Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Туған жер. Қасым Аманжолов


Туған жер. Қасым Аманжолов

Сабақтың тақырыбы: Туған жер. Қасым Аманжолов

Сабақтың мақсаты: 1. Қасым Аманжоловтың  «Туған жер» өлеңімен таныстыру.    
                                      Өлең ұйқасына, құрылымына назар аударту. Мағынасын,    
                                      мәнін аштыру. Жаңа сөздер меңгерту. 
                                  2. Ой-өрістерін, қиялдарын, сөздік қорларын,  шығармашылық         
                                      қабілеттерін дамыту. 
                                  3. Отан сүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. 
 
Сабақтың түрі:  Жаңа тақырыпты меңгерту 
 
Көрнекілігі:  Туған жер көріністері, Қ. Аманжоловтың сурету 
 
Әдіс-тәсілдері:  Тыңдату, мағынасын аштыру, ұйқас табу, сұрақ-жауап, сөздік        
                           жұмыс, салыстыру , топтау. 
 
Сабақтың барысы:
 
І. Ұйымдастыру бөлімі:  а) Оқушылардың зейіндерін тұрақтандыру, сабаққа даярлау. Эпиграф оқу, мағынасын ашу
«Туған жердей жер болмас, 
Туған елдей ел болмас»
 
ІІ-Негізгі бөлім: «Ой ашар»
- Балалар өздерің көріп отырсыңдар, Қасым Аманжолов әрі ақын, әрі  Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер ақын екен. Қасым –ақын туралы айтпас бұрын, оның «Өзім туралы» өлеңінен үзінді тыңдалық. 
Өзге емес, өзіме айтамөз жайымда, 
Жүрегім, жалын атқан сөз дайында. 
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді 
Тербетіп, тулатып бір қозғайтын да... 
 
Аманжол-Рақымжанның Қасымымын, 
Мен қалған бір атаның ғасырымын. 
Біреуге жұртта қалған жасығымын, 
Біреуге аспандағы асылымын. 
 
Ежелден ерке бұлан Қасым едім, 
Бұлқына тасып едім, басып едім. 
Жүзім-жаз, көңілім-көктем, кең пейілді 
Жақсының жүрегіне ғашық едім. 
 
Сөзім жыр, лебізім-күй, ерке едім, 
Өз жерім, өз елімде еркеледім 
Өмірдің алтын сарай аспанына 
Қиялым қақты қанат ерте менің. 
 
          Сонымен, балалар, Қасым ақынның өзі айтқандай, бір атаның асылы да, ғасыры да болған, жүрегінен жай отындай жасын сөзін ақтарған ақиық ақын қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында 1911 жылы дүниеге келіп, 1955 жылы небәрі 44 жасында өмірден өткен екен. 
         Бүгін бізден танысқалы отырған «Туған жерінен» басқа да көптеген өлеңдері бар. Оны мына сызбадан қарап өтелік: 
Ал, енді, оқушылар, сұрақтарыңыз, алып-қосарларыңыз болмаса, біздер ақын шығармасын тыңдалық.     
 
                                              Туған жер. 
Шықшы тауға, қарашы кең далаға, 
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға 
О шеті мен бұ шетіне жүгірсең 
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма? 
 
Уа, дариға, алтын бесік туған жер, 
Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр! 
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей 
Ақын болмай, тасың болсам мен егер. 
 
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің! 
Нендей күйге жүрегімді бөледің? 
Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем,- 
Арманым жоқ бұл дүниеде, - дер едім. 
 
Мен өзіңдей байтақ едім, кең едім 
Қызығығыңды көріп еркін келемін 
Сен де аямай бердің маған барыңды 
Мен де аямай барым саған беремін 
 
ІІІ- Ой толғау. Өлең мәтінімен жұмыс. Мәнерлеп, тізбектей оқыту, мағынасын аштыру: 
1. Ақынның туған жеріне деген мақтаныш сезімін өлеңнің қай жолдарынан байқаймыз? 
2. Неліктен Қасымды лирик ақын дейміз? 
 
ІҮ- Ой шақыру. Топтық тапсырмалар: 
1-топ: Туған жердің кеңдігі, байлығы туралы ақын не деп тебіренді? 
2-топ: «Қызығыңды көріп келемін» деген өлең жолымен ақын не айтқысы келді? 
3-топ: «Сен де аямай бердің маған барыңды, мен де аямай барым саған беремін» деген жолдар арқылы ақын не айтпақшы? 
 
Ү- Деңгейлік тапсырма:
1-деңгей: Өлеңдегі ұйқасып тұрған сөздерді теріп жазып ал. (І,ІІ шумақтан) 
1) Далаға, балаға, қана, ма? 
2) Туған жер, кеше гөр, мен егер 
2-деңгей: «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген мақалдың мәнін аш 
3-деңгей: 1-2 шумақ  бойынша кесте құр, өлең жазып көр: 
«Ой толғау»: 
1. «Туған жер» сөзіне синонимдік қатар құру, мағынасын ашу 
2. Е. Өтетілеудің «Отан» өлеңін мәнерлеп оқу  
 
ІҮ- Қорытынды: Сонымен, сенің Отаның Қазақстан деп аталатын тәуелсіз, егемен ел. Алдымызда келе жатқан 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні құтты болсын!   
 
ҮІІ-Үйге тапсырма: 
Өлеңді мәнерлеп оқу, «Туған жер» тақырыбына өлең немесе қысқаша шығарма жазу 
 
ҮІІІ-Бағалау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қасым Аманжолов. «Көктем»
Қ.Аманжолов. «Өзім туралы»
Сәкен Сейфуллин "Туған ел"
Қасым Аманжолов. «Қазақстан».
Қасым Аманжолов «Дауыл»
Төлеген Айбергенов Туған жер, Жаз қақпасы
Өмірін өрген өлеңмен Қ. Аманжолов
Қазақстан. Қ.Аманжолов
Қасым Аманжоловтың тәлімді – тәрбиелі өлеңдері
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 13194 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык