Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Асханада. Етістіктің келер шағы


Асханада. Етістіктің келер шағы

Сабақтың тақырыбы: Асханада. Етістіктің келер шағы

2. Сабақтың типі:аралас сабақ
3. Сабақтың түріі:ББД  дамыту сабақ
4. Қолданылған технология: Сын тұрғысынан ойлау, АКТ, сатылай кешенді талдау
5. Сабақтың жабдығы:           үлестірмелі парақшалар, компьютер, слайд
6. Сабақ мақсаты:Білімділік:Асханада тақырыбына қатысты сөздерді меңгерте отырып, екеуара сөйлесуге, мәтінмен жұмыс жасауға дағдыландыру. Келер шақтың түрлерімен, жасалу жолдарымен таныстыру.
Дамытушылық: Білім алушының сөздік қорын, білім, білік, дағдысын дамыту, тілін ширату.
Тәрбиелілік:Әдептілікке, адамгершілікке, дұрыс тамақтануға тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру.
САБАҚ БАРЫСЫ:
І.Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу, студенттерді түгендеу, аудитория тазалығы, жаңа білім беру сабағына дайындық жүргізу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Менің бөлмем» тақырыбына әңгімежазу.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі:1. Сабақтың тақырыбын және мақсатын қою. 
Келер шақ  сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатын іс-әрекетті білдіреді. Оның 3 түрі бар:
Болжалды
келер шақ Іс-қимылдың келешекте болатынын дәл көрсетпей, болжай ғана білдіреді. етістік + (-ар, -ер, -р)+ жіктік жалғауы
Мақсатты
келер шақ Іс-қимылдың келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді. етістік + (-мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек) + (-шы,-ші) +ж.ж
Ауыспалы
келер шақ Алдағы уақытта болатын Іс-қимылды білдіреді. етістік + (-а, -е, -й) + жіктік жалғауы
IV. Бекіту кезеңі:1-тапсырма.Мәтінді түсініп оқыңыздар. Мәтін мазмұнына сұрақтар дайындаңыздар.
Үлгі: Жұмыстың асханасы қайда орналасқан? Етістіктерді тауып, келер шақта жазыңыздар.
Асханада
Біздің жұмысымыздың асханасы төменгі қабатта орналасқан. Біз түскітамақты үнемі асханадан ішеміз. Асхананың тамақтары өте дәмді.Асханада:шырындар, сусындар, салаттар, қой етінен, сиыр етінен, тауық етінен,балықтан жасалған тағамдар бар. Тәтті тағамдар да көп.  Маған әсіресебалықтан пісірілген тамақтар қатты ұнайды.Міне, бүгін де әріптестерімізбен түстену үшін асханамызға келдік. Менәдеттегідей қуырылған балық, тауық сорпасын алдым. Әріптесім Ажар тәттітағамдарды ұнатады. Ол бүгін де әдеттегісінше тәттілерді көбірек алды.Тамақтарды ұсынып жатып аспаз Әлия тәте бізге «тамақтарыңыз дәмді болсын!» деді. 2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз?
1. Сіз асханадан қандай тамақтар аласыз?
......................................................................
2. Қандай сусындар ішесіз?
.......................................................................
3. Біріншіге не аласыз?
.......................................................................
4. Екіншіге не аласыз?
........................................................................ 3-тапсырма.Диалогты оқыңыздар. Рөлге бөліп оқыңыздар. Диалогты әңгіме түрінде жазаңыздар.
Біз түсте асханада тамақтанамыз. Бүгін де асханаға бардық. Даяшы мәзірді берді.Біз тамақ таңдай бастадық.
Даяшы: Қандай тамақ әкелейін?
Мен: Қазы, кеспе, қуырдақ, шай, шайға жет беріңіз.
Досым: Жая, сорпа, қазақша ет, шай, шайға шәкшәк әкеліңіз. 
Даяшы: Басқа ештеңе керек емес пе?
Біз: Қымыз, шұбат болса, ішер едік.
Даяшы: Қымыз да, шұбат та бар, қайсысын әкелейін?
Мен: Маған қымыз әкеліңіз.
Досым: Маған шұбат беріңіз.
Даяшы: Қазір бәрін әкелейін, аз ғана күтіңіздер.
Лезде даяшы қымыз бен шұбат әкелді.
Мен: Мына қымыз нағыз ауылдың қымызындай дәмді екен.
Досым: Шұбат та өте жақсы.
Біз қымыз бен шұбатқа риза болып отырғанда, даяшы тамақ әкелді. Біз тамақтарымызды ішіп, ақшасын төлеп, даяшыға дәмді тамақ үшін рахмет айтып, жұмысқа кеттік.
 
 
Сөздік жұмысы
1. Жаңа сөздерді тауып, аударыңыздар.2. Жаңа сөздерді аудармасымен бірнеше рет оқыңыздар.
3. Жаңа сөздермен сөйлем құрап жазыңыздар.
4-тапсырма. Төмендегі сөздерге фонетикалық (сатылай кешенді талдау) жасаңыздар.
Қымыз, шұбат, дәмді, асхана.
5-тапсырма.Колледжасханасының тәртібімен танысып, етістіктерді тауып, қай шақта тұрғанын анықтаңыздар. 
- Колледж асханасын үзіліс кезінде бекітілген кесте бойынша қолдану керек.
- Асханада болғанда студенттердің міндеті: 
- «Асханада өзін ұстау нұсқаунамасына сәйкес» өздерін ұстау білулері керек.
-        Сыртқы киіммен асханаға кіруге болмайды.
-        Ыстық және сұйық тамақ алып жатқан кезде жан-жағына назар аударып абай болулары қажет.
-        Асханадан алған тамақты асхананың ішінде ғана жеулері керек.
- Мұғалімдердің немесе асхана жұмыскерлерінің талаптарына бағынулары керек.
- Тамақты кезекпен алады .
- Тамақтанғаннан соң үстелдің үстін жинайды.
- Асхана мүлігін сындырмайды.
- Асхана заттарын сыртқа алып шығуға тыйым салынады.
6-тапсырма. Біліміңізді тексеріңіз. Сөздердің аудармасын жазыңыз. Келер шақ формасындағы етістіктерді пайдаланып, сөйлем құрастырыңыздар.
Сорпа _______ Тауық _______   Ірімшік ______  Қымыз _________   Картоп _______    Бал ________
Шырын _______ Балық ______ Айран _______  Көже _________      Палау ________    Тосап _________
7-тапсырма. Диалогты оқыңыз, жауап беріңіздер. Етістіктің қай шақта тұрғанын анықтаңыздар.
-Үсен, таңғы асқа не жедің?
- .........................................................
- Түскі асқа не ішкің келіп тұр?
- .........................................................
- Кешке не жегенді қалайсың?
- ..........................................................
8-тапсырма.Бағандағы сөздерді тіркестіріп, сөйлемдер құраңыздар. Сөйлемдеріңізді келер шақта жазыңыздар.
Сүтті шай 
9-тапсырма. Сөздерді сәйкестендіріңіздер.
1. Ас                            қою
2. Сусын                     кесу
3. Жұмыртқа              жасау
4. Тамақ                      асу
5. Дастарханға           пісіру
6. Кеспе                      қуыру
7. Ет                            ішу Ү. Қорытынды: Кері байланыс парағын толтыру.
1. Сабақтан қандай әсер алыңыз?
2.Сабақ барысында қандай қиындықтар туындады?
3.Қай тапсырма орындауда қызықты болды?
4.Біліміңізді қай тапсырманы орындағанда толық жеткізе алдыңыз?
VI. Үй тапсырмасы:Келер шақтың түрлеріне мысалдар жазу. Асханада тақырыбына сөйлесу.
VIІ.Білімді бағалау:Студенттердің білім сапасы мен тіл байлықтарына, ой-пікірлерінің құндылықтарына, жауаптарына орай, білім деңгейін  бағалау.
Оқытушы:_______________
Бекітемін:______________

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Етістіктің шақтары
Қазақтың ұлттық тағамдары
Етістіктің шақтары
Қазақ тілінен бақылау диктанты
Мектеп асханасы. Жалғаулық шылау.
Қазақтың дастарханы. Етістікті қайталау
Етістікті қайталау
Етістік шақтары
Мақсатты келер шақ Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем
«Етістіктің шақтары» тақырыбы бойынша
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 6796 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык