Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
Загрузка...
Загрузка...
» » Баяндауыш

5-06-2014, 15:14
Баяндауыш
загрузка...

Сабақ тақырыбы: Баяндауыш

Сабақ мақсаты:
                                     а) Оқушыларға тұрлаулы мүшенің бірі баяндауыш туралы түсінік 
                                     беріп, оның құрамдық түрлерін ажырата білуге үйрету.
                                    ә)  Оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін, өз ойын 
                                    жүйелі жеткізе білу қабілетін дамыту
                                   б)  Оқушыларды рухани-адамгершілік, еңбексүйгіштікке баулу, 
                                   білімді болуға  деген қызығушылығын ояту.
 
Сабақ көрнекілігі:    Интербелсенді тақта, ереже жазылған кесте, үлестірме қағаз.
Сабақ түрі:               жаңа сабақ
 
Сабақ әдіс-тәсілі:      түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, салыстыру әдісі
Пәнаралық байланыс:  әдебиет
 
                         Сабақ барысы:
І  Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, зейіндерін сабаққа аудару.
Жаңа сабаққа дайындық.
ІІ  Үй жұмысын пысықтау
Жаттығудың орындалуын тексеру.
Үлестірме қағаз арқылы ереже сұрау,сөйлем талдау.
 
ІІІ  Жаңа сабақ
Баяндауыш
Сөйлемдегі бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін білдіретін тұрлаулы мүшенің бірін баяндауыш дейміз.
   Сұрақтары: Не істеді? Қайтеді? Қайтті?
   Не істемек? Немене?  Кімдікі? Ненікі?
   Кім? Не? Неше? Қандай? т.б.
 
 Баяндауыш болатын сөз таптары
 
№ Сөз таптары Сөйлемдер
1 Етістік Сен қайда жүрсің?
2 Сын есім Бәріміз  бір кісінің баласындай татумыз.
3 Зат есім Ат – көлік, қамшы – қару.
4 Сан есім Ер кезегі – үш.
5 Есімдік Кешегі келген – соның өзі.
6 Еліктеуіш сөз
бен көмекші етістік От жылт етті.
Мылтықтың даусы тарс етті.
 
Баяндауыш құрылысына қарай 3 түрге жіктеледі.
 
 Дара баяндауыш Ол  бөлменің ішін тазалады. 
Мен өте қуандым.
Күрделі баяндауыш Машина баяу жүріп келе жатыр. 
Абай күрсініп қояды.
Үйірлі баяндауыш Қиыны бұл дүниенің – қолы тарлық.
Есті адамдар бар қасиет – уайым жеу.
Оқулықпен  жұмыс:    
38-жаттығу. Мына сөздерді баяндауыш етіп сөйлемдерді аяқтаңдар.
  
Шығармашылық жұмыс
1-тапсырма. Мақалдарды жалғастыр. 
1. Білімдіге дүние    ... (жарық)
           Білімсіздің күні  .... (кәріп)
3. Еңбекқордың ерні  .... (майлы) 
      4.   Ақыл – тозбайтын .....  (тон)    
             Білім – таусылмайтын   ....(кен)
   
1) Бастауыш пен баяндауышты тауып, астын сыз.
2) Баяндауыштың қандай сөз табынан жасалғанын анықта.
 
2-тапсырма.  Екі сөзден тастап оқып, сөздерден өлең жолын құрастыр. Құрамынан баяндауышты тап.
 
 Адамның, бала, оқытуды, бір, деген, жек, қызығы, баланы, көрмедім.
Жауабы:
                   Адамның бір қызығы  бала деген,
                   Баланы оқытуды жек көрмедім.
  Бұл үзінді қай өлеңнен алынған?       
 Өлеңнің авторы туралы не білесіңдер?
 
Жаңа сабақты қорытындылау
1.  Венн диаграммасы (салыстыру) әдісі арқылы.
2.  Сұрақ-жауап арқылы.
 
Оқушыларды бағалау
Үй жұмысы:     39-жаттығу орындау.
                           Баяндауыштың ережесін оқып, іздену
Загрузка...

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Баяндауыш
Баяндауыш
Баяндауыш пен бастауыштың арасындағы сызықша
Толықтауыш
Жақсыз сөйлем
Тұрлаулы мүшелер
Баяндауыш
«Сан есім» тақырыбы бойынша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Баяндауыш
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 1494 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Загрузка...
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык
Загрузка...