Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Табиғатты аялайық!


Табиғатты аялайық!
Тақырыбы: Табиғатты аялайық!
Мақсаты: Қоршаған орта, табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту. Ойлау есте сақтау және зерделеуін дамыту, сөздерді анық айтуға машықтау және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу, жаратылыстың әрбір заты мен мүшесін құрметтеуге, қоршаған ортаны қорғауға, сақтауға үйрету. Сүйіспеншілік, мейірімділік қасиеттерін дамыту.
Үйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері
Біздер қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Бақшаға біз келеміз
Табиғатты сүйеміз
Баршаңызға құрметпен
Біздер сәлем береміз
Т: -Жарайсыңдар, балалар!
Т: -Қазір жылдың қай мезгілі?
Б: -Күз
Т: Күз мезгілінде неше ай бар?
Б:Үш ай бар, Қыркүйек, Қазан, Қараша.
Т: -Дұрыс-ақ балалар, қазір күз мезгілінің соңғы айы қараша айы.
Т: Балалар, жаңа сендер табиғатты сүйеміз деп өлең жолдарын айттыңыздар, сендер табиғатты жақсы көресіңдер ма? Табиғат дегеніміз- бізді қоршаған орта, оған (аспан, су, ағаш, гүлдер, өсімдіктер, күн) жатады. Табиғат өздігінен, адамның қатысуынсыз жаралған табиғи заңдылық. Ол тірі және өлі табиғат болып екіге бөлінеді. Айта қойыңдаршы, тірі табиғат нелер, өлі табиғатқа нелер жатады?
Б: Тірі табиғатқа – ағаш, гүл, шөп, т. б олар өздігінен өседі. Өлі табиғатқа су, тас, құм жатады. Олар өспейді, дем алмайды, денесінде жаны жоқ.
Медина:
Құлпыра берші, кең дала,
Гүліңді күнде терейін.
Жапырағыңмен жасыршы,
Құшағыңа енейін.
Махаббат:
Табиғат ол анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз.
Шаттық әнге саламыз
Дияр
Жазда аралап тауында,
Барамыз біз бауына.
Өзеніне шомылып,
Жүгіреміз жауында

Т: Олай болса табиғат туралы бейнетаспаға назар аударайық.
Т: Түсінгендерін сұрау
Күн, су, ауа, гүл, адам айтысы
Күн: Нурай
Мен шуақты күнмін! Мен бәріне жылуымды, нұрымды, беремін. Егер мен болмасам табиғатта болмас еді. Сондықтан табиғатқа көрік беріп тұрған менмін!
Су: Батырхан
Мен мөп - мөлдір, тап - таза, сыңғырлаған сумын. Мен болмасам осындай сұлу табиғат болар ма еді? Табиғатқа көрік беріп тұрған менмін
Гүл: Аружан
Мен әсем гүлмін! Егер мен болмасам жер үсті жайнайтын ба еді? Менің арқамда табиғат әсем болып тұр. Табиғатқа көрік беріп тұрған мен ғана.
Ауа: Нурдаулет
Мен таза ауамын! Табиғаттағы барлығы мен арқылы демалады Егер мен болмасам ешкім тіршілік ете алмайды,Табиғатқа ең керекті менмін.
Адам: Қайсар
Мен дүниедегі ең күшті, ақылды адаммын. Менен асқан ешкім жоқ бұл жалғанда. Сондықтан да бұл өмірдің иесі де киесі де менмін.
Т: - Дұрыс айтасыңдар!
Күн болмаса жарық жылуды қайдан аламыз.
Су болмаса өсімдіктерді, қалай суарамыз
Ауа болмаса қалай тыныс аламыз
Гүл болмаса табиғатымыз әдемі болмайды
Ол, Адам осы қоршаған ортадағы талдарға өсімдіктерге пайдасын тигізеді, күтіп баптайды.
Сергіту жаттығуы: "Қарлығаш"
Күтпеген сәт: Білгішбек келеді
Сәлеметсіңдер ме балалар!
Кане маған қараңдар
Достарыңмын Білгішбек
Немен келдім, не айтпақпын кім шешпек?
Сендерге ненің керегін
Бәрін де айтып беремін
Ауа керек сендерге күнімен
Өсуге күннің нұрымен
Күш жинау үшін құрыштай
Қанша су ішкен дұрысты,
Түсіну үшін барлығын,
Ізденіп өтсін әр күнің

Білгішбек:Балалар,бізге ауаның не үшін қажет екенін білгілерің келеме?
Олай болса тәжірибе жасап көрейік. Терең дем алып, аузымыз бен мұрнымызды қолымызбен жауып, демді іште сақтайық. Қиналып кеткенде демдеріңді шығарыңдар, дем ала бастаңдар.
Ауасыз қандай қиын екенін сездіңдер ме?
Біз ауасыз өмір сүре аламызба?
Отырған сыйқырлы орындығымыз арқылы табиғатқа саяхатқа барамыз. Көз алдарыңа туған жерімізді, оның әсем табиғатын елестетіңдер.Сулар мөп-мөлдір ағып жатыр, гүлдер жайнап өсіп тұр. Табиғатты тамашалап келе жатсақ алдымыздан таза мөп – мөлдір Бұлақ кездеседі. Сол бұлақтан су ішеміз. Ол үшін:
1. Алға иілу
2. Аламыз.
3. Ішеміз
4. Рахат-ай
Алма ағашы кездеседі. Сол ағаштан алманы алып жейміз.
1.Оң аяқ алға, сол аяқ өкшесі көтеріледі.
2. Алу
3. Қырт етіп тістеу
4. Тәттісін-ай
Раушан гүліне кездесеміз.
1.Алға иілу.
2. Аламыз
3. Иіскейміз.
4. Қажет емес ауаны сыртқа шығарасыз.
Білгішбек: Ой балалар мен қайтайын. Сендер өте ақылды екенсіңдер. Табиғатты аялаңдар. Менің кітап оқитын уақытып таяп қалды. Сау болыңдар.
Дидактикалық ойын: "Табиғатты аялайық"
Әр бала табиғат түрлерін плакатқа жапсырып, табиғат көрінісін бейнелейтін тиым сөздер айту
Гүлді жұлуға болмайды, гүлді аялау керек.
Ағашты кесуге болмайды, ол бізге таза ауа береді
Суды ластауға болмайды, сусыз өмір жоқ
Күнімізді бұлт баспасын
Көбелекті өлтірмеңдер, ол - әдемілік белгісі
Құсты атуға болмайды, құс адамның досы
Жасыл шөпті жұлуға болмайды, ол жерімізге көрік беріп тұрады
Аңдарды қорғауымыз керек, ол біздің байлығымыз

Т:Қанеки, енді табиғатқа ризашылығымызды сөзбен жеткізейік. Шеңберге тұрып, рахметтерін айтады. Күн, сәуле шашқаның үшін рахмет!
Аспан Таза ауаң үшін рахмет!
Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рахмет!
Ағаш, көлеңкең үшін рахмет!
Табиғат сұлулығың үшін рахмет!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Табиғат-Ана
Табиғатты қорғай білейік.
Табиғат-денсаулық мекені
"Табиғат -анамыз"
Мен табиғаттың бөлшегімін
Табиғат - досымыз
Кішкентай гномдар
Адам және табиғат
Табиғатты аялай білейік
Қысқы табиғатқа саяхат Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 4720 | Қосты: Қалмұхаш Жангүл Жұмабайқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык