Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Менің елім, менің Қазақстаным


Менің елім, менің Қазақстаным

 Менің елім, менің Қазақстаным

Сабақтың тақырыбы:  Менің елім, менің Қазақстаным.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу.
 
ә) Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру. 
б) Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту. 
Сабақтың көрнекілігі: Отан, табиғат көріністері туралы слайд.

Сабақтың түрі: баяндама, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 

 

  1  Слайд.  Тақырыптың аты.

 

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

    Қайырлы күн тәрбие сағатының қонақтары. «Менің елім, менің Қазақстаным» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіз.

   Шәкірттерім қазір сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар. Білім алуға сендер үшін мүмкіндіктер мол. Сендер уақытыңызды достарыңмен, туған-туыстарыңмен өткізесіңдер. Көңілді мерекені асыға күтесіңдер.Сол мерекелердің ішінде біздің мемлекетіміз үшін маңыздылары да бар.Соның бірі-Президент күні, тәуелсіздік күні емес пе?

    Қазақстан республикасы-біздің  туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз.

Бүл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақстан көпұлтты, тәуелсіз ел. Онда қазақтар, татарлар, корейлер т.б. ұлт өкілдері тұрады.

Олар тату-тәтті өмір сүріп жатыр. 

 

2. Слайд. Карта.

 Тақпақтар айтылады.

1-оқушы

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді!?

Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

 Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!..

Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр Қазақтың жүрегі боп соғып тұр!..

2-оқушы

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

 

3-оқушы 13

Ел болдық егеменді, теңдік алып,
Бар әлем қазақ елін болды танып.
Қайнауы кенге толы Қазақ елі,
Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып

 

4-оқушы 15

Кең даласы , кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз еркін жанбыз, азатпыз
Ел намысын ешбір жанға бермейміз,
Өмірді алға бастырамыз, өрлейміз

 

Мұғалім:

--Енді. назарымызды слайдқа аударайық. Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық

Тарихына байланысты рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздер- Ту, Әнұран, Елтаңба. Бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өзіндік рәміздері бар. Рәміздерді құрметтеу әр азаматтың міндеті.

(Хормен  Әнүран орындалады.)

5-оқушы.   Баяндама оқылыды

( Назарбаев, әкесі, шешесі,әжесі туралы)

1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында бір ұл дүниеге  келген.  Жаңадан туған бұл нәрестеге әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.

Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін.

Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Әншілікпен суырыпсалмалық өнері болған.

 

17-оқушы

1991 жылы 1- желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың президенті етіп сайлады.
 

18-оқушы

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан республикасының жоғарғы сесиясы          « Тәуелсіз демократиялық және құқылы» мемлекет деп жарияланды.

 

19-оқушы
1992 жылы 4 маусымда Президент Қазақстан республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы. Қазақстан республикасының заңдарына қол қойды.
 

20-оқушы

1992 жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан республикасының тұңғыш Ата заңы қабылданды

 

21-оқушы
1993 жылы 12 қарашада төл теңгемңз дүниеге келді.

5-оқушы 14

Ел болдық ерік алдық астаналы,
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады

 

6-оқушы 16

Отаным - Қазақстан туған жерім,
Мұнаймен газ болады асыл кенім
Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан,
Артамыз елбасына үлкен сенім

 

7-оқушы 3

Мәңгілік азат елдің Сен белгісі, 
Мемлекет мерейінің сенген күші. 
«Жасасын, еркін Қазақ!»-деп шаттанар, 
Шалқалап сол биіктен көрген кісі.

 

8-оқушы 4

Шарықта, шарла көкті көк Байрағым, 
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым. 
Мен сенің салтанатты сағатыңа, 
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.

9-оқушы 5

Ал самға әлем кезіп, Әнұраным, 
Қалықта Елтаңбасы - шаңырағым.

Көк Байрақ, көгерт менің көсегемді, 
Аспандат Атам қазақ Аруағын

 

  10-оқушы 12

Енді бүгін өлген туым тірілді
Әнұраным жалғап алды ғұмырды
Босағада қалып келген Елтаңбам,
Баяғыша төріме кеп ілінді.

 

Мұғалім:

 --Оқушылар, біздің  қазіргі ел ордамыз қай қала? (Астана)

    Астана- Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.

4.Слайд. ( Астана қаласы туралы суреттер)

 

--Мұғалім:

--Енді сұрақтарға кезек берейік.

 

1.Қазақстан қандай мемлекет?

2.Ел басы кім?

3.Қазақстанның астанасы қай қала?

4.Астана қандай қала?

5.Мемлекеттік тіл қай тіл?

6.Мемлекеттік рәміздерді ата.

7.Тудың авторы кім? Шәкен Ниязбеков

8.Елтаңбада не бейнеленген?

9.Конституция күні қашан?28 қаңтар 1995ж

10.Әнұранның әнін жазған кім?

11.Әнұранның сөзін жазған кім?Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов

 

Тақпақтар айту

6-оқушы

Елің үшін қуанғын және қайғыр, 
Даңққа бөлен өзің де данадай бір. 
Жаңа қаулай бастаған жапырағымды, 
Аяздарға тоңдырмай аялай біл. 

7-оқушы

Тарихтың жадында даусың қалсын, 
Дала өзіңді жарылқап, тау шыңдысын. 
Баста бізді бақытқа, көзіңдегі 
Елге деген мейірім таусылмасын! 

 

 

 

8-оқушы

Мерейім – нұрлана бер,азат Күнім, 
Көрейін бақытымның азаттығын. 
Тауымды тамылжытқан бостандықтан 
Танылды бар әлемге қазақ бүгін. 
 

9-оқушы

Құттысың тәуелсіздік – киелі күн! 
Құт күшім –егемендік иелігім, 
Уақыттың биігінен шуақ төгіп, 
Бақытым – еркіндік боп үйілер күн. 

     

 10-оқушы    

Мерейім - нұрлана бер азат Күнім! 

Көрейін бақытымның азаттығын, 

Таңымды тамылжытқан бостандықтан, 

Танылды бар әлемге қазақ бүгін. 
 

  11-оқушы  

 Кең далам, көл-дариям, сеңгір тауым, 

Бабалар жеңді ерлікпен небір жауын. 

Байрағым желбіреп тұр биіктерде, 

Байладым тәуелсіздік - өмір бауын! 

 

Қорытынды.
 

Мұғалім:

           --Отан дегеніміз-адамның туып өскен жері. Отан әр адам үшін оттан да ыстық. Сол үшін сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп елімізді одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.

 

(Оқушылар ортаға шығып, әріптерді сөйлетеді).

 

     Болашағым  Қазақстан

 

Б- білімімді арнайтын 
О- отанымды қорғайтын 
Л- лаңкестікті даттайтын 
А- адалдықты жақтайтын 
Ш- шуағымды шашатын 
А- асулардан асатын 
Ғ- ғарыш сырын меңгергн 
Ы- ынтымақты тең көрген 
М- менмендікті жек көрген 
Қ- қазаққа қызмет ететін 
А- арманына жететін 
З- заңды жақсы білетін 
А- алға қарай жүретін 
Қ- қайырымды елімнің 
С- салтанатты жерімнің 
Т- толықтырам сенімін 
А- абыройын,жігерін 
Н- намысын қолдан бермейтін 
Бәрі: Мен боламын еңбекқор, 
Болашағы елімнің!

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің Отаным –Қазақстан
Тәуелсіздік белестері.
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы атты ашық тәрбие сағаты
Тәуелсіздік төрінде – 18 жыл
Менің Отаным – Қазақстан
Қазақстан-менің Отаным
Қазақстан – менің Отаным
Менің отаным – Қазақстан!
« Елі сүйген ер »
Шағын жинақты мектептердің 3,4-сыныптарына арналған қазақ тілінен сабақ
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 16048 | Қосты: Ермаканова Гульшат Бисекеновна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык