Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сынып аруы -2014


Сынып аруы -2014

Сынып аруы -2014

Полатова Айгүл Жамантайқызы «Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі.

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Сынып аруы -2014»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Білімділік: Қыздарымыздың ақыл-парасаттылығын, ой-өрісін,қабілет икемділігін, өз ойларын еркін білдіре алу қабілеттерін байқау

Дамытушылық: Қыз сынын құрайтын: тектілігін,ақыл-парасаттылығын, сымбаты мен көркін,іскерлігін,мәдени көзқарасын,ойын еркін білдіру қабілеттерін дамыту, сахна өнеріне баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларды ата-аналарын ,қыздарын сыйлай білуге, өз құрбы-құрдастарының сөзін тыңдап,тиянақты міндет қоя білуге,өнерлі  болуға,шығармашылықпен жұмыс істеуге,халқымыздың салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

 Тәрбие сағатының түрі: сайыс, байқау

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Ұлы Жеңістің 69жылдығына арнайы әсем безендірілген зал,нақыл сөздер,мақал-мәтелдер, гүлдер,шарлар.

Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі Ұлы Жеңістің 69жылдығына арналған «Сынып аруы-2014» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

1-оқушы:  Соқ, жас ұлан, соқ қуатпен,
Соқ, солқылдат барабанды.
Жылда есіңе ал шабытпен,
Жеңіс үшін аққан қанды.
2-оқушы: 
Ұмытпа сен, елімізге,
Бақыт тегін келмеген.
Ұмытпа сен, елімізге,
Бақыт тегін келмеген.

 1-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті көрермендер!

2-жүргізуші: Бүгінгі 4 «Ә» сыныбында өткелі отырған «Сынып аруы-2014» атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:   Мен қазақ қыздарына қайран қалам!

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.  «Қыз өссе, елдің көркі» деген сөзді, Қапысыз қалай айтқан қайран бабам!-Құрметті көпшілікАтамыз сонау ықылым заманнан-ақ халқымыз ару қыздарын аялай білген. «Анасын көріп,қызын ал,Аяғын көріп,асын іш», «Қызы бар үйдің жеңгесі күлімдейді», «Күнсіз гүл өспес, күтусіз қыз өспес»деген қанатты асыл сөздер осыдан қалса керек.

2-жүргізуші:  Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,

Әділқазы алқасымен танысайық-деп біздің байқауымызға төрелік етуші әділқазы алқасымен таныстырайын: Сарманова Райхан апай- оқу ісінің орынбасары

1-жүргізуші: Абдубайтова Фарида апай-тәрбие ісінің орынбасары

2-жүргізуші: Беркінбаева Салтанат апай-кітапхана меңгерушісі

1-жүргізуші:Мың бұралған арулар билей басып,  

Келеді міне ортаға толқып,тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің ,

Көңілді қошаметпен қарсы алып!-деп ортаға ару қыздарымызды шақырамыз. 

2-жүргізуші: Бірінші қыз-Айнұр-ай,

Айдай көркем болғаны-ай –деп  Арыстанбекова Айнұр қызымызды шақырамыз.

1-жүргізуші: Дана қыз білімді

Меңгерген бар ілімді-деп ортаға Пирназарова Дана қызымызды шақырамыз

2-жүргізуші: Ақша бетті Динара,

Ұқсайды хор қызына –деп Утепберген Динара қызымызды шақырамыз

1-жүргізуші: Төртінші қыз-Адиля, Ағарып таң атқандай-деп Жаңаберген Адиля қызымызды шақырамыз.

2-жүргізуші: Мерейлі қыз елгезек, Алады тез тіліңді-деп Жакупова Мейрейлі  қызымызды шақырамыз

1-жүргізуші:Сабина қыз үлбіреп, Қос жанары мөлдіреп-деп Эргашева Сабина қызымызды шақырамыз. 

2-жүргізуші: Жетінші қызымыз Сара, Өн бойында бар талант-деп Сәрсенбай Сара қызымызды шақырамыз.

1-жүргізуші:  Сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар!

1    .Сәлемдесу сөз басы (арулар өздерін таныстырады)

2.Өнерліге өріс кең. Өз өнерін көрсету.

3.Ақыл мен білім әр адамның сәулеті. (сұрақ-жауап)

4.Өнер алды қызыл тіл. Мақал-мәтел сайысы

5.Қазақтың тыйым сөзі,ұлттық тәрбие көзі. Тыйым сөздер сайысы.

6.Ептілер сайысы.1картоп,1сәбіз аршу.

7.Шеберлер сайысы. Ою ойып,жабыстыру қажет.

8.Сұлулық сыры.Сән үлгісін көрсету.

9.Ас мәзірі

2-жүргізуші: Кішкене арулар келіп жетті танысуға, Бойындағы бар дарынды дарытуға

2-жүргізуші: Кішкене арулар келіп жетті танысуға, Бойындағы бар дарынды дарытуға. Қорықпастан сахнаға келіп жетті, Әдеппен,ізетпен танысуға-дей келе 1шартымыз «Таныстыру» 

1-жүргізуші: Қазылар алқасы «Таныстырудың» бағасын берсеңіздер

2-жүргізуші:Өнерсіздер қашып жүр, Өнермен үлгі шашып жүр. Өнерді көп білетін дана болар, Өнерсіздің ісі шала болар.-дей келе 2-шартымыз «Өнерліге өріс кең. Өз өнерін көрсету.» 

1-жүргізуші: Қазылар алқасы «Өз өнерінің» бағасын берсеңіздер.

2-жүргізуші: Әдет-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың, Жарасымды,үйлесімді ғажап шын, Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық, Насихаттап,жаңартудан қашпайық.-дей келе 3-шартымыз  «Ақыл мен білім әр адамның сәулеті. (сұрақ-жауап)»

1-жүргізуші: Қазылар алқасы «Сұрақ-жауаптың» бағасын берсеңіздер. 

2-жүргізуші: Өнер-білім тапқырлықтың тарланы, Еңбектегі әріптестер мақтаны. Өнеріңді ортаға сал,сайыста Өнер көрсет,құрбылармен жарыста.-дей келе 4-шартымыз «Өнер алды -қызыл тіл». Мақал-мәтел сайысы (қыздар қатар тұрып кезекпен мақал айтады. Айта алмаған қыз шығып отырады)

1-жүргізуші: Қазылар алқасы «Мақал-мәтелдің» бағасын берсеңіздер.

2-жүргізуші: Кең даланың ежелгі, Қазақ дейтін халқымыз. Өзге ұлттай біздің де, Бар дәстүр мен салтымыз.-дей келе 5 шартымыз «Қазақтың тыйым сөзі,ұлттық тәрбие көзі. Тыйым сөздер сайысы.» (қыздар қатар тұрып кезекпен мақал айтады. Айта алмаған қыз шығып отырады)

1-жүргізуші: Қазылар алқасы «Тыйым сөздің» бағасын берсеңіздер

2-жүргізуші:  Қыз сұлу көрінеді қылығымен, Жарыса төгілген қос бұрымымен. Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы, Қыз сұлу көрінеді ептілігімен-дей келесі 6 шартымыз «Ептілер сайысы.Картоп,сәбіз аршу.» 2 мин.уақыт беру.

1-жүргізуші: Қазылар алқасы «Ептілер сайысының» бағасын берсеңіздер.

2-жүргізуші: Пір тұтқан ибалықты,адалдықты,

Көркімен таң қалдырған талай жұртты.

Қыздардың қылығымен өмір қызық

Қыздардың ғұмырымен заман құтты-деп  келесі 7 шартымыз «Шеберлер» сайысы.

1-жүргізуші: Қазылар алқасы «Шеберлер сайысының» бағасын берсеңіздер. 

2-жүргізуші: Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын

Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасын –дей келе 7 шартымыз «Сұлулық сыры.Сән үлгісін көрсету,оны қорғау»

1-жүргізуші: Қазылар алқасы «Сән үлгісінің » бағасын берсеңіздер.

2-жүргізуші:Ажары жарық нұрдан жаратылған,

Жарқылдап,жақсылыққа ерте тұрған

Маңдайда жұлдызындай,құндызындай, Қыздардай қазағымның дара туған.-дей келе ең соңғы шартымыз «Ас мәзірі»

1-жүргізуші: Қазылар алқасы «Ас мәзірінің» бағасын берсеңіздер.                                                                                                                                                                                                                      2-жүргізуші: Әділқазылар жалпы ұпай санын есептегенше ата-аналармен ойын ұйымдастыру(логикалық есептер)                                                                                                              1.1-ден 107-ге дейін 7 цифры неше реет кездеседі? (21 рет)                                                                                           2.Қайыңда 4 бұтақ.Әр бұтақта тағы 4 бұтақтан. Ол бұтақтарда 4 алмадан.Барлығы неше алма? (қайыңда алма өспейді)                                                                                                  3.Қас сөзінің бір әрпін өзгерту арқылы бірнеше жаңа сөз жаса.                                                                                                 4.Біріншісі адамның бойында ағады                                                                                                         Келесісі жайлауда жусап бір шабады.                                                                                          Екеуі біріксе құстарды,                                                                                                        Көтеріп, көкке алып ұшқан-ды. (қан+ат)                                                                                                                                                             5.Егіс даласында 5 трактор жер жыртты.Екеуі бұзылды.Қанша трактор қалды? (5)                                                                                                                               6.Қарны қабақтай,   Мойны садақтай.  Тиіп кетсең жылайды,  Жұртқа даусы ұнайды.(домбыра)                                                                                                                                        7.Елгезермен су тасуға болады ма? (болады.Мұз күйінде)

1-жүргізуші: Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып,шарықтаңдар әрдайым

2-жүргізуші: Осымен арулар 8 кезеңнен өтіп,өздерінің бойларындағы қасиеттерін көрсетті. Ендігі сөз кезегі әділқазы алқасына берейік (марапаттау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Толағай» эстафеталық ойын
Экономика аруы
“Қыздар сұлу көрінер өнерімен”
“КӨКТЕМ АРУЫ"
Балдырған арулар мен сал-серілер сайысы
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Көктем аруы-2014» сайысы.
Ел рәміздері – ұлттық мақтаныш
Ас-адамның арқауы
" Заттың атын білдіретін сөздер" " Көктем аруы-2015"
үлгілі отбасы
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 5496 | Қосты: Полатова Айгуль | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык