Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ауылым - әнім


Ауылым - әнім

Тақырыбы: Ауылым - әнім

1 - Жүргізуші:  Құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгінгі жерлес ақын, жазушылар  өмірі мен шығармашылығына арналған «Ауылым - әнім» атты әдеби сазды кешке қош келдіңіздер!
           Қазіргі таңда Байғанин ауданы облыс аудандары ішінде білімді кадрлары жөнінен алғашқы орындарды иемденіп отырған ауданның бірі. Ауданда мыңнан астам жоғары білімді мамандар халық игілігі үшін түрлі салаларда жемісті еңбек етуде.
       Жем – Сағыз бойынан бүгінге   дейін есімдері елге танылған ғылым, әдебиет және мәдениет қайраткерлері өсіп жетілді.
            Туған жердің қасиетті топырағынан нәр алған табиғи талант иелері жыры мен әні жұртшылыққа танылған, шығармалары әлемдік әдебиттерден ойып тұрып орын алған ақын – жазушылардың біразы Байғанин топырағында дүниеге келген. Атап айтар болсақ: Нұрпейіс Байғанин, Тобық Жармағанбетов, Сағи Жиенбаев, Бәкір Тәжібаев, Мәди Айымбетов, Өтежан Нұрғалиев, Сәбит Баймолдин, Есенбай Дүйсенбаев, Қайдас Серікбай, Қаймақбаев Елубай т.б.
2 - Жүргізуші:    Жем – Сағыз – жігер жанып, қайраған жер
                             Жем – Сағыз – сұлулығын сайлаған жер!
                             Өзінен шыққан талай серілерді:
                             «Сазымның сәні болған -  бай балам» - дер,
деп Б.Тәжібаев жырлағандай, бұл кештен Жем – Сағыз өңірінде туып - өскен жерлесіміз, ақын-жазушылардың өмір жолдарымен, туған жер тақырыбындағы шығармаларымен, еңбек жолдарымен таныса аласыздар.
                              Кең жазира көгілдір далам менің,
                              Бір өзіңсің сағынсам барар жерім.
                              Толқындарың қаныммен бірге тулап,
                              Қолтығымнан сүйейді самал желің.
Хор: «Ауылым - әнім»   сөзі:Бәкір Тәжібаевтікі     әні: Ескендір Хасанғалиевтікі
Орындайтын: Болатұлы Рахмет. Қабыл алыңыздар.
1 - Жүргізуші:  
  Жыр  көңілдер  әрдайым  қалыпты әнді,
  Жетелейді  биікке  талап мәңгі.
  Сағи, Тобық, Есенбай, Бәкірлерім
  Жем – Сағыздың  бойынан  қанаттанды.
Байғанин топырағында дүниеге келген ұлы перзенттеріміздің бірі - Нұрпейіс  Байғанин  1860  жылы,  Байғанин  ауданында  дүниеге  келген.  Ол  халық  ақыны,  жырау.  1939  жылдан   Қазақ  КСР жазушылар  Одағының  мүшесі ,  еңбек  сіңірген  өнер  қайраткері.  Кедей  отбасынан  шыққан  әкесі  Байғана  жалшы  болған.  Нұрпейіс  Байғанин  бала шағында  анасы  Үміттен  домбыра  ән  өнерін  үйренген,  жастайынан  батырлар  жырларын, эпикалық  шығармаларды  жаттап  өскен.  Сол  кезден  - ақ сәби  Нұрпейіс  өлең  жырға,  әнге , домбыраға , ертегі  айтуға  әуестеніп,  «Әнші  бала»,  «Ертекші бала», «домбырашы бала»  деген  аттарға  ие  болады.  
Көркемсөз     Оқитын: Базарбаева Айғаным
Ән: «Байғанин»
Орындайтын: 
Ән: Туған жер 
2 - Жүргізуші: Бәкір Тілеуұлы Тәжібаев – қазақтың көрнекті ақыны, сазгер, драматург.
          1926 жылы 15 мамырда Ақтөбе облысы, байғанин ауданы, Ақбұлақ ауылында дүниеге келді. Қазақстан Жазушылар одағының  мүшесі.Темір педагогикалық училищесінде оқыған соң  Мұғалжар
Аудандық  газетінде, аудандық комсомол комитетінде  қызмет істеген.
      Оның  “Жас дәурен”, “Ақбұлақ”, “Әппағым”, “Гүлсің - ау” т.б. әндері  жұрттың 
ықыласына ие.  Прозалық, поэзиялық  “Қара  торғай” (1967 ж),“Біздің Роза”(1969 ж),“Сахна  жұлдыздары” (1977 ж), “Балбұлақ” (1969 ж), “Ән – дәурен” (1973 ж), “Жүріп келем” (1976 ж), “Дала жолдар” (1980 ж), “Жыр - жолаушысы” (1982 ж) т.б. кітаптары жарық көрген.
Бәкір Тәжібаевтың әндерін тыңдайық. 
Көркемсөз. Б.Тәжібаев. «Жем сағыз» Оқитын:  Әбіш Айдана
Ән: «Ақбұлақ»  авторы: Б.Тәжібаев  Орындайтын:
1 - Жүргізуші: Тобық Мырзағұлұлы Жармағанбетов – жазушы. 1934 жылы Жарқамыс ауылында дүниеге келген.
       Т.Жармағанбетов шығармашылық қызметін 50-жылдардың аяғында бастады, ол нағыз талантқа тән тереңдікпен, ойшылдықпен, сыршылдықпен қалам тербеп, уақыр, замана талабына сай салиқалы ой, салмақты жүк арқалаған шығармалар жазды. Үлкен бір повестке пара-пар «Отамалы» әңгімесі қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған асыл мұра болып қалды. «Ақ жауын», «Бәйтеректің жас шағы», «Нәзік бұлттар» атты повестері, «Қара жаңбыр», «Екі жүрек», «екі дос», «Менің достарым», «Кішкентай махаббат» атты әңгімелері оқырман жүрегінен орын тапты.
         Т.Жармағанбетов есімі Байғанин поселкісіндегі бір көше мен орта мектепке берілді.
    Би: «Қазақ» биі                                              «Шапағат» бишілер тобы
2 - Жүргізуші: Сағи Жиенбаев 1934 жылы 15 мамырда Байғанин  ауданының  Оймауыт ауылында туған. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қазақ поэзиясын  жаңа биікке  көтерген  ақын.
      Ол – “Еңлік - Кебек”, “Махамбет”, “Боранды  Едіге” операларының либретто  авторы.Ақынның  “Қарлығаш”, “Сыйлық”, “Дала гүлі”, “Теңіз сыры”, “Таң алдында”,“Менің  көршім”, “Қайырлы таң”,  “Ақ толқын”, “Оркиік”, “Алтын қалам”, “Жадымдасың  жас күнім”, “Әлия”, “Оймауыт”, “Құралай  салқыны”, “Бозторғай”,“Іңкәр  дүние”, “Жарық жұлдыздар”, “Нан мен тұз”, “Жер құдіреті” т. б. жыр  кітаптары  жарық көрді. 
Көркемсөз. С.Жиенбаев. «Туған жер»      оқитын:  Оразқызы Меруерт
                   С.Жиенбаев. «Күн батарда» оқитын: Құлмұратов Нұрмұханбет
Ән: «Ауыл қарттары» сөзі: С.Жиенбаев әні: Досхан Жолжақсынов  орындайтын: 
Көркемсөз. «Әже мен немере» » С.Жиенбаев. Оқитын:Аманкелді Ақерке
1 - Жүргізуші: Сәбит Баймолдин 1942 жылы 5 наурызда  Байғанин  ауданының  Қарабұлақ  ауылында  туған.
    1964 жылы С. М. Киров атындағы  Қазақ  мемлекеттік  университетінің  
филология факультетін бітірген соң, өз ауылындағы мектептің мұғалімі, 
директоры,  республикалық  “Қазақстан  мұғалімі” газетінің Батыс  Қазақстан
облыстары  бойынша меншікті тілшісі, Қазақстан  Жазушылар одағының мүшесі.
  “Жер - мекен” (1966 ж), “Қырда туған” (1967ж), “Монолог” (1969 ж), “Сағыныш”
(1976 ж), “Тал кеме” (1988 ж), “Алтын  гүл” (1978 ж), “Бесік жыры” (1985 ж) т. б.  
өлең   кітіптары  жарық көрген.
Көркемсөз. «Туған елді сүйіңдер» Сәбит Баймолдин Оқи: 
Ән: «Бозторғай»  сөзі:Бәкір Тәжібаевтікі     әні: Ескендір Хасанғалиевтікі
Орындайтындар: 
1 - Жүргізуші: Өтежан Нұрғалиев 1938 жылы  15 тамызда  Байғанин  ауданының  Жарқамыс  поселкесінде, “Ақжар”  кеңшарында  дүниеге келді.
Қазақстан  жазушылар  одағының  мүшесі,  қазақ  өлеңіне  тың өрнек,  жаңа  
тыныс  әкелген  көрнекті қаламгер.
    Оның  “Менің  махабатым” (1962 ж), “Нөсерден  кейін” (1969 ж), “Кемпірқосақ”
(1970 ж), “Кәмелет” (1971 ж), “Ай  астында ақбоз үй” (1972 ж), “Қайыңды тоғай”
(1973 ж), “Таңдамалы” (1976 ж), “Соғыстың соңғы жазы” (1977-1984жж 1,2,3,4
кітаптар ), “Тыныштық” (1987ж), “Афина  мектебі” (1997 ж) т. б. жыр кітаптары
жарық көрді.  
Көркемсөз. Ө.Нұрғалев  «Барсаң сәлем айта бар Байғанинге»  оқитын: Жолболдина Айым 
Көркемсөз. Нұрғалиев. «Туған жерді таныстыру»  оқитын: Молдашев А
2 - Жүргізуші: Қажығали Мұқамбетқалиұлы 1942 жылы 8 желтоқсанда  Байғанин  ауданында  дүниеге  келген. 1965 жылы
С. М. Киров  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  университетін бітірген.
  “Жұлдызды  түндер” (1972 ж), “Тоғай  сыбдыры” (1974 ж), “Жаңғырық” (1981 ж),
“Старые  друзья” (1971 ж), “Қайдасың  сен, махаббат” (1981 ж), “Сынық терезе”
(2003 ж) т. б. кітаптары  жарық  көрді.
  Қазір  Сырым батыр туралы роман жазып жүр.
Ән: «Әдемі - ау»   сөзі:Бәкір Тәжібаевтікі     әні: Ескендір Хасанғалиевтікі
Орындайтын
Көркемсөз. «Жаз» , «Біздің көл» Н.Байғанин Оқитын: 
1 - Жүргізуші: 
Жем – Сағыз - ән тербетпей қоймаған жер,
Бақытын туған елім тойлаған жер!
Ақыны  бұлбұлдайын сайраған жер,
Жем – Сағыз – айналайын жайнаған жер 
 
Мәди Айымбетов 1946 жылы  туған  Балалық  шағы  өзінің  ата – қонысы    Ақтөбе  облысының Байғанин  ауданында өтті. 1972  жылы  Қазақ  мемлекеттік   университетінің журналистика   факультетін  тәмамдағаннан  кейін  көп  жылдар  бойы 
Республикалық  газет  журналдар  басылымдарында  жұмыс істеді.  
“Тылсым”, “Аспан асты, жер  үсті”, “Нәзік  жаңғырық”, “Тәтті мұң”, “Көлге шомылған 
ай”, “Күнекей” атты прозалық    кітаптары жарық көрді.
 
Көркемсөз. «Бұлақ әні» С.Жиенбаев. Оқитын: Бегендік Айдана
Би: Қазақ биі                             «Шапағат» бишілер тобы
 
 2 - Жүргізуші:Есенбай Дүйсенбайұлы Байғанин  ауданы, Қалдайбек  ауылында  1940  жылы дүниеге  келген. Қазақстан жазушылар  одағының  мүшесі, көрнекті ақын, аудармашы.1963  жылы С.М. Киров  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  университетінің 
филология факультетін бітіргеннен кейін, Жарқамыс  орта мектебінде қазақ  тілі мен әдебиетінен сабақ берген.
      Тұңғыш  жыр жинағы. «Бозала таң мен бозторғай» 1971 жылы жарық көрді. Содан кейін  «Ақпейіл» (1963), «Ұланғайыр» (1977), «Ашық  аспан» (1976), «Ақ желкенді ағыстар» (1979), «Біздің  толқын» (1981), «Ашық  хат» (1986), «Таң торғайы» (1988), «Үшбұлақ» (1990) т. б. жыр жинақтары  жарық көрді.  
Көркемсөз.
«Жарқамысқа жақындағанда»                        Оқитын:Өрісқали Айшат
Ән: «Елігім – ау»  сөзі:Бәкір Тәжібаевтікі     әні: Ескендір Хасанғалиевтікі
Орындайтын: 
 
1- Жүргізуші:Байғаниннен түлеп ұшқан ән айту өнерімен елімізге танымал әнші ағаларымызда жеткілікті. Солардың бірі ән  сүйер  жұртқа  “Әкешім - анашым” , “Бақыт  деген”, “Мені  есіңе ал,аяулым” , “Аманат”, “Сылқылдақ”   әндерімен  танымал  әнші – Есет.
Есеттің  туып өскен жері:  Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Алтай  батыр ауылы
Ән: «Анашым - әкем»   Орындайтын: 
Ән: «Әлия» сөзі: Бәкір Тәжібаевтікі әні: Сейдолла Бәйтерековтікі
Орындайтын:  
2 - Жүргізуші:  Сөз кезегі өзіміздің ауылымыздың ақындары Қайдасов Серікбай ағай мен Қаймақбаев Елубай ағайға беріледі.(өмір жолдарынан қысқаша айту)
Көркемсөз. Е.Қаймақбаев «Туған жерге»   Оқитын: Көздібай Асқар
                    С. Қайдасов «Базарлы мекен Байғанин » Оқитын: Әнуар Назым
                   С.Қайдасов «Туған елім секілді сая бағым» Оқитын: Амандыққызы Н
 
Бар  келбетің  көз  алдымда  тұр менің
Сеніменен  мәңгі бақи біргемін.
Сеніменен  өседі ылғи мерейім,
Гүлдей берші, гүлдей берші, н ұ р л ы  е л і м !
                                             деп  Б. Тәжібаев жырлағандай келесі кезекті әнге береміз.
Ән: «Байғанин маршы» 
Орындайтын: -Жүргізуші: Біз бүгін жерлес ақын  - жазушыларымыздың туған жер тақырыбында жырлаған өлең – жырларына қанып, өмір жолы мен шығармашылығымен таныс болдық. Ендеше біз бүгінгі кешімізді Сәбит Баймолдиннің мынадай жыр шумақтарымен аяқтағымыз  келіп отыр.
   
Атамекен көз алдымда барлығы,
Өзен – тауы, әні – жыры, тағдыры.
Кім болсақта перзентіміз бұл елдің,
Біз туған ел дейді ғой ал мұны.
 
Жүрегіңнің жалынын бер, күйін бер,
Алшы! – деші азырқанбай сыйымды ел.
Келеді ғой менен бұрын айтылып, - 
Мен де айтайын. Туған елді сүйіңдер.
Хор: «Байғанин жастарының вальсі»  8 – класс оқушылары.
Бұл әнді зал түгел орындауларыңыз сұралады.
2- Жүргізуші: Келіп тамашалағандарыңызға көп – көп рахмет!
Сау болыңыздар! 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Өнерің өрге жүзсін, Әйбек!
Тілдің мәні мен қызметі
Алтынсарин әңгімелері
Шәкәрім өмірі мен шығармашылығы
Тіл- тарихи құбылыс
Now I know the ABC
Ол кім?Бұл не?
Арал қалалық №13 орта мектебіндегі психологиялық қызмет жайлы
Сақтар
“Қызықты математика” әлемінде
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 4857 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык