Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ұстаз туралы бірер сөз


Ұстаз туралы бірер сөз

Ұстаз туралы бірер сөз

Білімді өскелең ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздың рөлі ерекше. Осындай ерекше ұстаз Бидайық орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Жексембаева Сауле Амалгалдинқызы.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»-деп Абай атамыз айтқандай, ерінбей, жалықпай, мән-мағынасы терең тәрбиелік іс-шаралар өткізгенде, сапалы әрі мазмұнды сабақ беруде Сауленің шеберлігі мол. «Мұғалімнің күнделікті сабағының өзі-ашық сабақ» деген ұстанымды басшылыққа алған Сауле күнделікті сабағын тиянақты, терең ізденіспен жоспарлайды. Өз пәнін жетік білетін ұстаз оқушыларын ағылшын тілін құрметтеуге, жетік меңгеруіне үйретеді, себебі бүгінгі таңда ағылшын тілін білу- заман талабы.Сабақтарында оқушылардың ауызша сөйлеу, грамматикалық ережелерді дұрыс қолдана білуіне аса назар аударады. Әр сабағын қызықты әрі әртүрлі етіп өткізетіні балалардың пәнге деген қызығушылығынан көруге болады.Мазмұнды сабақ әзірлемелерін sabaqtar@mail.ru, 45 minut kz, Білімділер порталы және ашық сабақ  сайттарынан көруге болады.
Биылғы оқу жылы әдістемелік бірлестік жұмысының қорытындысы бойынша Сауле Амалгалдинқызы тынымсыз еңбегі үшін  «Жыл көсемі» номинациясына ие болды. Жыл бойы тек сабақ беріп қана қоймай, әдістемелік отырыстарда, педагогикалық кеңесте баяндамалар оқып, өз кәсіби шеберлігін көрсете білді.Аудандық «Құзырлы мұғалім-қоғам көшбасшысы» атты  семинарда  әдістемелік шеберлігін жоғары деңгейде өткізгені үшін сертификат,  ал «Ең үздік әдістемелік дидактикалық құрал» байқауында   жүлделі 3 орынға ие болды. Сауле әр ісін аса жауапкершілікпен атқарып, өзіне тапсырылған жұмысты дер кезінде орындап, әріптестеріне қол ұшын беруді аямайтын жақсы әріптес деуге әбден болады.Келешекте әріптесіме шығармашылық табыс, отбасылық амандық, шәкірттерінің сүйікті ұстазы болуына тілектеспін.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері
Эссе
Мен-ұстазбын
Мен - заманауи ұстазбын!
Ұстаз- мектептің жүрегі
Колледж әдіскері Ш.Танатаркызы
Ұстаздың ұлы келбеті
Ұстаз-ұлы тұлға
Топтық жұмыс арқылы оқушылардың сыни тұрғыда
Жырлаймын ұстаз өзіңді
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2250 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык