Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ұлттық ойындар


Ұлттық ойындар

Ұлттық ойындар

«Ұлттық ойындар » бағдарламасы негізгі білім беретін мектептерде оқушының пәнге деген қызығушылығын оята отырып,дене қасиеттерінің дамуына ықпал береді.Сынақтар,бақылау жаттығуларын орындау қорытындылары бойынша пайдаланатын әдістемелік құрал ретінде қолдануға болады.
 
Түсінік хат
Бағдарлама мектептің 1-11 сынып оқушыларына арналған 34 сағатқа есептелген,аптасына 1 сағаттан «Ұлттық ойындар» курс бағдарламасы оқушылардың ойынға деген қызығушылығын арттыра отырып,арнайы денені дамытатын жаттығулар үлкен мүмкіндік береді.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында сыныптан тыс жұмыстарды ұтымды пайдалану керек.
 
Мақсаты:
Денсаулықты нығайтумен  қатар мектеп оқушыларынан қазақтың ұлттық спорт түрлеріне деген көзқарасын қалыптастырып, дене жаттығулары мен ойындарын өз беттерінше дамытуға тәрбиелеп, оқу- ойын материалдарын бір жүйе ретінде олардың руханилығын, адамгершілігін, дене тәрбиесін тәрбиелеуге баулуды қалыптастыру.
Міндеттері:
 
-Дене тәрбиесі саласы бойынша оқушылардың өмірлік маңызы бар білімге ие болуын қамтамасыз ету;
-Ұлттық ойындарды үйрете отырып,жұмыс қабілеттілігін арттыру аясында оқушылардың денсаулығын нығайту;
-Оқушылардың ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттыру;
-Ұлттық ойынға деген әлеуметтік көзқарасын қалыптастыру;
-Жарыстар өткізу,ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру;
 
1.   Кіріспе
Ұлттық ойындар туралы негізгі түсінік.Жаттығулармен айналысу
нәтижесінде     сауықтыру     тиімділігін     арттыру.Ойын     барысында зақымданудың алдын-алу туралы түсінік беру.
 
2. Ұлттық ойындар
Мақсаты:
-ойын түрлерімен жете танысу.
Негізгі ұғымдар:
-ойын түрлерін тереңдете түсіне отырып,жүзеге асыру
-қозғалыс дағдысын меңгерту
 
З.Жаяу көкпар
Шарты:-ойын күні бұрын белгіленген жерде өтеді.Оқушылар бір сызық бойында қатарға тұрады.Жүргізушінің белгісі бойынша ортадағы көкпарды
көмбеге салу керек.Екінші ойыншы жол ортасында бірінші ойыншыға қуып жетіп,қолындағы көкпарды тартып алып екінші көмбеге салуға болады.
 
4.Қазақша күрес(5)
(Жамбас,арқадан тарту,арқадан лақтыру,аяқ лақтыру)
Күрестің бүл түрі 1938жылдан бастап жүргізіліп келеді.Халқымыздың ежелгі спорттарының бірі.Қазақша күресте грек-рим,самбо күрестерінің де тәсілдері кездеседі.
 
5.Жекпе-жек
Ортага    екі    оқушы    шығып,табан    тіресіп    таяқшаны    екі    қолдап тартады. Таяқты өзіне тартып алған оқушы жеңіске жетеді
б.Арқан тарту
Жерге үш панелъ сызық сызылады.8-10метрлік арқанның ортасына қызыл шүберек байланады.Оцушылар екі топқа бөлініп арқанды тартысады.Арқанды тартып алған команда жеңіске жетеді.Арқанды жұлқып тартуга болмайды. Әр тартыстыңұзақтыгы 30-40 секунд.
 
7.Көтеріспек
Оқушылар өздері келісіп біреуі сақасын алысқа тігіп,екіншісі атады.Асықты атқан қарсыласы сақага тигізсе,сол аралыққа екіншісі арқалап барады.Сөйтіп ойын кезектесіп қайталана береді.
 
8.Мерген
Команда құрамында 8-10бала болады.Оқушының қолдарында құм толтырылған бір-бір дорба болады.Сол дорбаны белгілі қашықтықта сызылған шеңберге лақтырып салу керек.Көп салған команда жеңіске жетеді.
 
9.Әтештер қақтығысы(І)
Оқушылар диаметірі 3-5м шеңбер ортасына жұпталып шығып көрсетеді.Мұғалім нүсқауы бойынша бір қолымен аяғын ұстап,бір аяқпен иықтары арқылы шеңберден бір-бірін итеріп шығарады.Шығып кеткен бала ұтылған болып есептеледі.
 
10.Аударыспақ
0йын командалық  жарыс түрінде өтеді.Әр команданың оқушылары бір-бірін арқалап, белгілі сызыққа дейін жүгіріп баруы керек.Бірінші құламай аяқтаган команда жеңіске жетеді.
 
11.Омпы
Асық ойынының бір түрі.Бес ойыншы ойнауга болады.Шеңбер ортасына әр ойыншы өз асықтарын тігеді.Асықтардың ортасына бір асықты омпы түрінде қойады.Омпыға тигізген бала жеңген болып есептеледі.
 
12.Алшы
Жарыс  жекелей  есепте  өтеды.Ойыншылар  бір-бір  асықтан   тігеді.Ойнау кезегін асықтарын иіру арқылы келіседі. Ойын соңында көп асық  алған оқушы болып есептеледі.
 
13.Бес тас
Бұл ойынды бес оқушыдан команда құрып ойнайды. Ойынға 5тас немесе асық  керек.Ойынды кезектесіп,шартты бұзғанша ойнайды.Осылай ойын жалғаса береді.Тасты жоғары лақтырып қолдың сыртымен қағу шарт.
 
14.Бірлік
Бес тасты жерге иіріп тастаған соң,біреуін қақпа тас етіп алып,қалған төрт тасты қақпа тастыжоғары лақтырав отырып бір-бірлеп қағып алады.
 
15.Екілік
Тастарды жерге иіріп тастап,қалған жердегі екі тасты екі-екіден қағып алады.
 
16.Үштік
Үш тасты бірге,бір тасты бөлек қағады.
 
17.Төрттік
Мұнда алақандағы бес тастың ішінен қақпа тасты жоғары лақтырып,,ол қайта түскенше төрт тастыжерге қойып үлгереді де,тағы лақтырып,жердегі тастың төртеуін де қағып алады.
 
 
 
18.Жалақ
Ойында үш немесе бес жалақ болады.Қақпа тастарды жоғарыбиіктете лақтырып жіберіп,сұқ саусақпен жердіүш немесе бес рет жалатып үлгеру керек.
 
17.Алақан
Қақпа тасты лақтыра отырып,қалған төрт тасты бір-бірлеп екінші қолдың алақанына жинайды.
 
18.Төрт бұрыш.
Төрт тасты төрт жерге қойып,содан-соң қақпа тасты биіктікке лақтырып,тастардың төртеуін де жинап қағып алу керек.
 
19.Арттан тастау
Ойынның бұл түріндежерден бірінші тасты қағып алған соң,екінші тасты қағып алу үстінде бірінші тасты қолдың артынан тастау керек.Үшінші тасты қағып алу үстінде екінші тас тасталады.Бәрін тастап болған соң жердегі тастарды бір ретте тұтас жинап қағып алу керек.
 
20.Үндемес.
Бес тас тың бұл ойыны барысында тас бір-біріне тиіп тарсылдамау керек.Ойынның шарты бойынша ойын барысында ойыншы даа үндемеу керек.Ойыншының қарсыластары ойын барысынды ойыншыны күлдіруге тырысады.Ойыншы күліп қойса, ойын тоқталады.
 
21.Сарт-сұрт
Бес тасты жерге иіріп тастаған соң,біреуін қақпа тас етіп алып,қалған төрт тасты қақпа тасты жоғары лақтырып  отырып бір-бірлеп қағып алады.Тастар бір-біріне соғылып құлаққа естілу керек.
 
 
22.Қаршу
Ойыншы бес тасты жерге иіріп тастап,қақпа тасын қолына алады да ,оны әрбір жоғары лақтырған сайын жерден бір тас алып,қақпа тасты қаршып қағып алады.
 
23.Нәби
Ойынның бұл түрінде сол қолдың бас бармағы мен сұқ саусағын жерге тірей қақпа жасап ұстайды.Сонан соң оң қолмен сол қолдың сыртынан бес тасты алдыға қарай иіріп тастап,қақпа тасты қолына алады.Ал басқа ойыншылар жердегі төрт тастың бірін «Нәби» ата сайлайды.Ойыншы нәбиді ең соңына дейін басқа тасқа тигізбей қақпадан өткізу керек.Бәрін болғаннан соң нәби тасты қақпаға кіргізеді.
 
 
24.Сиқырлытаяқ
Жүргізуші ойыншылардышеңберге тұрғызып,нөмерлейді.Өзі шеңбер ортасына тұрып кез-келген нөмерді айтып, таяқты лақтырады.Нөмері аталган оқушы таяқты қағып алуы керек.Ойын осылай жалғасады.
 
25.Жігіт қуу.
0йынға 10-12 оқушы қатысады.Оқушылар бір-біріне қарсы тұрады.Қарсы бетке екі жалауша тігіледі.Ортасына белбеу тасталады.Берілген белгі бойынша бір оқушы белбеуді алып қашады,екіншісі қуып ұстауы керек. Ойын осылай жалғасады.
 
 
26.Ақсүйек
Қазақ жастары арасында көп тараган ойын.Ұл мен қыздар бөлініп ойнайды.Оған кепкен жілікті пайдаланады.Алдымен жүлде тағайындап алып,жүргізуші сүйекті қашыққа  лақтырады.Екі команда іздеп табуы керек. Тапқан топ жүлдені алады.
 
27. Атқаума
Ойын топтасып ойналады.Екі топтан 3 оқушы шығып,екеуі біреуін қолдарын білектесіп ұстап ортаға отырғызып белгілі жерге дейін жүгіріп барады.Қай топ бұрын болса ,сол топ ұтқан болып есептеледі.
 
28. Белбеу тастамақ 
Ойын топталып ойналады. Ойын басшысы белбеуді бір балаға береді де ол бала белбеуді біреуінің артына жасырады.Екінші ойыншы белбеуді табуы керек.Таппаса айыбын төлейді.Ойын осылай жалғаса береді.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Көңілді старттар ойыны мен ұлттық ойындар.
Баскетбол әдістемелерін меңгеру
Эстафеталық ойындар
Ұлттық ойындар
Спорт –біздің досымыз!
Ұлттық ойындар
Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында қолданудың жаңа әдістері
Дене қасиеттерін дамыту Сағ. саны уақыты
Ұлттық ойындар
Ойындар жинағы
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 7635 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык