Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Президенттің талпынуы – халық бақыты, гүлденген Қазақстан


Президенттің талпынуы – халық бақыты, гүлденген Қазақстан

Президенттің талпынуы – халық бақыты, гүлденген Қазақстан

Сабақтың тақырыбы: Президенттің талпынуы – халық бақыты, гүлденген Қазақстан

Мақсаты:

  1. ҚР туралы мәлімет беру, білімдерін толықтыру;
  2. Оқушы жастарға егеменді еліміздің азаматы екенін түсіндіру; өз Отанын, елін, ұлтын, жерін сүюді туған халқының салт дәстүрін үйрету арқылы олардың санасы мен жүрегіне жеткізу;
  3. Адамгершілікке, ұлтжандылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: шарлар, ҚР картасы, қанатты сөздер.

Сабақ түрі: лекция, пікірталас.

Сабақ әдісі: ақпараттандыру, сұрақ-жауап.

I Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Тәрбие сағатының тақырыбын айту.

II Мақсатын түсіндіру.

III  Өту барысы

. Мұғалімнің сөзі.

- Құрметті ата-аналар, оқушылар!

Бүгінгі сынып сағатымызды   ҚР Конституциясының қабылдануына 15 жыл толу мерекесіне арналады.

ҚР Конституциясы – қазақ елінің басты саяси құқықтық құжат болып есептеледі. Ата Заңда бекітілген ҚР Конституциялық құрылымының негізі – ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, меншік түрлері мен ұзақ мерзімді қажеттіліктері.

«Конституция » - латын тілінен аударғанда «Құрылым» деген мағынаны білдіреді.

Еліміздің негізгі заңы  - тәуелсіз экономикалық жағынан дамыған, әлемдік ынтымақтастыққа бағыт алған, мемлекеттін үздіксіз алға жылжуын реттейтін негізгі құжат болды және алдағы уақытта да солай бола береді.

ҚР негізгі заңы 1995 жылы қабылданды. Жаңа Конституция 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Мемлекет басшысы Президент болып табылады.

Бүгінгі таңда ҚР мемлекеттік рәміздері көп ұлтты Қазақстан халқының бірігуінің бастамасы болып табылады. Мемлекеттік рәміздер бір жағынан жас тәуелсіз мемлекетті бейнелесе, екінші жағынан тарихи дәстүрлердің сабақтастығын куәландырады. Сондықтан, бүгінгі күннің талабы - әр адам үшін қасиетті Отанның мемлекеттік нышандарына деген құрмет пен сүйіспеншілік қалыптастыру, бойыңа сіңіру.

Мемлекеттік рәміздер ретінде Қазақстанның Әнұраны, Елтаңбасы және туы болып саналады.

15 жылдағы өзгерістер мен жетістіктер:

Халықтың тұрмысы жақсаруда, әр адам  өз тілінде сөйлеуге, бала тәрбиелеуге, мәдениетін көтеруге, қарым-қатынас тілін таңдауға, шығармашылықпен айналысуға құқығы бар.

«Білім туралы» Заңда әрбір адамның тегін орта және байқау негізінде жоғары білім алуына құқығы бар екендігін айқын көрсетілген.

ҚР азаматтарын зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі дамуда.

Осының бәрін айта келе айтайын дегенім, сіздер – болашақ Қазақстанның нағыз азаматысыздар. Нағыз азаматтың негізгі міндеті  - мемлекет, қоғам, отбасы, ұжым алдында азаматтық парызын сезіну. Оның бойында патриотизм сезімін қалыптастыру керек. Нағыз патриот жалпы халықтық мәселелерді шеше білетін, ел басқару ісіне араласа білетін адам.

Қазақстандық патриотизмнің компоненттері (алдын ала тақтада жазылып тұрады). 

Отанға деген сүйіспеншілік;

Отан тағдырына деген жауапкершілік;

 Отан мүддесіне қызмет ете алу;

Отанды қорғай білу;

Ана тілін, қазақ тілін жетік білу;

Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің құқықтарына құрметпен қарау;

  1. Сұраққа жауап беру.

Оқушыларды 2 топқа бөлемін.

1-ші  Құлагер тобы /5сынып/

2-ші                 тобы /6сынып/

Сұраққа жауапты ең көп берген топ женеді.

Конституция бірінші рет қай жылы қабылданды? (19993ж)

Негізгі заң қай жылы қабылданды?(19995ж)

«Конституция» деген сөз нені білдіреді? («құрылым»)

Конституцияда неше бөлім бар? (9)

Конституция неше баптан тұрады? (98)

Мемлекет басшысы болып кім табылады? (Президент)

2. Тапсырмалар:

Әр топтан бір оқушыға тапсырма:

-         ҚР болашақ Президенті қандай болу керек?

-         Қазақстан Республикасының Елтаңбасында қандай жануар бейнеленген? (Қыран)

-         Мен ҚР Президенті болсам ... Не істер едің?

3. Берілген тақырыптарға жатқа өлең айту. (Қазақстан, Отан, тіл, тәуелсіздік)

Сабақтың бекіту кезені: Екі топтың  ұпайларын жинап, жеңімпазын анықтау.

Қорытындылау.

Сынып сағатының аяғында сіздерді осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

         Сіздерге зор денсаулық, сәттілік, ынтымақ пен береке тілеймін!

          Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы нығайып, биік белестерге көтеріле берсін!

Жана жұлдыз орта білім беру мектебі


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
«Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ».
Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы
Құқықтық мемлекет
Мемлекеттік рәміздер –ұлт мақтанышы.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Конститутциялық – құқықтық мә
Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы
Қазақстан-менің Отаным
Қазақстан – менің Отаным
Азаматтық парыз, борыш деген не?
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 1830 | Қосты: Сағындикова Ғалия Қайырбекқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык