Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова


Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова

Сабақтың тақырыбы: Кеңес Одағының Батыры Мәншүк  Маметова

Сабақтың  мақсаты:1.Оқушыларды  Ұлы Отан соғысындағы  қазақстандықтардың  ерлігі,Мәншүк Мәметованың  ерлік істерімен таныстыру.Өлеңнің  мазмұнын  ашу.
2.Оқушылардың   қазақтың  батыр  қыздарының  ерлігіне  қызығушылығын  тудыру,өз ойларын  жүйелі түрде жеткізе білуге жетелеу,сөздік қорын,тіл байлығын  дамыту.
3.Оқушыларды,елді жаудан  қорғаған,елі үшін  ерлік  көрсеткен азаматтардв  құрмттеуге,туған жерін сүюге,Отан  үшін  отқа түсетін  елжанды,ел азаматы  болуға  тәрбиелеу.
 
Түрі: жаңа  сабақ.
Әдісі:көрнекілік,сұрақ-жауап,ой  қозғау,Венн  диаграммасы.
Көрнекілігі:Мәншүк  Мәметованың,Әлия  Молдағұлованың  суреттері,интерактивті тақта.т.б.
Сабақтың  барыс:
1. Ұйымдастыру  кезеңі:
2. оқушылардың  зейінін  сабаққа аудару
3. Үй тапсырмасын  сұрау.
-Балалар,үйге  қандай  тапсырма  берілді?
-«Құлын  мінген  бала» мәтінін  түсініп  оқып келу.
-Құлын мінген  бала  кім  екен?
-Кеңес  Одағының  Батыры  Бауыржан Момышұлы.
 
Оқушылар  мәтіннен  түсінгендерін   айтады.
Батыр  сөзінің  мағынасын  ашу.
Зор денелі                            Елін  сүйеді                     Жерін  сүйеді
 БАТЫР
Қаруы  бар                       Тұлпары  бар                        Жаудан   қорғайды
-Қазақтың  қандай  батырларын  білеміз?
-Қабанбай ,Бөгенбай,Наурызбай,Бауыржан.т.б.
3.Жаңа  сабақ.
-Балалар,бүгін  біз  Кеңес  Одағының  Батыры  Мәншүк  Мәметова    туралы    көбірек  білетін  боламыз.
-Ұлы  Отан  соғысы   1941  жылы  басталғанын  өткен  сабақтардан  білеміз.Енді  осы  соғыстың  батыр  қызы  Мәншүк  Мәметованың  өмірі  туралы  айтқым  келеді.
Мәншүк  1922   жылы        Батыс  Қазақстан     облысының     Орда  ауданында  дүниеге  келген.Ерте   ата  -анасынан  айырылып ,Алматыда  тұратын  ағайындарының  қолында  тәрбиеленген.
Шын аты  Мәнсия.Анасы  еркелетіп  Моншақ  деп атаған екен.
Ұлы  Отан  соғысы  басталғанда  Мәншүк  медецина  иститутында  оқып  жүрген.1942 жылы  небәрі  19 жасында  өзі  сұранып  майданға  аттанады.Ұрыста  ол пулеметші  болды.
А. «Гүл»  өлеңінің  авторы  туралы  түсінік беру.
Б.Өлеңді  мәнерлеп оқып беру.
В.Сөздік жұмысы
Г.Өлеңді  оқушыларға оқыту.
Атыс  толасында-атыс  тоқтаған  кезде.
Таптатпауға –аяққа бастырмауға.
178-жаттығумен  жұмыс.
4.Поэзия  минуты.Оқушылар   Мәншүк  туралы   тақпақтар оқиды.
5.Сергіту  сәті
6.Сөз  ойлап тап.Батыр аттары.
1.М,К,Ә,І,Л
2.Т,Л,Ғ,А,А,Т
3.Л,И,Ә,Я
4.Б,Г,Е,Н,Ө,А,ЙБ               5.Ә,М,Н,Ү,Ш,К
 
7.Батырлық,ерлік  туралы  мақал-мәтелдер.
8.Мәншүктің  майданда  анасына  жазған хатын оқу.
«Қымбатты  әпкетай ,сізді  түсімде көрдім.Жалпы  кәзіргі өміріміз көңілді.Фашистермен қару тілінде келіссөз  жүргізіп жатырмыз.
Жеңіспен оралған соң  айтатын нәрселер көп-ақ.Қолыңызды  қатты  құшып сүйемін.
Қызыңыз  Мәншүк.»
Бірақ,Мәншүк  оралған жоқ.Мәншүк  Мәметова  1943жылы16   қарашада  орыстың  көне қаласы  Невель  түбінде   ерлікпен  қаза тапты.
1944  жылы   1наурызда  оған  Кеңес  Одағының  Батыры  атағын  берді.
«Ер есімі  ,ел есінде»  диафильмін  көрсету
9.Сабақты  қорытындылау.
-Сонымен ,балалар   Мәншүк  тірі  болса   қазір  қандай  болар еді,кім болар  еді  ,қалай  ойлайсыңдар?
-Сендер  өскенде  кім  боласыңдар,еліңізге,Отаныңызға қандай қызмет етер  едіңдер?
Оқушылардың  ойы  тыңдалады. casinos-kz.com
 
. Отанына  адал  қызмет еткен, Отаны үшін, елі үшін өмірін қиған  батырларымызды  ешкім,ешқашан   ұмытпайды.
Оның  ісін  ары қарай  жалғастыру   мына  отырған сендерге жүктеледі.Ол-Отанды сүю, көркейту, қорғау
10.Үйге:өлеңді  жаттап келу

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Батыр болғым келеді
Қайрат Жұмағалиев «Мен соғысты жек көрем»
Бала Мәншүк
Гүл.(Мәншүк Мәметова ).Алтын жұлдыз.(Әлия Молдағұлова)
Ару қыздар – алаулап от кешкендер!
Қазақстандық батырлар. Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау
Батыр қыздар
Отан үшін от кешкендер!
Саду Машаков «Мәншүк» өлеңі
Бүгін 4»Е» сыныбында ана тілі пәнінен Мариям Хакімжанова
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 6532 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык