Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
Құрметті сайт қолданушылары ұстаздар сайты домендік атауының өзгергенін хабарлайды. Сайттың жаңа домендік атауы www.u-s.kz .
Загрузка...
Загрузка...
» » Е дыбысы мен әріпі

2-06-2014, 11:44
Е дыбысы мен әріпі
загрузка...

Сабақтың тақырыбы: Е дыбысы мен әріпі.

 Сабақтың мақсаты: а) Е дыбысы мен әріпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуды үйрету.

ә) Е дыбысаы қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың ой- өрісін, тілін дамыту.

б) Бірігіп жұмыс істеуге, бірінің пікірін бірі зер салып тыңдауға, табиғатты сүюге, оларды қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ой-қозғау, сұрақ-жауап, топ, жұппен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Кесте, е әріпінің баспа, жазба, түрі, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру. Психологиялық треннинг.

Әрбір адам- досым, сыныптасым

Әрбір ісің- тіршілік, адамдық.

Әрбір сабақ үйрену, оқу, іздену

Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық

 

  • Балалар, бүгінгі сабағымызды зерттеуші болуды үйренеміз. Ғалымдарды да зерттеушілер деп атайды. Себебі ғалымсдар да, ата-бабаларымыз да түрлі техника, түрлі жайттарды табиғатқа қарап ойлап тапқан.

 

Ұлы ғұлама Әл-Фараби атамыздың  мынадай қанатты сөзі бар:

« Адамның негізі білім алатын көзі- табиғат.»

 

                Біздің бүгінгі сабағымыз тай байланысты болмақ. Қазір көптеген қызықты    

                тапсырмалар, ойындар ойнаймыз. Оның барлығын орындап үлгеруіміз

                сендердің жылдамдықтарыңа, зеректіктеріңе, білімдеріңе байланысты. Алға

                қойған мақсатымызға қалай, ненің арқасында жете аламыз? ( ауызбіршілік, бірлік)

Бірлік туралы қандай мақалдар білеміз? « Бірлік болмай- тірлік болмас»

Бұл мақалды қалай түсінесіңдер? ( оқушылардың ой-пікірлері)

Өте жақсы, біз міне « Бірлік » аялдамасында тұрмыз.

Енді « Бірлік » аялдамасынан сайын далаға саяхатқа шығамыз. Көзімізді жұмып, ойша көз алдымызға елестетейік, далада нелерді көруіміз мүмкін. ( шөптер, құм, ағаш, аңдар т.б.). Енді көзімізді ашып, табанымыздың астына қарасыақ нелер екен балалар? ( Іздер)

              Үй тапсырмасын  қорыту

            Әрине іздер, бұл балалар жай іздер емес, сиқырлы іздер, іздерге сөздерді

              қатесіз оқысақ бұл іздің қай аңдікі екенін анықтай аламыз.

              Қане тездетіп оқиық ( аң, оң,таң,)

                Яғни, бұл түлкінің ізі екен. Түлкі туралы не білеміз? ( Қу, айлакер,  

                жыртқыш, далада, өмір сүреді т.б.)

               Біз бұның бәрін қайдан  үйрендік?

               Кітаптан, кітап туралы қандай мақал білеміз.

               « Кітап- білім бұлағы»

               Қалай түсінесіңдер? ( ой-пікір) « Білім» аялдамасына келген екенбіз.

               Ендеше кітаптан алған білімімізді корсетейік көрсетейік?

 

 

             Тақтаға қандай? Кім? Сұрақтарына ілінеді

             Менің қолымдағы не? ( доп,шар)

             Доп қандай? ( ауыр) шар қандай? ( жеңіл)

             Алма қандай ( қызыл, тәтті). Пияз ( Ащы, сары)

             Қарындаш қандай, ( жуан), қылқалам ( жіңішке)

           Сонда қандай сұрағы арқылы заттардың несін білдік? (түрін, дәмін, көлемін,

           салмағын)

           Келесі сұрақты оқиық ( кім?)

           Оқулығымыздың 80 бетін ашайық. Сұрақты бір бала, жауабын келесі бала,

            мамндығын

            үшінші балаға оқытамын.

  • Кім сұрағы тек ғанаадамдарға қойылады екен.

Кітаптан алған білімдерімізді өте жақсы көрсеттік.

Сергіту жаттығуы.

Әсем әнге саламыз

Буынға бөліп сөздерді,

Білімге білім қосамыз.

3. Жаңа сабақ.

  • Саяхатымызды ары қарай жалғастырамыз. Балалар жолда біз тағы іздерге кездестік, бұл іздерге қай аңдікі екенін белгілерің келе ме? Ендеше іздегі сіреттерге қарайық. Бұл не екен?

             Кесіртке, елік, етік, ешкі. Осы сөздерді буынға бөлейік, қанша буын бар, і дыбысы қай

             буында келеді? Осылайша барлық сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасаймыз.

             Өте жақсы, тапсырманы орындадық.

Енді іздің қай аңдікі екенін білейік  (кірпі). Осы із бізді қайда әкелді?

Әр ине інге, ін аңдарға не үшін керек? ( суықтан қорғану, азық- қорын жинау, жауларынан

қорғану үшін)

Балалар біз ой-пікірімізді не арқылы  білдірдік. ( Тіл)- дұрыс айтасыңдар, тіл қарым- қатынас

құралы екен.

Ендеше біз « Тіл» аялдамасына да келіп жетіппіз. Қазір мен сіздерге « Емен» мәтінін

мәнерлеп оқимын, сіздер зер салып, мұқият тыңдаңыздар.

Мәтін қалай аталады?

Емен қандай ағаш?

Еменнен нелер жасалады?

Еменнен тағы не істейді?

Оқушыларға іштей, сонан соң тізбектей оқыту.

Өте жақсы енді бойымызды сергітіп ойын ойнайық. Жоғалған әріпті тап: ж.. л, ж...р, б..л,

б...с.

Енді осы сөздерді дәптерімізді ашып, жазайық.

Өте жақсы, енді сол сөздерді астына емен, еден сөздерін жазып, дыбысчтық талдау жасай

қойыңыздар ( 2-3 балаға оқыту)

Сергіту жаттығу. Жаздық, Жаздық бәріміз.

Шаршап қалды қолымыз,

Аз ғана дем алайық

Сосын қайта жазайық

Шығармашылық тапсырма: іс-іс-іс,

Аппақ екен тіс

Іл-іл-іл

Сөйле қызыл тіл

Біз бүгінгі сабағымызды аңдар мен ағаштар туралы көп мағлұмат алдық.

Қазір қай аңның қайда мекендейтінін тауып көрейік. Тақтаға плакат ілінеді. Ол үшін көп

нүктенің орнына керекті сөзді табуымыз керек.

...беу, ..ден, ...мен    

            4. Жаңа сабақты қорыту.

  • Қандай мәтінмен танысайық?
  • Емен не үшін керек
  • Мәтін неше сөйлемнен құралған?
  • Е- дыбысы қандай дыбыс?
  • Мысалдар келтірейік?

            5.Бағалау.

            6. Үйге « Емен» мәтінін оқу, мазмұнын айту.Кім? Не істеді? Қандай? Сұрақтарына

            Жауап беру.

            Балалар, бірлік, білім, тіл, кітап, ерлік,сөздері өте қастерлі, қасиетті сөздер.

           Осы қасиетті сөздер сендердің серіктерің, достарың болсын.

          Бүгінгі көңіл күйіміз қандай болды? ( көтеріңкі)

          Күлімдеп күн бүгін қарады маған да,

          Күлімдеп бүгін қарады саған да

          Шуақпен нұр төгіп,

         Көңілді кетті көтеріп

       - Рахмет балалар, сау болыңыздар.

Загрузка...

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қ дыбысы мен әрпі
"Пп"дыбысы мен әрпі
Қ дыбысы және әрпі
О дыбысы және әрпі
І дыбысы мен әрпі.
Е дыбысы мен әрпі
К дыбысы мен әрпі
Ә ә дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2502 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Загрузка...
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык
Жаңалықтар