Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » С. Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен-қазақ» өлеңдері


С. Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен-қазақ» өлеңдері

С. Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен-қазақ» өлеңдері

Күні

8.10.14

Сабақтың тақырыбы

С. Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен-қазақ» өлеңдері

Сілтеме

Қазақ әдебиеті 6-сынып

Жалпы мақсаты

С.Торайғыров шығармашылығына, оның өмірлік ұстанымына, азаматық тұлғасына көңіл аударту;Азаматтық тұлғасын ашу

Міндеті

Сұлтанмахмут поэзиясының тілдік, көркемдік ерекшелігін таныту, өлеңді әдеби-теориялық талдай білуге дағдыландыру. Ақын шығармалары арқылы оқушылардың әдебиетке деген таным - біліктерін шыңдау.Отанға, халыққа деген шексіз сүйіспеншіліктің көрінісімен таныстыу

Оқыту нәтижесі

Әдеби-теориялық білімдері кеңейеді, ақын-жазушы шығармашылығы туалы білімдері артады, өзіндік ой-пікір, тұжырым айтуға дағдыланады. Сыни ойлауы қалыптасады. Отаншылдық сезімі артады. Поэзияға құмарлығы артады.

Тапсырма

 

Сабақтың барысы;

Уақыты

Бөлімдері, қолданатын әдіс-тәсілдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1 мин.

 

 

 

3 мин

І.Ұйымдастыру

 

 

ІІ.Қызығушылықты ояту.

Амандасу, түгендеу, сабаққа назарларын аудару

 

Оқушы белсенділігін арттыру мақсатында «Менің борышым...»

тренинг

 

 

 

 

Оқушылар бір ауыз сөзбен «Менің  борышым...» деп өз ойларын жалғастырады.

10мин

ІІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Ш.Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»

Оқушылар жатқа мәнерлеп оқиды.

2мин

ІҮ.Үй тапсырмасын бекіту

«Бір айналым сөйлесім»

«Абай салған ағартушылық-демократтық жалғастырушы...»

Оқушылар ойын бір-бір сөйлеммен жалғастырып, Шәкәрім шығармашылығы туралы ой қорытады.

13 минут

ІІІ Мағынаны тану

 

Жаңа сабақ

Кітаппен жұмыс

С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңін, «Мен -қазақ» өлеңін және әдебиет теориясынан «Лирикалық кейіпкер» танысады.

Оқушылар кітаппен жұмыс жасайды.

Мәнерлеп оқып,  лирикалық кейіпке туралы түсінік алады.

 

10мин

Топтық тапсырма

Постер құру

Үш топқа тапсырма;

1-топ «Шығамын...»

2-топ «Мен-қазақ»

3-топ Екі өлеңді салыстыра талдау.

Әр шумаққа талдау жасайды. Постер қорғайды.

Тақырыбы:

Лирикалық кейіпкердің көңіл күйі:

Идеясы;

 

3 мин

ІҮ. Ой қорыту

«Зымыран сұрақтар»

-Сұлтанмахмутты сен кіммен салыстырар едің?

-Өлеңдеріндегі өршілдік, қайсалық мінез кімді еске түсіреді?

-Өлеңде ауыспалы мағынада

қолданған сөз бар ма?

Ақын арманы қандай?

Алаш деген кім?

Лирикалық қаҺарман деген кім?

Қазіргі таңда ақын үміті ақталды ма?

Оқушылар өздері осыған дейін оқыған ақындармен салыстыра отырып ой қортады.

2 минМұғалім түйіні:

ХІ ғасыр мен ХХ ғасыр тоғысында әдебиет әлеміне тың ой әкелген бірнеше біртуар тұлғалар бар. Олар шығармаларының тақырыптық маңыздылығымен, көркемдік шешімдерімен, жанрлық ерекшеліктерімен дараланады. Қазақ халқының рухын аспандата келген оптимистік көзқарастағы ақын - жазушылар көші Сұлтанмахмұт Торайғыровтан басталады.С.Торайғыров - халқымыздың ой тілегін білдіріп, көзін надандықтан ашуды арман еткен. Ақын өз атынан сөйлей отырып, сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат - мақсатын, арман - аңсарын жырға қосады

1минут

Ү. Бағалау

Мұғалім оқушыларға бағалауды ұсынады, соңынан өзі қорытынды жасайды.

Оқушылар бір-бірін бағалайды.

Қосымша деректер

XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, аса көрнекті ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған.

Екі жасында шешеден жетім қалған Сұлтанмахмұттың балалық шағы Баянауылда өтеді. Алты жасында - хат таныған Сұлтанмахмұт 1908 жылы Баянауылда Әбдірахман молданың медресесінде екі - үш жыл, 1911 жылы жаңаша оқыған Нұрғали деген мұғалімнен бір қыс оқиды. Пән негіздерін үйреніп, білімге деген ынтасы артқан Сұлтанмахмұт одан әрі оқуын жалғастыру арманына жете алмайды. Троицк, Семей, Томск сияқты ірі қалаларға барып оқуын жалғастыруға ниеттенсе де, қамқоршысы мен қаржының жоқтығынан, тұрмыстың қиыншылығынан ол мақсаты орындалмайды. Бірақ оптимист Сұлтанмахмұт өз бетімен ізденіп көп оқыды, ғылымның әралуан саласынан хабардар болды, сөйтіп заманының оқымысты жастарының біріне айналды. Сұлтанмахмұт Торайғыров жасында жабысқан дерт кеселінен 27 жасында қайтыс болды. Аз жасағанына қарамай, ол қазақ поэзиясы мен прозасын жаңа сатыға өтеріпкетті. Реалист - ақын XX ғасырдың әдебиетінде жаңа жанрлар туғызды, роман жанрының, реалистік поэманың қалыптасуына әсер етті.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
С.Сейфуллин "Ақсақ киік өлеңі".
Кедей. Сұлтанмахмұт Торайғыров
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шілде» өлеңі
Сұлтанмахмұт Торайғыров “Қамар сұлу” романы
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Асқақ арманды ақын», «Бір адамға»
Шығамын тірі болсам адам болып
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Бір адамға» өлеңі
С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
Сұлтанмахмұт Торайғыров " Шығамын тірі болсам адам болып"
Шығамын тірі болсам адам болып
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 8993 | Қосты: Гумарова Агзия Зулхарнаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык