Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бабалар жолы


Бабалар жолы

Бабалар жолы.

Мақсаты:  Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру,сол сөздерден өнеге алуға баулу,ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.

Жоспары

  1. «Сәби жүрек жырлайды» (Жас ақындар өз туындыларынан өлең оқу, еркін тақырыпта)
  2.  «Бабалар жолы – даналық жолы» (Бабалар сөзінің мағынасы өлеңмен түсіндіру)
  3. «Жыр жазамын қолыма қалам алып» (тақырып таңдап, өлең шығару)
  4. Қорытындылау.Жеңімпаздарды марпаттау. (Қазылар алқасына сөз беру)

   Қош келіпсіздер өлең сүйер, өнер сүйер оқырмандар. Жыл керуені жылжыған сайын бабаларымыздың жолы өшпес мұрадай қараңғы түн қойнауынан жарық жұлдыз құпия сәулесін шашқандай жарқылдап, айшықтала түсуде.

1-жүргізуші:   Көп жасаған қария

                           Ақылы теңіз-дария.

                           Көп өнеге сөзі бар

                      Сөзі – соқпақ, өзі нәр.

                      Ата салты – ардақты,

                           Әрбір сөзі – салмақты.

                      Сол сөздерді ұқпасаң

                      Тістерсің бір күн бармақты.

2-жүргізуші:  Бабалар сөзі  - кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен  шешен-билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.

Мың жылда бір-ақ көрінетін кометалардай сыры да, сезімі де терең, тұңғиық дана тұлғаларымыз фәни өмірден баз кешіп, бақилық болып жатыр. Әйтсе де, Баубек пен Бауыржан батырлығы, Әлия мен Мәншүк ерлігі, Қаныш пен Әлкей білімі, Мұхтар мен Ғабит, Ғабидендердің үні, Дінмұхаммедтің парасаты – бүгінгі ұрпаққа өнеге. Олардың даналық болжамы, ғибрат аларлық сөздері мен пайымдаулары бүгінде халықпен қайта қауышып, жүрегімізден орын алуда.

1-жүргізуші:  Біздің ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім-тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.Сол сөздерді санамызға түйіп, ойымыздан шығармай жүрсек деп, бүгінгі «Бабалар жол» атты жас ақындар байқауын оздырғалы отырмыз.

Поэзия менімен егізбе едің?

Мен сені сезесің бе неге іздедім.

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім

Бұлақтардан, бақтардан алаулардан

Сені іздедім жоғалған замандардан,-деп мұзбалақ ақынымыз Мұқағали жырлап өтсе,  бабаларымыздың жолын қуған, өлеңді өмірлеріне серік еткен мектебіміздің қаламы ұшталып келе жатқан жас ақындарымызды ортаға шақырып,  «Сәби жүрек жырлайды» атты кезеңінде өз туындыларын оқуға кезек береміз.

2-жүргізуші: Келесі кезеңіміз,  «Бабалар жолы – даналық жол» деп аталады.Бұл  кезеңде ақын, жыраулардың өлеңдерінен алған үзіндіде айтылған ойды,өз өлең шумақтарына арқау ету.

  1. Ғылымын жұрттан асты деп,

Кеңессіз сөз бастама!

Жеңемін деп біреуді,

Өтірік сөзбен қостама!-деген  Асан қайғының «Есті көрсең кем деме» атты  өлеңінен алынған үзіндідегі айтылған ойға,  өлең шумақтарымен өз ойынды білдіру.

  1. Жалп-жалп ұшқан жапалақ

Аттансаң жазы түзде көрерсің,

Жаман туған бар болса,

Жаман жолдас көп болса,

Жазаны содан көрерсің,- Шалкиіз жыраудың   өлеңінен алынған үзіндідегі айтылған ойға,  өлең шумақтарымен өз ойынды білдіру.

  1.  
  1. «Жақсының сөзі де жақсы, ісі де –жақсы. Орынын тауып сөйлеу де – өнерайтқанын аяқсыз қалдырмай, тірлігімен тиянақтап отыру да – тағылым»,-деп Д.А.Қонаевтың «Ақиқатты аттауға болмайды» кітабынан алынған үзіндідегі  айтылған ойға, өлең шумақтарымен өз ойын білдіру.
  2. Бірлігіңнен айырлма,

Бірлікте бар қасиет,- деген  Ақтанберді жыраудың «Балаларыма өсиет» атты  өлеңінен алынған үзіндідегі айтылған ойға,  өлең шумақтарымен өз ойынды білдіру.

  1.  
  1. Ел аман болсын ылайым,

Тілегім берді бәрін де,

Ризамын, құдайым!- деген  Ақтанберді жыраудың «Балаларыма өсиет» атты  өлеңінен алынған үзіндідегі айтылған ойға,  өлең шумақтарымен өз ойынды білдіру.

  1. Ел бастау қиын емес,

Қонатын жерден көл табылады.

Қол бастау қиын емес,

Шабатын жерден ел табылады.

Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ,-деген Бұқар жыраудың өлеңінен алынған үзіндегі айтылған ойға, өлең шумақтарымен өз ойынды білдіру.

  1.  
  1. Кедейлік болар ма мұнша қиын,

Байдың үйі айт пен той, күнде жиын....,- деген Қобылан Бәрібайұлы  өлеңінен алынған үзіндідегі айтылған ойға,  өлең шумақтарымен өз ойынды білдіру.

  1. Ақыл сұрасаң азбассың,

Көпті көрген көнеден,- деген Ш.Қанайұлы  өлеңінен алынған үзіндідегі айтылған ойға,  өлең шумақтарымен өз ойынды білдіру.

  1.  
  1. Жаманға жақыным деп сөз айтпа,

Күндердің күні болғанда

Сол жаман өз басыңа айғақ-ты!- Шалкиіз жырау өлеңінен алынған үзіндідегі айтылған ойға,  өлең шумақтарымен өз ойынды білдіру.

  1. Ашу – дұшпан, артынан

Түсіпкетсең қайтесің

Түбі терең қуысқа!- Асан қайғының өлеңінен алынған үзіндідегі айтылған ойға,  өлең шумақтарымен өз ойынды білдіру.

1-жүргізуші: Ендігі кезекті «Қолыма қалам алып, жыр жазамын» деп аталады.

Сыр сандықты ашып қара,

Ашып қара, сырласым

Сым пернені басып қараш

Басып қараш, жырласың!-деп Сәкен жырға қосқандай сыр сандықтың құпиясын ашатын сәтке де жеттік. Бұл – кезеңде берілген тақырыптарды таңдап, өлең шығару.

2-жүргізуші:

Тақырыптар:

  1. Тілім менің –тірлігім
  2. Бірлігі жарасқан ел
  3. Дін-шариғаттың айнасы
  4. Ел ертеңін ойлаған Елбасы
  5. Мектеп-алтын ұя
  6. Достық – ұлы ұғым
  7. Бабаның сөзі-ақылдың кеңі
  8. Бабаның жолы- ұлы жол
  9. Өлең - менің өмірім
  10. Туған жерім – құт мекенім

1-жүргізуші:

    Кешеге күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына,жолына  байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Абайдың қара сөздері
Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған " Жырлайды жүрек" әдеби- сазды кеш
Сөз анасы – сәлем
Ұлы ақын Абай
Жырлайды жүрек
Үндескен семсер жырлары
Өзіңсің поэзия Пайғамбары
Сезімге түскен сәулелер
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін атты әдеби сазды кеш
Жырлайды жүрек
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 3146 | Қосты: Болатова Эльмира Муратовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык