Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тұқым тозбасын, ұл-қыз азбасын


Тұқым тозбасын, ұл-қыз азбасын

Сабақтың тақырыбы Тұқым тозбасын, ұл-қыз азбасын

Мақсаты: 
тәрбиелік: оқушыларды зиянды әрекеттерден аулақ болуға,  
                   адамгершілікке тәрбиелеу;
дамытушылық: оқушылардың дербес жұмыс істеуін, сөйлеу 
                           қабілетін ждамыту; өз ойын еркін жеткізуге  
                           баулу, өзара пікір таластыра білуге, өз    
                           пікірін дәлелдеуге дағдыландыру.
Көрнекіліктер:  плакаттар, суреттер, буклеттер, кітапшалар,  
                              қосымша материалдар
Қанатты сөздер:  “Нашақорлыққа біздің арамызда жоқ!”  “СПИД- 
                                ғасыр індеті”, “Біз ЖҚТБ-ға қарсымыз!”                  
                               “Амандықта қадір жоқ,
                                Алдырған соң білерсің.
                                 Денсаулықта қадір жоқ
                                Ауырған соң білерсің”   Майлықожа
 
Өткізілу түрі: танымдық кеш.
І. Кіріспе бөлімі.
Мұғалімнің  кіріспе сөз:
Елбасының Қазақстан халқына Жоллдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі-салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір сүру дегеніміз не? Ол- әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту., сапалы тамақтану, зиянды әрекеттерден аулақ болу. Ал зиянды әрекет дегеніміз: қазіргүі таңда етек алған заманымыздың кеселді дерттері-шылым шегу, нашақорлық, маскүнемдік, СПИД ауруы.
80-жылдары Қазақстанға әлемді жайпап келе жатқан СПИД ауруының “құрығы” жетпейтіндей көрінген. Оның қыл шылбыры қазақстандықтардың мойнына оралуына аса көп уақыт керек бола қойған жоқ. Нашақорлықта айықпас дерт болып алды. Есірткінің арбауына түскендердің саны жыл сайын астрономиялық жылдамдықпен өсіп келеді. Ресми статистика елімізде 40-50 мыңдай нашақор бар дейді. Отбасында бала ішімдік, темекі, есірткі сияқты естен айыратын әзәзіл туралы ерте бастан естігені дұрыс. Бала жаман әдет туралы неғұрлым ,ерте естісе, ерте білсе, соғұрлым тез жиренеді. Одан бойын аулақ ұстайды. 
Ал енді біз “ғасыр кеселі” болып отырған ЖҚТБ туралы не білеміз?
Қазіргі уақытта медицинаның, ғылымның дамуына байланысты көптеген аурулардың алдын ала егілетін вакцинасы, емі бар. ТАл, ЖҚТБ ауруының қауіптілігі оның емінің табылмай отырғандығында. Бұл-дүние жүзінің халқын алаңдпатып отырған ғаламдық мәселе. Сондықтан да әрбір адам осы ауру туралы жан-жақты білсе, мұндай дертке, қайғыға шалдықпай алдын алады. 
 
СПИД    туралы
СПИД-ғасыр обасы, қаупі бар адамға,
Прблема болып тұр бүкіл біздің ғаламда.
Сақтаныңдар дертінен қауіпті бұл обаның
Өзің үшін, басқа үшін әрқашанда алаңда.
Қайғы жұтар мұңаяр адамдар көп бұл дерттен,
Қызығы мол өмірден, көпті көрмей тез кеткен.
СПИД-пенен ауырып, қиналғандар қаншама?
Қалай ғана шыдаймыз сұмдық еді бұл неткен?
Бірімізді-біріміз силап өтсек өмірден,
Кірбің түспес көңілге, күлкі кетпес езуден.
Қарсы тұрсақ бірігіп, обасына ғасырдың
Жарқын өмір кешеміз! Жасқанамыз біз неден?
СПИД жайлы адамдар біліміңді толықтыр
СПИД деген біздің басты проблема болып тұр.
Өз-өзіңді сақтандырсаң, қаупінен бұл дерттің
Күтіп тұр сені болашақта шуақ шашқан жарық күн!
Психологиялық тренинг.  «Гүл шоғы»
ІІ. Негізгі бөлім.
1. ЖҚТБ-ның шығу тарихы.
2. Вирустың жұғу жолдары.
3. Вирус туралы не білеміз?
4. Вирусты өлтіруге бола ма?
5. Аурудың алғашқы белгілері
6. Вирус мына жағдайларда берілмейді.
Көрініс. «Жұмбақ кейіпкер»
Нашақорлық туралы деректер мен дәйектер
10 сынып оқушылары.
Дәрігер кеңесі. 
Мектеп медбикесі Қ.Бижанова
Қоғамдық тәртіп сақшысының кеңесі.
Жасөспірімдермен жұмыс ждөніндегі ауыл учасковойы Ұ.Қалишев.
Психологиялық тренинг. 
«Қаңқа,буын, бұлшықет»
Көрініс.  
«Ажалыңа асықпа, айналайын» 
Психологиялық тренинг.
 «Актерлер»
Шешімін күткен жағдаяттар.
1.Айгүл Ермекті қатты ұнатады., бірде Ермек Айгүлді кешке бірге барып қайтуға шақырады. Сол күні кеште Ермек арақ ішіп отырады да, Айгүлге де ұсынады. Сіздің  Айгүлдің орнында болаңыз іс-әрекетіңіз.
2. Сыныптағы балалар темекі шегеді. Ал Арман шекпейді, оқуы да жақсы. Ол анасына көп көмектеседі. Бірде Арманды достары темекі шекпегені үшін мазақтайды. Арманның орнында болсаңыз қандай іс-әрекет жасайсыз?
3. Сырым ауруханадан ине арқылы  ЖҚТБ жұқтырып алды. Ал, оны білген сыныптастары оны сырт теуіп қатарларына қоспайды. Тіпті оқудан шығарып тастауын талап етеді.Сырымға ол қатты әсер етіп, не істерін білмеді. Сіздің іс-әрекетіңіз қандай?
Қорытындылау. 
«Дария басы-бұлақ» демекші тәрбиенің негізін еліміздің болашағы жас ұрпақтан бастауымыз керек, яғни үйде ата-ана, оқу орындарында ұстаздар қауымы жастарымызға дұрыс жол сілтеп, ішімдік ішіп, наша тартудан, кездейсоқ жыныстық жақындасудан аулақ болса, адам өзін-өзі ЖҚТБ-дан қорғай алады дей келіп, адам бақытты болуы үшін оған денсаулық керек, ал денсаулық кепілі салауатты өмір сүру

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Салауатты болсаң, сау боларсың.
Сақтан ұрпақ СПИД деген қатерден
Өмірің өз қолында!
Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен
ЖИТС-21 ғасыр дерті
Сақтан ұрпақ СПИД деген қатерден
СПИД - ғасыр дерті
ЖИТС- ғасыр обасы
Иммунитет, иммунитет түрлері. ЖҚТБ (СПИД). ЖҚТБ-ның алдын алу
Салауатты өмір салты
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2984 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык