,                                 Рақым- сенің ұятың,

Адал жүректі ақниет                                   Бетіндегі асыл ұятың. 

Қанағатшыл бол әрқашан                          Рақымды болса әр адам,

Пайдасы тиер сан рет.                                Жаныңда ылғи болатын.

І.Қызығушылығын ояту.

1. «Сен маған, мен саған» стратегиясы бойынша оқушыларға бір- біріне  5 сұрақтан қойғызып, дұрыс жауап беріп отырған топқа жұлдызша беремін.

2. Компьютермен «Табиғат- тал бесігім» атты суретті оқушыларға көрсете отырып, сөйлемдер ойлату.

ІІ. Мағынаны таны

Ережелер мен мағыналарды ажырату үшін «Сынақ бетін» пайдаландым.

Реті

                             Түрі

Ұпайы

І

Сұраққа жауап бер:

-          Сын есім деген не?

-          Туынды сын есім дегеніміз не?

-          Сын есім мағынасына қарай қалай бөлінеді?

-          Қатыстық сын есім деген не?

1 жауапқа 1 ұпай

ІІ.

Тест

1....  батыр алдырмас

а) ақылды;    ә) айлалы;    б) өжет;

2. Негізгі сын есімді тап

а) жүйрік ат; ә) гүлді көйлек; б) әдепті оқушы;

3. Заттың түр- түсін, сын сапасын тікелей анықтайтын сын есімді ... сын есім дейміз.

 а) қатыстық;    ә) сапалық;   б) негізгі

4. Қатыстық сын есімді тап.

а) өнерлі жігіт; ә) көк шөп;  б) әдемі гүл;

1 жауапқа 1 ұпай

ІІІ.

Сын есімді теріп жазып, сөйлем құра.

Бұл аймақтың жері жазық. Мұнда көк аспанмен таласып тұрған биік тауда жоқ. Ағыны тежеусіз ақ жалды асау өзен де жоқ. Көлеміне көз жеткісіз көлкіп жатқан көгілдір  көл де жоқ. Солай бола тұра, осы аймақтың әдемілігі көзіңізді бірден үйіріп алатыны бар екен.

Тергенге 1 ұпай, сөйлем құрағанға 5 ұпай

ІІІ. Ой толғаныс

«Түртіп алу стратегиясы»  бойынша мен оқушыларға мәтін оқып тұрамын, ал оқушылар сол мәтіннің ішінен сын есімдерді тез- тез жазып алады.

Ақтайдың ағаш үйінің іші- тысы салтанатты, өте көрікті. Оның сұлу көздерінің ақ- қарасы әлі де тап- таза. Көгілдір өзен жай ғана толқып ағып жатыр. Аспалы бесік өзінің екпінімен тербеліп тұра берді. Бірі сұлу, бірі мықты, бірі жүйрік. Адам тастай берік, гүлдей нәзік.

IV. Рұқсат етілмейтін түстер ойыны

Алдымен мені мұқият тыңдаңыздар. Қазір мен сіздерге сұрақтар қоямын, ал сіздер жуаптарын баған бойына жазып отырасыздар және де бұл ойынның барысында мына 2 ережені сақтауымыз керек:

  1. Ойын барысында ақ  және көгілдір түсті айтуға рұқсат етілмейді.
  2. Бір түсті екінші рет қайталауға болмайды.

Сонымен ойын шартына түсінсек ойынымызды бастайық.

Сұрақтар:

  1. Шөптің  түсі қандай?
  2. Аспан түсі қандай?
  3. Күнбағыстың жапырақтарының түсі қандай?
  4. Күзде жапырақтың түсі қандай болады?
  5. Күннің түсі қандай болады?
  6. Қардың түсі қандай?
  7. Теңіздің түсі қандай?
  8. Құрбақаның түсі қандай?

Жауаптары:

  1. Жасыл;
  2. Көк;
  3. Шөптің түсі сияқты;
  4. Сары;
  5. Қызыл, күрең қызыл;
  6. Жарқыраған;
  7. Қайың түстес немесе теңіз толқындарының түстерімен бірдей;
  8. Баптақ түстес;

V. Дөңгелек үстел

«Дөңгелек үстел» стратегиясы бойынша берілген ақ парақтарға сын есім туралы білетіндерін қорытып жазады, соңғы жазған оқушы оқиды.

VІ.Бағалау. Топ басшыларына берілген бағалау парағы бойынша бағаланады.

VІІ.Үйге тапсырма:

Өздері ұнатқан ақынға немесе жазушыға құрамында сын есімдер қатысқан хат жазу.

Бағалау парағы:

 

Топтағы оқушының аты- жөні

«Сен маған, мен саған» старатегиясы

«Сынақбеті» парағы

 

«Түртіп алу» стратегиясы

 

«Рұқсат етілмейтін түстер ойыны»

«Дөңгелек        үстел»

Қортынды

4 «+»  =5       3 «+» = 4         2 «+» = 3


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сан есімнен өткенді қайталау
Шуақты көктем Сан есімді қайталау
Фонетикадан өткенді қайталау
Сын есім
Сын есімнен өткенді қайталау
Сын есім
Сын есімнен өткенді қайталау
Сын есім
«Сын есім» тақырыбы бойынша
Сын есімнің түрлерінен өткенді қайталау. Қатыстық және сапалық сын есімді бекіту
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 1665 | Қосты: Бериккалиева Лидия Куанышбековна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык