Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Дауыссыз дыбыстар


Дауыссыз дыбыстар

Дауыссыз дыбыстар

Дауыссыздардың жасалуын айтқанда, ол дауыстылардың жасалуымен салыстыра түсіндіріледі, атап айтқанда:
1) Дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дауыс шымылдығынан кейін  ешқандай кедергіге ұшырамаса, дауыссыздарда ауа міндетті түрде дыбыстау мүшелерінің бірінде кедергіге ұшырайды. Мысалы а,о,д,т дыбыстарды  салыстырып айтып көріңіз;
2) Дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дауыс шымылдығын қатты, жиі, көбірек дірілдетсе, дауыссыздарда баяу, аз дірілдетеді;
3) Даустыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дыбыстау мүшелерінің барлығына бірдей таралып түссе, дауыссыздарда  ауаның қысымы дыбыстау мүшелерінің бәріне  таралып түспейді;
4) Дауыстыларды айтқанда, дыбыстау мүшелерінің бәрі дерлік қимылдаса, дауыссыздарда дыбыстау мүшелері бір жақты ғана қимылдайды;
5) Дауыстылармен ән салуға болса, дауыссыздармен бұлай етуге болмайды;
6) Дауыссыздармен буын құрай алмаймыз.
     Сонымен, айтқанда ауа кедергіге ұшырап шығатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.
     Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар, олар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, (у), ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.  Сонымен бірге в, ф, ц, й, ч, щ – қазақ тілінің әсерімен енген дауыссыздар.
6.Дауыссыздардың  жіктелуі

Дауыссыз дыбыстар негізінен үн мен салдырдан жасалады. Дауыссыз дыбыстарға салдыр мен үн барлық дауыссыздарда бірдей емес. Мысалы, бай, бас, күн сөздердегі б, й, к дыбыстарын екі құлағыңызды басып тұрып айтып көріңіз. Сонда к дыбысынан ешқандай үн байқай алмаймыз, тек қана салдыр барын байқаймыз. Й  дыбысынан, керісінше, ешқандай салдыр байқалмайды, онда үн басым. Б дыбысы екеуіне де ұқсамайды,  онда үн мен салдыр қабат байқалады, бірақ салдыр басымырақ болады.
Осы әдіспен дауыссыздардың  барлығын тексерсек, дауыссыздар: 1) тек қана салдырдан тұратын 2) салдыр мен үннен тұратын дыбыстар болып екіге бөлінетінін байқаймыз. Оған төмендегі дыбыстар жатады.

Салдырдан тұратындар Салдыр мен үннен тұратындар
к, қ, п, с, т, х, ф, ц, ч, ш, щ й, л, м, н, ң, р, (у), б, в, г, ғ, д, ж, з, һ

Енді қайтадан сол әдіспен салдыр мен үннен тұратын дыбыстарды айтып байқағанымызда, бірқатар дыбыстарда салдырдан гөрі үн басым болса, енді бірқатарында үннен гөрі салдыр басым болып шығады. Сонда олар былай жіктеледі:
Үннен салдыр басым дыбыстар Салдырдан үні басым дыбыстар
б, в, г, ғ, д, ж, з, һ й, л, м, н, ң, р, (у)

     Фонетикада тек қана салдырдан тұратын дыбыстарды қатаң, үннен салдыры басым дыбыстарды – ұяң, ал салдырдан гөрі үні басым дыбыстарды үнді деп атайды.  Сонымен , қазақ тіліндегі дауыссыздар үнніңқатысына қарай мына төмендегі үшке бөлінеді:

Қатаң: к, қ, п, с, т, х, ф, ц, ч, ш, щ
Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з, һ
Үнді: й, л, м, н, ң, р, (у)

Дауыссыздар жасалу орнына қарай мына төмендегіше жіктеледі.

1. Ерін дауыссыздары: п, б, м, (у);
2. Тіс пен ерін дауыссыздары: ф, в;
3. Тіс дауыссыздары: т, д, ц, с, з;
4. Тіл ұшы дауыссыздары: ч, ж, н, л;
5. тіл алды дауыссыздары: ш, р, и, щ;
6. тіл ортасы дауыссыздары: к, г;
7. тіл арты дауыссыздары: қ, ң, х, ғ;
8. көмей дауыссызы; һ.

     Сонымен бірге айтылу жолына қарай  шұғыл: п, б, т, к, г, д, ч, ң, ызың: ф, в, с, ғ, ш, х, з, ж, һ болып екіге бөлінеді.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дауыссыз дыбыстар және олардың түрлері
Дауыссыз дыбыстар
Дауысты дыбыстар
Фонетика
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
«Дауысты дыбыс» бойынша тест сұрақтары
«Дауыссыз дыбыс» тақырыбы бойынша
Дауыссыз дыбыс
Дауыссыз дыбыстар
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 13461 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык