Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сыйынар ем ана деген тәңірге!


Сыйынар ем ана деген тәңірге!

Тәрбие сағатының тақырыбы: Сыйынар ем ана деген тәңірге!

Мақсаты: Бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту. Балаларды мейірімділікке,аналарды сүюге, елін сүюге тәрбиелеу. Ата-ананы құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер,плакаттар,қабырға газеті,нақыл сөздер, интерактифті тақта. («Қазақ қызы» әнінің әуені жіберіліп тұрады.)
Мұғалім:          О,аналар,осындайсың бәрің де,
                          Осындайсың жасың дағы,кәрің де.
                          Сыйынатын болса өмірде құдірет,
                          Сыйыныңдар ана деген тәңірге! –дей келе шуақты көктемнің төл мерекесі Аналар мерекесімен құттықтаймыз.
1-бөлім.Көрініс
Автор: Ерте,ерте,ертеде,ешкі жүні бөртеде,көденің көгерген жасыл кезінде,жерден қар кетіп,жердің түрі түрленіп тұрған уақытта,күннің сәулесі көктен қыздырып,жер ананың денесі бусаған шақта,көңілді «Көктем» атты патшалық болыпты.Бұл патшалыққа да жадырап «Наурыз» айы келеді.Дүние жаңарды.Көк жетіліп, әлем құлпырды.Осы құлпырған патшалықты еліне сыйлы,ақылды хан басқарыпты.Ол ханның қайсар да қайратты 9 ұлы,ай десе аузы,күн десе көзі бар 9 қызы болыпты. «Көктем» патшалығы қандай үлкен болса,сол зәулім ғимараттың іші мейірім мен шапағатқа толы үлкен махаббаттан тұрады екен.Сол патшалықты басқарған хан үнемі өз ұлдарын тексеріп,мұрагерге лайықтысын іздеп отырады екен.Сөйтіп,оларды сынамақшы болды:
Хан:Ұлдарым! Мен қартайдым.Сендерге қоятын талаптарым да бар.Мен сендерге сұрақ қойғым келіп отыр.Үйдегі алтын қазық кім?
Балалары:Үйдегі алтын қазық –бала.Ол-мен.
Хан:Жоқ балам,үйдегі алтын қазық сен емес ,ол-ана.Ана ақылды болса,бала дана болады.Ана тәрбиесі-қызға үлгі.Ана сыйламағанның ақылы кем.
Келесі сұрақ: Жоқты бар,ашты тоқ ететін кім?
Бала: Ашты тоқ,жоқты бар ететін мейірімді әке.
Хан:Жоқ балам! Әке қанша мейірімді болса да,ананың жөні бөлек.Жоқты бар,ашты тоқ ететін-ол ана.Анасыз бала ұйықтамайды,қатықсыз айран ұйымайды.
Хан:Мен сіздердің жауаптарыңызға көңілім толмай отыр.Енді өнерлеріңізді көрейін.
Автор:Осы патшалықтағы аяулы ана алыста тұратын бауырының үйінде болатын.Үйге бір аптадан соң оралды.Үйге кірген бойда қыздары бірінен соң бірі аналарын қалай сағынғандарын айта бастады.
1-қыз:Анашым,мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым.
2-қыз:Анашым, мен сені  бір тамшы суды аңсаған шөл даладай күттім.
3-қыз: Мен енесін сағынып шырылдаған кішкентай балапандай болып   жыладым.
4-қыз:Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын.
5-қыз:  Сен менің түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің.
6-қыз:Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым.
Автор:Жетінші қызы үндеген жоқ.Ол анасының қолын жуу үшін су әкеліп берді.Анасының асын даярлап,алдына ас қойып,шайын дайындап берді.
Ана:Қызғалдақтарым менің!Бәріңіздің сағынғандарыңызды біліп тұрмын.Бірақ бәріңізден де кіші қызым қатты сағынғанын көріп тұрмын.
Кіші қызы:Бізге осы жарық дүниені сыйлаған кім?
Бәрі:Ана!
Кіші қызы:Түн ұйқысын төрт бөліп,бөбегін бөлеген кім?
Бәрі:Ол-мейірімді ана!
Кіші қызы:Құрметті де ардақты ,аналар!Адамға өмір нәрін себуші құдірет иесі сіздер!Біз мәңгілік сіздердің алдыңызда борыштармыз.Бүгінгідей мерекеде балапандарыңыздың қызметін,құрметін қабыл алыңыздар!
Хор: «Мама»
 «Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап,
«Ана»дейді жас сәби де жарқылдап.
«Ана» деген бәйтерегі өмірдің,
«Ана» деген алтын қазық,алтын бақ.
 
Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. «Әуелі анаңа,тағы да анаңа,содан соң әкеңе жақсылық жаса» делінген.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың,ардақтысың,данасың.
Қарайтыным қас қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме,анашым.
«Ана-әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны,жанашыры,қамқоршысы,ақ сүтін беріп аялаған,жанын да аямаған ардақтысы.
Ана-жүрек,жүректі құдірет те,
Ана-тірек,тіректі құрметте.
Ана-шыңың,шыңыңа сағынып жет,
Ана-күнің,күніңе табынып өт.
 
 Адамзат ең алдымен ана алдында парыздар.ана парызы алтынға бөлеуді,ақ орда салуды қаламайды.Ана баласының ер жетіп,адам болуын қалайды.Анаға осыдан артық тарту таралғының керегі жоқ.
«Ана» десем алғыс алам халқымнан,
«Ана» десем теңіз болам шалқыған.
«Ана» десем ашылады қабағым,
«Ана» десем әділдікті ұғамын.
Би.
 Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығыбойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.
Жан ана,құттықтаймын,мерекеңмен,
Көктемнің құлпыра бер нар гүлімен.
Төрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілің,ақ күніңмен!
Баласы үшін ана бармайтын қиындық бар ма?Өз баласын бағып қағуда,ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды.
 Ұрпаққа бақыт сыйлаған,
Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған.
Тіршіліктің тынысы мен ажары
Ақ анашым,әрқашанда бол аман!
Ананы барынша құрметтеп ,сыйлау-әрбір баланың парызы.Ананың көзінен нұр төгіліп,жан-жағына шуағын төгеді.
Анам менің өмірдегі тірегім,
Анам менің кеудемдегі жүрегім.
Егер менің қасымда сен болмасаң,
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.
Мәңгілік бақыттың алтын арқауы болатын шексіз рақымға бөлену ананың ризашылығынан бастау алады.
Жан көрмедім мейірімді сенен асқан,
Күлімдесе жүзінен арай шашқан.
Баласына бар қамқорлық жасайды ана,
Мен ананың сонысына мақтанам.
Адам болып аяққа тұрғанша өмірдің барлық кезеңінде анамыз қашан да жанымыздан табылады.Маңдайымызға шаң жуытпай,айналып-толғанып мәпелеп өсірді.Қамықсақ,бірге қайғырды.
Қамқоршысыз,бәрімізге панасыз,
Ауырғанда қасымызда боласыз.
Қанша байлық тұрса дағы алдымда
Бұл әлемде мен үшін сіз дарасыз.
Көрініс.
Бір қолымен әлемді,бір қолымен бесікті тербететін ананың еңселі еңбегін ешкім ешуақытта өтей алмайды.Ананың аялы алақанын ешбір дүние алмастыра алмайды.
Арманыңды ақтармын ба жүрегімді тербесем,
Айға сіңлі,қарындассың қасиетті жерге сен.
Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем
Сендік қуат мың есе артық жердің тарту күшінен.
Жақсылық атаулының барлығы да ананың ақ сүтінен жаралған.
Аяулы да алтын нұрлы анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.
Сен-асқарсың,сен-аспансың,биіксің,
Сен-дарқансың,сен-жомартсың,данасың.
Адам адам болғысы келсе,ананы қастерлей білуі керек.
Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп әлдилеген пейілің кең.
Аналық махаббатың кәусар бұлақ
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
Анаңды қалай сыйласаң,сен де солай сыйланарсың.
Мен өзіңмен қайда болсаң біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің
Қандай жақсы ортамызда жүргенің.
 Ана -адамзат мекен ететін жер шарының әрбір түкпірінде,әр үйінде мейір мен мерейдің,достық пен туыстықтың туын тіккен адам.
Ана- өмірдің қуанышы, тірегі,
Бала- оның жұбанышы жүрегі.
Ана алдында ел жауы да бас иген,
Олар дәйім тыныштықты тілейді.
Хор «Анашым»
    • Олай болса, сіздермен, Аналар сергіту сәтін ұйымдастырып, мақал - мәтел айту түрінде сайысымызды өткіземіз. Мақалды мен бастайын, сіздер жалғастырып айтыңыздар. Кім ең көп жауап береді?
1. Тойдың болғанынан … (боладысы қызық)
2. Таз таранғанша… (той тарқайды)
3. Әншейінде ауыз жаппас… (той дегенде өлең таппас)
4. Жүзігің алтын болғанша… (жүзің жарқын болсын)
5. Бала жетіге келгенше… (жерден таяқ жейді)
6. Ұяға отыз үйден тию… (қызға қырық үйден тыйым)
9. Астың дәмін тұз келтірер… (ауылдың сәнін қыз келтірер)
10. Атаңның баласы болма… (адамның баласы бол)
11. Білекті бірді жығар…. (білімді мыңды жығар)
12. Шешен сөз бастар… (батыр қол бастар)
13. Әке көрген оқ жонар… (шеше көрген тон пішер)
14. Жақсы байқап сөйлейді… (жаман шайқап сөйлейді)
15. Әдепті бала – арлы бала… (әдепсіз бала – сорлы бала)
16. Жақсыдан үйрен… (жаманнан жирен)
17. Баланың ұяты әкеге… (қыздың ұяты шешеге)
18. Балапан ұяда не көрсе,.. ( ұшқанда соны алады)
19. Қына тасқа бітеді,.. (ақыл басқа бітеді)
20. Ата – бәйтерек,.. ( бала – жапырақ)
   Құран кәрімде:  «Біз адамдарға ата-аналарына жақсылық жасауды бұйырдық.» «Жұмақтың кілті -Ананың табанының астында.»-деп ананы аса жоғары бағалаған.
                   Ана!Ана!Қасиетті үш әріп
                   Үш әріптен келемін мен күш алып.
                   Ана деген қасиетті ұғымнан
                   Қанаттанып,шарықтаймын күш алып.
         Елбасы Н.Назарбаев былай дейді: «Шығыс халықтарының арасында жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын,қарындасты қадірлейтін халықтың бірі де,бірегейі де- қазақ» екенін атап өткен.
                  Дүниеге әкелген ол да сенің анашың,
                 Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың.
                 Тіл алмасаң,кешірген,ло да сенің анашың,
                 Мәпелеген баласын аман болшы ,анашым.
 
Нәресте өмірінің нәрі- Ананың сүті.Халқымыздың байырғы ұғымында баланың анасының алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады.
Маған қымбат жан жоқ сірә,анадан,
Бар жақсылық аналардан таралаған.
Жер бетіне өмір нәрін себуші,
Ана алдында борышты ғой бар адам.
 
Анашым, сенсің мәңгілік менің тірегім,
Мен үшін пана нұрлы әлем сыйған жүрегің.
Еңбегіңді ақтап аялап өтсем тек сені,
Болмас - ты басқа перзенттік менің тілегім.
 
 Өткен күнге көз салып қарасаңыз,
Әр дәуірдің жылдарын санасаңыз.
 Мейлі ұлық болғанмен ,мейлің дана
Әйел ана алдында алғыстамыз.
 
«Бір өзің бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде,
Ақ сүтіңді ақтап өту арманым»  Ана біздің баға жатпес асыл байлығымыз. Осы баға жетпес асылымызды қадірлеп, көңіліне кірбің түсірмей аялай білейік достар!  
 
 
Сіздер үшін біз өз сыйлығымызды жасадық.
(Аналарға сыйлықтарды тарату,қыздарға да сыйлық сыйлау.)
        Ана –біздің күніміз!
        Ананың біз - гүліміз!
       Бізді, ана, қуантып,
       Ұзақ өмір сүріңіз.( бәрі бірге)

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
АНА- қасиетті де киелі ЕСІМ!!!
Менің анам – осындай
Аяулы анашым.
Рахмет,анашым!
Анамызды аялайық
Ана-әлем шуағы
Ана-әлем шуағы ашық сабақ
Ана – өмірдің шуағы
"Ана -өмірдің шуағы" тәрбие сағаты
Сыйынар ем ана деген тәңірге!
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 5885 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык