Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Құнанбаев Қыс


Құнанбаев Қыс

Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев Қыс

Сабақтың мақсаты:А.Құнанбаев туралы толық мағлұмат беру.
1.Абайдың өмірі,шығармашылығы туралы оқушыларға түсінік беру.
2.Олардың сөздік қорларын дамытып,ойын еркін айта білуге дағдыландыру.
3.Табиғатты қорғауға,елін жерін сүйетін азаматтар болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап,ротация,топтау т/б
Көрнекілігі:А.Құнанбаевтің портреті,жыл мезгілдерінің суреттері,тірек-сызбалар.
Сабақтың өту жоспары:І.Қызығушылықты ояту.
Психологиялық жағдай.
Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
1.Өткенді қайталау.
Оқушылардың жыл мезгілдері туралы білімдерін еске түсіру.
-Балалар,бір жылда неше мезгіл бар?
-төрт мезгіл.
Жыл мезгілдерінің суреттері көрсетіледі.Сол суреттерге қарап оқушылар жыл мезгілдері туралы ойларын айтады.
Көктем.Көктемде қар еріп,сулар сай салаларға ағады.Жылы жаққа кеткен құстар қайта келе бастайды.ағаштар бүр жара бастайды.
Жаз.Жазда күн жылынып,балалар суға шомылады.Далада жайқалып өскен гүлдердің  иісі хош иісін шығарады.
Күз.Күзде күн суыта бастайды.Көктемде  еккен егіндер,жеміс-жидектер  жиналады.Адамдар да жылы киіне бастайды.
Қыс.Қыста қар жауып,жер бетін ақ қар басады.
-Балалар,қазір қай  мезгіл?
-қыс мезгілі.
ІІ.Мағынаны тану.
1.Жаңа сабақты меңгерту.
Абай  (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Шыңғыс тауында дүниге келген.
Абай қазақтың ұлы ақыны,аудармашы,компазитор,
ойшыл.Жылдың төрт мезгіліне де арнап өлең жазған.
Бүгінгі сабағымыздың  А Құнанбаевтің «Қыс» өлеңі.Өлеңді үнтаспадан тыңдаймыз,ішінен таныс емес сөздерді түртіп алып отырамыз.
2.Сөздік жұмыс.
Оқшырайтып-бір шекесіне сәндеп кию.
Шидем-жұқа тоқылған сәнді киім.
Ұшпа-жеңіл,жұқа қар.
3.Оқулықпен жұмыс.
1.Оқушылар бірінші өлеңді іштей оқу тапсырылады.
2.Мазмұндау.
4.Шығармашылық тапсырма.
Оқушыларға қыс өлеңін тыңдай отырып,мазмұнына сай сурет салу тапсырылады.
5.Дәптермен жұмыс.»Ротация» әдісімен жүргізіледі.
Оқушыларды төрт топқа  бөліп төрт жыл мезгілінің аттары жазылған  парақтар таратылып беріледі.Сол парақтағы жыл мезгілі туралы әр топ өз ойларын жазып алмастырып келесі мезгіл туралы да жазады,сөйтіп төрт мезгіл туралы да өз ойларын жазып кейіннен өзіне берілген жыл мезгілін қорытындылап қорғап шығады.
6.Поэзия минуты.
Оқушылар «Қыс»өлеңін мәнерлеп оқу.
ІІІ.Ой толғаныс.
1.Топтастыру әдісі.
1.-Балалар,Абай Құнанбаев туралы не білеміз?
2.Өлеңде не туралы айтылған?
3.Ақын қысты кімге теңейді?
2.Үйге тапсырма.
А.Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін жаттау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жыл мезгілдері
Абай Құнанбаев. Қыс.
Абай. Қыс.
Жыл мезгілдері.
Жыл мезгілдері. Ескен Елубаев.
Қыс. Абай Құнанбаев.
Абай Құнанбаев. «Қыс»
Жыл мезгілдері
Абай Құнанбаев «Қыс», сын есім
Абай Құнанбаев Қыс
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2962 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык