Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Cептіктерді қайталау


Cептіктерді қайталау
Сабақтың тақырыптары: 
Лексикалық тақырып:  “Банк“

Грамматикалық тақырып: Cептіктерді қайталау

Сабақтың мақсаты: 
  Білімділік:септіктер тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін пысықтау;  септік  жалғауларын жалғап жазуға дағдыландыру, септік жалғауларын, сұрақтарын қаншалықты дәрежеде меңгергендіктерін байқау, негізгі білімдерін ұштай отырып тексеру; өткен сөздерді қайталу. 
  Дамытушылық:оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілеттерін, ауызша, жазбаша жаттығулар жүргізе отырып сауаттылығын дамыту; оқушылардың тез ойланып,жауапты дұрыс шапшаң, қайтара білуіне дағдылану, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Іскерлік қабілеттерін дамыту.  
  Тәрбиелік: оқушылардың өз міндетін тиянақты орындауға үйрету; өз еліне, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін ояту, экономикалық тәрбие беру, үнемділікке, іскерлікке  тәрбиелеу. 
  Сабақтың типі: Білім мен әрекет тәсілдерін жалпылау мен жүйелеу сабағы
  Сабақтың түрі: ойын сабақ. 
Сабақтың формасы: топпен жұмыс 
  Сабақтың әдістері: интерактивті әдіс 
  Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, интерактивті тақта, презентация
  Сабақтың барысы: 
 І. Ұйымдастыру  кезеңі. 
  а) оқушылардың сабаққа  дайындығын тексеру; 
  ә) кезекшінің есебі 
   б) Психологиялық дайындық.
  2. Сабақтың барысын хабарлау: 
  Мұғалім: Қазақ тілі грамматикасының ең бір күрделі тарауы ''Септік жалғаулары '' туралы мағлұмат  алдық. Енді осы алған білімдерімізді жинақтап, жүйелеп  іскерлік ойын сабағы  түрінде өткіземіз. 
ІІ.  1. Сабаққа ену 1 слайд
 
 Балалар, банк дегеніміз не? /ақша салу, айлық, зейнетақы алу, несие алу/
 Атырау қаласында қандай банктер бар?
Банк (италянша bankо — үстел),  Банк (ағылшынша  «banco» -«айырбас столы»  — ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, кредит беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі. Банктің пайда болуы мен дамуы тауар-ақша қатынастарының дамуымен тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың уақытша пайдаланылмай бос тұрған қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсіммен уақытша кредит беру арқылы қаржы мұқтаждығын өтейді. Сөйтіп, Банктер аралық қызмет атқарып ақша пиасасында (рыногында) тауарға айналатын жаңа талап пен міндеттемені қалыптастырады. Міндеттеме мен талаптың пайда болу процесі қаржылық-делдалдық қызметтің негізін құрайды.
Сөздікпен жұмыс:
Несие-кредит
Құнды қағаздар- ценные бумаги
Шетелдік- иностранная
Тауар-ақша қатынастары- товарно-денежные отношения 
 Ақша не үшін қажет?
 Оны қалай пайдалану керек?
 Банк несиені кімге береді? /жұмыс істейтін адамдарға және кәсіпкерлерге береді/
Дұрыс. Олай болса, біз банктың несие бөлімінде қызмет атқарушы болып жұмыс істейміз делік. Бірақ әр қайсымыздың атқаратын қызметіміз әртүрлі. Кімнің қандай қызмет атқаратынын білу үшін келесі VIP TEST  бағдарламасындағы тест тапсырмаларын орындауымыз керек!
1.”Несие"сөзі қай септікте тұрғанын тап
А) А.с. С) Б. с.
В) І.с. Д) Ж. с. 
2.Ілік септегінде тұрған сөзді белгіле
А) қаржы С) қаржының
В) қаржыға Д) қаржыда
3.Барыс септігінің сұрағын белгіле
А) кімге?неге?қайда? С) кімге? кімді? нені?
В) кімдерге?кімді?нені? Д) кіммен? немен?
4.Табыс септігінің жалғауын белгіле
А) -ны,-ні,-қы,-кі,-ғы,-гі В) -ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті
С) -ны,-ні,-шы,-ші,-ды,-ді Д) –нан,-нен, -дан,-ден, -тан, -тен
5.Жатыс септігінде тұрған сөзді белгіле
А) құнды қағаздарда С) банкпен 
В) ақшаға Д) банктен
6. Шығыс септігінде тұрған сөзді табыңыз 
А)  экономикаға   В) экономиканы 
С) экономикадан Д) экономикамен
7.Көмектес септігінің сұрақтарын ата
А) кімде?неде? С) кімнен?неден? 
В)кімге ? неге ? Д) кіммен? немен ?
2. Тест жұмысы  2 ұпаймен бағаланады. 2 слайд
3. Осы нәтиже бойынша оқушылар  үш ұжымға бөлінеді. Дұрыс орындалған тапсырмалардың нәтижесі арқылы қызмет орны тағайындалады. 3 слайд
4.Балдық жүйе бойынша сабақтың құрылымымен таныстыру. 4 слайд
5.  Мұғалім оқушылардың алдында міндет қояды
 Үш фирма, «АО Мақсат», «Сауда – сервис» , «Құрылыс   сауда – сервис «Нұрсұлтан» банктен несие алуға усыныс берді. Бөлінген  қызметтерін бойынша осы фирмаларды қадағалауларың керек.  6 слайд
6. Кестеге  шыққан нәтижесін толтыру керек. 7 слайд
7. Негізгі бөлімі.    анықтау Фирма сипаттамасын анықтау   үшін,   сұрақтарға жауап бересіздер. Жауап 2 ұпаймен бағаланады  8 слайд
1. Септіктердің  атын атап, ретімен қойыңдар. 
Банк дегеніміз не?
2. Септіктердің  қызметін табыңдар. Сұрақтарын тауып қою. 
Банк қандай қызметтер атқарады?
3. Септіктердің жалғауларын атаңдар. 
Банктің пайда болуы мен дамуы немен тығыз байланысты? 
8. Кестеге жауабын жазады және ең көп пайда көрген фирманы анықтайды. 9 слайд
1. 9. Келесі кезең: Қызмет түрі анықтау мақсатында Семантикалық картамен жұмыс   4 ұпай. 10 слайд
  Атау Ілік Барыс Табыс Жатыс Шығыс Көмек тес
дәптермен  
 бақта  
әжеме  
 жігіт  
 құстың  
ағаштан  
суды  
 
 Жалғаулардың қажетті вариантын жалғау
Неге? Орындық... ( -ға, -қа, -на/ -ге, - ке, -не) отырады. 
Нені? Кітап... ( – ны, -ды, -ты/ - ні, -ді, - ті) алды. 
Кімнің? Оқушы... ( –ның, - дың, - тың/ -нің, -дің, -тің) дәптері. 
Неде? Үй... (-та, -да, -нда/ -те, -де, -нде) отыр. 
Сөйлемдегі қарамен жазылған сөзге септіктердің сұрағын қою.
• Жұмбақтар: 
1 Көзіңмен көресің, 
Қолыңмен ұстай алмайсың. /көлеңке/ 
2. Қандай жолмен адам жүрмейді? /құс жолымен/ 
3. Кім барлық тілде сөйлейді? /жаңғырық/ 
4. Көзге ілінбейді, жұтсаң білінбейді. /ауа/ 
 
10. Кестеге жауабын жазу. 11 слайд
 
11. Сергіту сәті. 12 слайд
 
12.  Төл құжатты хаттау кезеңі. 6 ұпаймен бағаланады. 13 слайд
Қай фирма аз уақыттын ішінде төл құжатты хаттайтындығын келесі тапсырма бойынша анықтаймыз.
 
1 деңгей.
1. несие, құнды қағазар сөздерін септеңдер.
2 деңгей.
1.  банк,  тауар-ақша сөздерін тәуелдеп септеңдер.
3 деңгей.
1.  депозиттерін сөзіне  сатылай кешенді   талдау жасау. 
Орындап болған соң тақтада дұрыс жауабы беріледі, қатар отырған оқушылар дәптерлерін ауыстырып, бірін-бірі тексереді.
Қателері болса , түзейді.
13. Кестеге жауабын жазу. 14 слайд
14. Жұмысшылардың санын анықтау кезеңі. 8 ұпаймен бағаланады. 15 слайд
 Фирмалардың көретін пайдасы кімге байланысты? Сендер осыны анықтап алуларың қажет. Сол себепті Орыс тіліндегі падеж бен қазақ тіліндегі септікті салыстыру . Венн диаграммасы. 
 
 
 
15. Кестеге жауабын жазу. 
 
16. Қорытынды барысында оқушылар кестелік нәтиже бойынша қай фирмаға несие беруге болатынын анықтайды. Жеңімпаз фирма мадақталады
 
Рефлексия 
Бүгін мен білдім…
Қызық болды …
Қиын болды …
Мен тапсырма орындадым…
Мен түсіндім, …
Енді мен жасай аламын…
Мен сезіндім …
Мен үйрендім …
Мені таңдандырды…
Сабақ менің өмірім үшін …
Мен болашақта……
Үйге тапсырма: «Банктің адам өміріндегі маңызы» тақырыбында ойтолғау жазу
Бағала
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мемлекеттік бюджет.
Банк жүйесі
Банктік қызметтер
Шығыс септік
Банк. Cептіктерді қайталау.
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Банк жүйесі
Тұтынушылық несие, сақтандыру
Септіктер, 4-класс
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2055 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык