Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Көкөністер


Көкөністер

Көкөністер

Тақырыбы: «Көкөністер»

Мақсаты: балалардың қоршаған әлем туралы түсініктерін кеңейту. Балалар әдебиетін қызығушылығын арттыру. Көкөністердің  ұқсастығымен айырмашылықтарын, ерекшеліктерін ажырата білуге, топтастыруға және жүйелеу қабілеттерін арттыру. Баланың ойлау және сөйлеу қабілеттерін одан әрі дамыту. Көкөністерді ажырата білуге үйрету. Көкөністердің сабақта және жер астында өсетіндігі туралы түсінік беру.

Көрнекілік: Суреттер, тақпақтар, жұмбақтар.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап.

Қос тілділік: қызанақ – помидор, алма – яблоко, қызылша – свекла.

Сабақ барысы: Кәне, балалар, шаттық шеңберіне тұрып қонақтармен амандасамыз.

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Сәлем бердік біз

Сәлеметсіздерме ағайлармен апайлар

Балалар біздің қолымызда не бар

Гүл

Ендеше сол гүлдерді бір-бірімізге сыйлау арқылы жақсы жылы лебіздер сыйлайық.

Еліміз аман болсын

Ата-анамыз аман болсын

Деніміз сау болсын

Нанымыз көп болсын

Көк туымыз желбіреп биік болсын

Әрқашан күн сөнбесін

Елімізде бейбітшілік болсын

Балалар мен сендерге бірнеше жұмбақтар жасырамын сендер шешуін тез табындар

Жұмбақтар

  1. Жаздай інге тығылып

Жатқан қызыл түлкіні

Әкелді әжем бір күні

Құйрығынан суырып            (сәбіз)

  1. Жер астында басы бар

Жер үстінде шашы бар        (қызылша)

  1. Көкпеңбек еді көктемде

Қызарды күз жеткенде        (қызанақ)

  1. Қырыққабат жейде

Осыны да жейді ел

(қырыққабат)

Балалар, бізге орманнан екі себет көкөніс жемістері бар кірпі келе жатыр екен. Міне бізге келген кезде құлап себетін төгіп алыпты. Кәне бәріміз кірпіге көмектесейік.

 Балалар, себеттерге көкөністер қайда өсетін білеміз бе? (балалардың жауабы тыңдалады).

Сергіту сәті:

Маймақ аю қорбаңдап

Келе жатыр орманда

Тауып алып көп жаңғақ

Тығындады дорбаға

Бір мезетте жәу жаңғақ

Шекесіне доп тиді

Ашуланған ол маймақ

Ызыланып қомпиды.

Кәне балалар кім осы көкөністер туралы тақпақтар біледі екен?

Кім айтады?

Балалар білетін тақпақтарын айтады.

Балалар кірпі орманға қайтқысы келіп тұр біз сыйлыққа өзінің сүйіп жейтін тамағы алма ман саңырауқұлақты жасап берейік, кірпі құанып орманға қайтсын.

Балалар жапсыру арқылы алма саңырауқұлақ жасайды.

Жасалған жұмыстарды кірпіге сыйға тартады.

Балаларды қошеметтеу мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:  - көкөністермен жемістерді топтастыру, жалпыдан жекені бөлу.

Түсінік: - пішіндері әр түрлі, дәмдері әр түрлі дәрумендерге бай, пайдалы.

Нені біледі:  - жемістер бауда, көкөністер бақшада өседі, жапсыруды.

Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебі

Білім беру саласы:  «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдібиет

Тақырыбы:  «Көкөністер»

Өткізген: Абдіқадырова Г.Б.

2013-2014 оқу жылы


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Көкөністер дүкенінде
көкөністер мен жемістер.
«Кірпіге дос табайық».
Күз Жомарт
Жыл мезгілдері
Көкөніс.
Бақша өсімдіктері Көкөністер
Әлібек, бұл-көкөністер
Жемістер. Көкөністер
Көкөніспен жемістер. Дауыссыз дыбыстар
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 26542 | Қосты: Абдіқадырова Гүлніз Балтабайқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык