Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тұңғыш ағартушы-ұстаз


Тұңғыш ағартушы-ұстаз

Тұңғыш ағартушы-ұстаз 

Сабақтың тақырыбы: Тұңғыш ағартушы-ұстаз 

Сабақтың мақсаты: 

       А/ Білімділік: Ыбырай ағартушылық қызметінің, шығармаларының қыр-сырларын меңгертіп, мазмұнына , тереңдей бойлату,өлеңдеріне жан-жақты талдау жасай отырып тақырыбын ашу.

       Ә/ Дамытушылық:  Оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру,шығарманың мазмұнын аша білу қабілетін дамыту.

     Б/ Тәрбиелік:оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншілікиерін оята отырып, еңбек сүйгіштікке, табиғатты қорғауға, елжандылыққа, ұқыптылыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігіэлектронды презентация, интерактивтік тақта, , суреттер, Ыбырайдың шығармалар жинағы, баспасөз материалдары

Cабақтың типі:

Сабақтың әдіс –тәсілдері:сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау 

Пәнаралық байланыс: тарих, география 

Сабақтың түрі :  Дәстүрлі сабақ 

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың барысы:  А/ Ұйымдастыру.

                 Ә/Оқушылардың назарын сабаққа аударып, оқу-құралдарын түгендеу.

                Б/ Үй тапсырмасын сұрау

   1. Оқушылардың Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы  жайлы не білетіндіктерін сұрап, толықтыру.

   2. Ыбырай алтынсариннің қандай әңгімелері мен өлеңдерін білетіндіктерін еске түсіріп, мазмұнын айтқызу.

3. Балқожа би жайлы мәліметтер беру.

 

  1. Ыбырай Алтынсариннің өмір жолына шолу жасау.

Жылдар

Маңызды оқиғалар

 

1841 жылы 20 қазанда

Қостанай облысы Затабол ауданында туған.

 

1850 жылы

Орынбордағы қазақ балаларына арнап ашылған жеті жылдық орыс-қазақ мектебіне барған.

 

1857 жылы

«өте жақсы» деген бағамен бітірген.

 

1859 жылы

Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болған.

 

1859 жылы

Орынбордағы шекаралық комиссияның төрағасы, Шығысты зерттеуші белгілі ғалым,профессорВ.В.Григорьевпен жақын танысады.

 

1860 жылы

Торғай мектебіне мұғалім болып тағайындалады.

 

1864 жылы

Торғайдағы мектепті ашады.

 

1876 жылы

Петербург, Қазан қалаларына барады.

 

1876 жылы

«Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі.

 

1879 жылы

«Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шығады.

 

1879 жылы

Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.

 

1881 жылы

Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.

 

1879-1883 жылдары

Торғай қаласының төрт уезінде (Торғай,Ырғыз,Троиц,Ақтөбе) мектептер ашылады.

 

1983 жылы

Торғайда қолөнер мектебі ашылады.

 

1983 жылы

 «Мұсылмандық тұтқасы» оқу құрал жазып шықты.

 

1887 жылы

Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылады.

 

1987 жылы

Қостанай уезінің Обаған және Жетіқара болыстарынан бір сыныптық мектептер ашылды. Жанынан қазақ балалары жататын 25 орындық интернат салдырды.

 

1889 жылы

Ауыр науқастан 48 жасында қайтыс болады.

 

               В/ Жаңа сабақ

Ы.Алтынсариннің қазақ әдебиеті тарихындағы орны

  1. Ыбырай Алтынсарин кім?

 

         Ақын                                           ағартушы                                   педагог

 

 

 

Жазушы                                                                                             оқулық авторы

 

                             

                              

                         Ғұлама                            шағын әңгіме шебері

Ы. Алтынсарин –оқулық авторы.

1. «Қазақ хрестоматиясына енген тақырыптар қандай бөлімдерден тұрады?

А/ Балалар өмірінен алынған әңгімелер. Бұлар түрлі орыс хрестоматиясынан, көбінесе И.Паульсонның хрестоматиясынан алынды.

Ә/ Әр түрлі жинақтардағы адамдар өмірінен алынған әңгімелер.

Б/ Қазақ ақындарының ең таңдаулы өлең -жырларынан үзінді.

В/ қазақтың мақал –мәтелдері.

 

1.   Білімге шақырған өлеңдері

«Кел,балалар,оқылық!» , «Өнер, білім бар жұрттар»

 

Табиғат туралы   «Өзен»,          «Жаз».

 

2.   Әлеуметтік теңсіздік:

«Залым төреге», «Әй, жігіттер», «Азған елдің хандары», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері», «Азған елдің билері»

 

3.   Орыс жазушыларының аудармалары:

И.Б.Паульсонның «Книга для чтения и практических упражнений в русском языке», К.Д.Ушинский «Родное слово», Л.Н. Толстой, Крылов.

 

4.   Қазақ ауыз әдебиеті  «Лұқман хакім», «Жиренше шешен», Таза бұлақ», «Қар батыр», «Тазша бала», «Алтын айдар», «Қобыланды батыр»

Ыбырайдың өлеңдерін оқып, мазмұнын талдау. (өлеңшілер тобы)

 «Жаз», «Өзен»  -табиғат туралы

«Азған елдің билері, хандары,байлары», «Залым төреге»- ел ішіндегі теңсіздік, келеңсіздіктерді жырлайды.

«Әй, достары» атты өлеңінде қолдан келсе жас жеткіншектерге қолдан келсе жақсылық жаса, кең пейілді бол, өз еңбегіңмен күн көрге шақырады.

«Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен» өлеңінде адал еңбекті, шындықты жырлайды

 

Ыбырай өлеңдеріне байланысты кестелер толтыру

 

 Ыбырай сөзі

Қандай қасиеттерді айқындайды?

Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен

Телмірме еш адамға мұңдықпенен

 

Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей-ақ табылар.

 

Өнер-білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Жылдам хабар алғызды.

 

Ақылсыз жанды досым деп,

Басыңды қосып, сыр айтпа.

Күндердің күні болғанда,

Ол жаман айғақ болар басыңа.

 

Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп,кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын.

 

Ыбырайдың әңгімелері (әңгімешілер тобы)

Әңгімелерін қысқаша тезистеп айту мазмұнын

Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясын» жазудағы мақсатын айтып, оған енген әңгімелерінің тақырыбын айтып беру.  Ары қарай оқушылардың өздері сол әңгімелері бойынша ой өрбітіп, талдау жасайды.

5. Берілген әңгімелерінің мазмұнын баяндау

Әке мен бала

Талаптың пайдасы

Түлкі мен ешкі

Атымтай жомарт

6. Осы әңгімелері бойынша    сатылай кешенді талдау жасау

                                         Шығарма аты

 

                                          Авторы

 

                                         Тақырыбы, идеясы

 

                                         Жанр түрі

                                        

                                         Кейіпкерлері                                                            

 

                                          Мақал – мәтелдер, нақыл сөздер

 

7. Әдебиет лотосы. 

Шығармадан үзінді

Шығарма атауы

Айтар ойы, идеясы

Біраз жер жүрген соң, Асан “Қарным ашты”,- деп жылады. Үсен үндемей келе жатса, екеуінің алдынан бір үйрек ұшып, ұзамай қасына қонды. Асанның онымен ісі болмай жүре берді.

 

 

Қытай жұртында ескі заң бар, біреуді алдағандығы мойнына түскен  кісінің қолын кесетұғын. Бір төре осындай іспен кінәлі болып, әлгі айтылған жазаны беруге тұрғанда, кінәлі төренің жас қыз баласы әкем үшін жауап беремін деп, мәлім болды.

 

 

Сейіт  жол үстінде жүгіріп бара жатқанда, бір арбалы келіп, аңдаусыз соғып кетіп, аяғын сындырып алыпты. Ойбайлап жылап жатқан баланы көріп анасы есінен танып қалыпты.

 

 

 

Ы.Алтынсаринге қатысты сөздерді талдау.

1. «Ыбырай Алтынсарин –қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты»

                                                             «Оренбурский листок»  газетінен

 

2. «Қазақ халқы қарапайым, өнері жоқ халық, бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз»                                        Ы.Алтынсарин.

3.  «Халық мектептері үшін ең керектісі –оқытушы. Тамаша педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, инспектор бақылауы даоқытушыға тең келе алмайды.»                                                                       Ы.Алтынсарин

4. Қазақтарға-осы дарынды, ақыл-есі мол халыққакешікпей рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру қалай дегенмен де қажет болып отыр»

                                Ы.Алтынсариннің (губернаторға жолдаған баяндамасынан)

 

Сабақты қорытындылау, бағалау.

 

Үй тапсырмасы: Ы.Алтынсарин шығармашылығын оқу, талдау,

                                Өлеңін жаттау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ы.Алтынсарин " Әке мен бала"
Салақтық. Ы.Алтынсарин.
Ыбырай Алтынсарин-ағартушы
Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны мен өлеңдері
Алтынсарин – ағартушы, педагог
Ы. Алтынсарин – ағартушы, педагог
Ыбырай Алтынсарин
Алтынсарин әңгімелері
Таза бұлақ
Ыбырай-шағын әңгіме шебері
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 3433 | Қосты: Гаухар Ажмеденова Тасқалиқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык