Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Абайтану арнаулы курсы


Абайтану арнаулы курсы

Абайтану арнаулы курсы

Түсінік хат
Мәдениеті жетіліп, ғылымы өрістеген қай халықты алсақ та, архив деректерін көзінің қарашығындай сақтап, тарихи шындықтар көзін аршып отыратын игі дәстүр бар. Осы санатқа қазақ халқы да иек артты.
Абай Құнанбаевтың шығармашылық жолын тану процесі қазіргі қазақ әдебиетінің ілгері де өнімді саласына айналғаны хақ. Оған себеп поэзия пайғамбарының ұланғайыр әдеби мұрасы ұлтымыздың рухани әлеміндегі қайталанбас ғажайып құбылыс болуында жатыр.
А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы турасында қалам тербеп, ой толғаған қалам иелерінің саны молығу үстінде. Абай мұрасы жыл сайын әр қырынан зерттеліп, абайтану тарихының беттеріне тізіліп жатыр. Әйтсе де ұлы ақын мұрасын ғылыми негізде танып бағалау жұмысы көбінесе мерейтойлар тұстарында қарқындай өрістесе де, қалған уақыттарда үзіліп қап жататыны – бүкпесіз шындық. Бұған қарап, «Қазақтың бас ақынының» есімі мен еңбегі ел жадында көмескіленді дей алмаймыз. Мұхтар Әуезов негізін салып кеткен қазақ әдебиетінің іргелі саласы абайтану барында ұлы ғұлама қазынасы ұрпақтан-ұрпаққа жете бермек. Осы бастаманы біз де мектеп оқушыларына «Абайтану» курсын оқыту арқылы жалғастыруды жөн деп тауып, арнайы басты тақырыптарды қамтып, бағдарламасын жасадық. «Абайтану» курсының мақсаты – ақынның өсиет-өнегеге, ақыл-білімге, пайым-парасатқа тұнған баға жетпес байлығы арқылы саналы, өрелі ұл-қызды, өмірі мен өлеңдері туралы жетік білетін абайтанушыларды, Абай мұрасының білгірлерін қалыптастыру.
 
 
Міндеттері: 
• Абайдың өмірі мен шығармашылығын терең меңгерту;
• Абайтанушы ғалымдар, Абай мұрасын тірнектеп зерттеушілер еңбегімен таныстыру,
• Ақын өлең өрнегінің өзгешелігін ұғындыру;
• Сан қырлы талант табиғатын ашу;
 
 
Күтілетін нәтиже: сан қырлы ғажайып ақынның, ой данасының мұраларын оқып-үйренген, саналы ой түйе білген, өлеңді мәнерлеп оқи алатын және көркем шығармадан ләззат ала білетін шығармашыл тұлғалардың шығуы.
 
 
Абайтану» арнаулы курсы
Аптасына 1 сағат, барлығы – 34
 
№                   Сабақтың тақырыбы    
Сағат саны
1 Кіріспе. Абайтану курсы. Мақсат-міндеті.
1
 
Абайдың тұқым-тұяғы және білім алуы
 
2 «Арғы атасы – қажы еді» 1
3 «Атадан алтау, анадан төртеу» 1
4 Абайдың өмір белестері 1
5 Абайдың он баласы 1
6 Абай сусындаған үш бұлақ 1
7 Абай білім алған ордалар 1
8 Алғашқы бақылау. Тест
 
Абайтанушылар
 
9 Тәкен Әлімқұлов – абайтанушы ғалым 1
10 М.Әуезов – Абай мұрасының бірегей білгірі 1
11 М.Әуезов – Абай шығармаларының текстологі 1
 
Абайдың ақындығы
 
12 Абай – сыршыл ақын. Абай өлеңдеріндегі азаматтық лирика
1
13 Абайдың табиғат лирикасы 1
14 Абайдың махаббат лирикасы 1
15 Абайдың философиялық лирикасы 1
16 Аралық бақылау.Тест 1
 
Абайдың ғақлиясы
17 Абай қарасөздерінің текстологиясы мен зерттелуі 1
18 Абай қарасөздерінің тақырыбы 1
19 Оқу, өнер-білім туралы сөздер 1
20 Тәлім-тәрбие туралы сөздер 1
21 Абай қарасөздеріндегі адамгершілік, мінез-құлық жайы 1
 
Абай және музыка
22 Абай – сазгер 1
23 Абай – күйші 1
 
Абай – аудармашы
 
24 Абай және Пушкин 1
25 Абай және Лермонтов, Гете 1
26 Абай және Лермонтов, Байрон 1
27 Абай және Крылов 1
 
Абайдың ақын шәкірттері
28 Ақын шәкірттері – Көкбай,  Әріп, Әсет, Мұқа ақын 1
29 Абайдың ақындық мектебінен тәлім алғандар – Шәкәрім Мағауия 1
 
Абай және қазақ поэзиясы
 
30 Абайдың қазақ поэзиясына қосқан үлесі 1
31 Абай өлеңдерінің құрылысы 1
32 Абай өлеңдерінің көркемдігі 1
33 «Абай – қазақтың бас ақыны» Абайдың ақындығы жайлы мақалалар 1
34 Жылдық бақылау. Тест 1
 
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мырзахметұлы М. Әуезов және Абай. – Алматы: «Қазақстан», 1996.-272
2. Т.Әлімқұлов. Жұмбақ жан.-Алматы «Жазушы» 1993
3. М.Әуезов Абайды білмек парыз ойлы жасқа –Алматы: «Санат» 1997 416 бет
4. Т.К.Жұртбай. Куйесің ,журек,Суйесің Алматы: «Санат» 2001 408бет
5. Абай жайлы сөз -Шығыс Қазақстан мәдениет басқармасы. «Өскемен» 1995
6. З.Ахметов. Абайдың ақындық әлемі
7. Д.Омаров. Абайтану. Алматы1995 18-21б
8. Абай. Шығармалар екі томдық жинағы Өлеңдер мен аудармалар.
                         Алматы «Жазушы» 2002
9. М.Мырзахметов . Абай жүрген ізбенен. Алматы: «Қазақстан»1985 172 бет
10.Ұ.Әбділдаұлы «Абайды оқу әліппесі» Алматы «Рауан»1994 88б
11. Ә. Жиреншин .Абай. Алматы 1961
12. Т. Қожакеев. Абай – сатирик. Алматы: «Білім» 1970 30 бет
13. Абай. Нақыл сөздер 
   Алматы. «Көшпенділер» 2007ж 160 бет
14. Т. Әлімқұлов. Әдеби - сын зерттеу. Алматы: «Жазушы»1993ж 224 бет
15. Абай. Энциклопедия. 
Алматы: «Атамұра» 1995ж
16. Х. Шүйіншалин Абайдың қара сөздері 
17. Д. Досжан Абайдың тұқым тұяғы
18. Абай журналы
19. С. Өзбекұлы «Абай және адам құқы» Жеті жарғы Алматы. 1995 3 – 6 бет
20. Абайды оқы, таңырқа… - Алматы «Ана тілі» 199

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Абайдың қара сөздері
Күз
Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметі
Абай Құнанбаев-қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Абайтану таңдау курс бағдарламасы
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы
Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы
Абай және батыс әдебиеті
"Адасқанның алды-жөн,иарты соқпақ" Абай
Абай. "Құлақтан кіріп, бойды алар"
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 17004 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 30 июля 2015 02:09
You've mageand a first class post
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык