Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақстан-менің Отаным


Қазақстан-менің Отаным

Тақырыбы: Қазақстан-менің Отаным

Мақсаты: оқушылардың қазақ тілінен алған білімін арттыру, өз елінің тарихын, рәміздерін құрметтеуге баулу.
Көрнекілік: суреттер, карточкалар.
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Қазақстан-біздің Отанымыз. Ол- тәуелсіз мемлекет. Мемлекеттік тілі-қазақ тілі. Қазақстан-өзінің салт-дәстүрі, мемлекеттік рәміздері бар ел. Міне, биыл тәуелсіздіктің 22  жылдығын тойлап өтеміз. Осы атаулы оқиғаға байланысты бізде осы іс-шараны өткізейін деп отырымыз.
Ол үшін біз сыныпты екі топқа бөлеміз:
І топ «Атамекен»                                 ІІ топ «Бейбітшілік»
-Енді сайысымыздың негізгі кезеңін бастаймыз. Ол үшін екі топтан 1 оқушы шығады да, берілген тапсырманы толық орындауы тиіс.
-Алдымен сендердің тәртіптерің еске алынады және жауаптарың толық болуы керек.
-Мұқият тыңдаңыздар.
І – тапсырма. Викторина.
1.Қазақстан қандай мемлекет?
2.Қазақстан Республикасының Президенті кім?
3.Қазақстан Республикасының бас қаласы кандай?
4.Отан деген не?
5.Қазақстан Республикасы кімдердің Отаны?
6.Қазақстан Республикасының рәміздері қашан қабылданды және олар қандай рәміздер?
7.Туы мен Елтаңбасы неше түсті?
8.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны қашан қабылданды?
9.Әнұранның авторы кім?
10.Тудың авторы кім?
ІІ-тапсырма . «Тапқырлық».
Әр топ кезектесіп мақал-мәтел айтады.Кім көп біледі?!
ІІІ-тапсырма. «Адалдық».
Мына өлеңді жатқа жазыңдар. Алдымен өздерің бірнеше рет оқып есте сақтағаннан кейін өз беттерінше жазыңдар. Өте ұқыпты және мұқият болыңдар.
Отан-сенің ата-анаң,
     Отан-досың, бауырсың.
   Отан-өлкең, астананаң
Отан-аудан,ауылың.
ІҮ-тапсырма. «Қазақ тілі»- лотосы.
Оқушыларға кеспе қағаздар таратылып, олар соларды пайдаланып әнұранның қайырмасын құрастырып шығару тиіс.
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ү-тапсырма.  Жеті сөзді тауып жазыңдар.
К Н А У Р Ы З
Ө Д Қ Ұ С Ь М
К Г Ш З Ә Л П
Т О А Й У Р Ф
Е К Ұ Н І Ж О
М А М Ы Р В Х
ҮІ-тапсырма.  Төртінші артықты тап.
Ту Кітап Рәміздер Табиғат
Мектеп Гүл Дос Еңбек
ҮІІ-тапсырма. «Сөйлемдерді аяқта».
Отанды сүю                                    орман,дала, тау қажет.
Жануарға                                         Отан керек.
Адамға                                             Отанды қорғау.
Табиғатты қорғау дегеніміз           отбасынан басталады.
Адамның кіші Отаны                      ауласы, көшесі, мектебі, достары.   
ҮІІІ-тапсырма. Қазақ тілінің төл дыбыстарын білесің бе?
Екі команда бір-біріне қарама-қарсы тұру керек.Бірінші командаеның ойыншылары әріптерді көрсетеді.Екінші коменданың ойыешылары осы сөзге байланысты сөздерді атайды.Кейін олар орындарымен ауысып, сайысты жалғастырады.
Қорытынды. Сонымен балалар, бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті деп ойлаймын.Сайыстарға жақсы қатысып, білімдеріңді көрсеттіңдер.Бұл өте жақсы.
Мадақтама рәсімі. Сау болыңдар.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің Отаным –Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан.
Мемлекетті рәміздер.
Менің Отаным – Қазақстан
Қазақстан – менің Отаным
Нәтиже сабақ Менің Отаным
Қазақстан. Қ.Аманжолов
Менің отаным – Қазақстан!
Біздің Отанымыз-Қазақстан
Шағын жинақты мектептердің 3,4-сыныптарына арналған қазақ тілінен сабақ
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3639 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык