Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » "Қазақшаңыз қалай?" танымдық ойыны


"Қазақшаңыз қалай?" танымдық ойыны
Тақырыбы: Қазақшаңыз қалай?
Мақсаты: Оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру, мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрлерін сыйлауға тәрбиелеу.
Түрі: танымдық ойын
Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, кеспе қағаздар.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылардың назарын танымдық ойынға аудару.
2. Гимн орындалады
ІІ. Негізгі кезең.
1-жүргізуші: Құрметті әріптестер, оқушылар!
Бүгінгі «Қазақшаңыз қалай?» атты танымдық ойынды бастауға рұқсат етіңіздер. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар, теледидарда жүргізілетін қазақша хабарға қызығушылықтарын арттыру.

2-жүргізуші: Қадір Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен біздің мектебіміздің 4"В" сынып оқушылары арасындағы «Қазақшаңыз қалай?» атты танымдық ойынды бастаймыз.

1-жүргізуші: Бүгінгі сайыс мынадай кезеңдерден тұрады.
Сайыс кезеңдері:
1. Таныстыру.
2. Дода.
3. Сөз мәйегі-мақал.
4. Кім жылдам?
5. «Өнерпаз болсаң...»- үй жұмысы.
6. Көрермендер көрімдігі

2-жүргізуші: Сайыскерлердің білімін таразылап, өздеріне баға беруші әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Малика:
Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрермендерді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін.
Өнеріне ду қол соғып қостайық.

Айару:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

І кезең. Таныстыру.
І-топ. «Жасқыран»
Қалықтап көкте жас қыран,
Халықпыз сөзге тоқтаған.
Тілімен топты жаратын.
Тобымыз біздің - «Жасқыран»

ІІ-топ. «Топжарған»
Шығарар намыс топты алдан,
Дуалы ауыз тілге арман.
Сайысқа келдік біліммен,
Тобымыз біздің - «Топжарған»

ІІ кезең. «Дода»
Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ қойылады. Берілген сұрақтарға тоқтаусыз, дұрыс әрі жылдам жауап беру керек.
"Топжарған" тобына:
1. 1 жылда неше күн бар?
2. Жыл мезгілдерін ата
3. Күз айларын ата
4. Бір тәулікте неше сағат бар?
5. Жылқы сүті қалай аталады?
6. Қалам не үшін керек?
7. Үнді дауыссыздарды ата
8. Құрылысшы не істейді?
9. Кім адамдарды емдейді?
10. "Повар" сөзін қазақ тіліне аудар

"Жас қыран" тобына:
1. Бір жылда неше ай бар?
2. Апта күндерін ата
3. Қыс айларын ата
4. Бір айда неше күн бар?
5. Түйе сүті қалай аталады?
6. Өшіргіш не үшін керекю
7. Қатаң дауыссыздарды ата
8. Мұғалім не істейді?
9. Қатаң дауыссыздарды ата
10. "Шьет" сөзін қазақ тіліне аудар

ІІІ кезең. «Сөз мәйегі-мақал»
Сайыскерлер Отан, тіл, достық туралы мақалдар айтудан жарысады.

ІҮ кезең. «Кім жылдам?»
Берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрау керек.

"Топжарған" тобына:
1. Әжем, менің, жаста, 70 - Менің әжем 70 жаста.
2. Салады, биік, үйлер, құрылысшы. - Құрылысшы биік үйлер салады.
3. Жұмыс, істейді, кітапханашы, кітапханада - Кітапханашы кітапханада жұмыс істейді.
4. Мектепке, барасың, сен, атаңмен. - Сен мектепке атаңмен барасың.

"Жас қыран" тобына:
1. Әкең, жаста, сенің, 30. - Сенің әкең 30 жаста.
2. Жұмыс, істейді, аспаз, асханада - Аспаз асханада жұмыс істейді.
3. Қарындасың, 2-сыныпта, сенің, оқиды. - Сенің қарындасың 2-сыныпта оқиды.
4. Балалармен, Асан, ойнады, футбол. - Асан балалармен футбол ойнады.

Ү кезең. «Өнерпаз болсаң...»
Оқушылардың дайындап келген өнеріне тоқталайық.

ҮІ кезең "Көрермендер көрімдігі"
Көрермен оқушылар сайыскерлерге өнерлерін көрсетеді.

1-жүргізуші:
«Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты», - дегендей, сайыскерлерімізді бағалау үшін әділ қазыларымызға сөз берейік.

ІІІ. Қорытындылау
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Тіл - әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұят та, ел де, жер де болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы көз жеткіздік. Сау болыңыздар!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тіл сайысы
Тілді сүйсең менше сүй
Тіл сайысы
Білімді мыңды жығар
Ел рәміздері – ұлттық мақтаныш
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Қазақшаңыз қалай?
Тіл мәртебесі- ел мәртебесі
Жас көшбасшы
Ана тілім – асыл қазынам!
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4993 | Қосты: Акимжанова Гульжан Муратбаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык