Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Есімдік. Есімдіктің түрлері


Есімдік. Есімдіктің түрлері

Есімдік. Есімдіктің түрлері

Сабақтың тақырыбы: Есімдік. Есімдіктің түрлері

«Д.А.Қонаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Даулетова Светлана Куанышбаевна

Сабақтың мақсаты:

1. Білімдік: есімдік туралы жалпы түсінік. Мағыналық, тұлғалық жағынан білім беру. Ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, оқушылардың білімдерін толықтыру.

2. Дамытушылық: оқушылардың қабілетін дамытуда, оқушы сезіміне әсер ететіндей, сабаққа ынтасын дамыту үшін таблица, карточка, т.б. құралдар мен әдістерді пайдалану. Ой қорытып, нақты шешім жасауға үйрету.

3. Тәрбиелік: сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, бір-бірін тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар есімдіктің түрлерін толық меңгереді, есімдік туралы алған теориялық білімдерін практикада қолданады.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қорыту, ізденіс, тест

Жұмыс түрі: ұжымдық

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеру

Сабақтың көрнекілігі: есімдік туралы кестелер, карточкалар, оқулық, тест сұрақтары

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру. а) сәлемдесу, ә) түгелдеу; б) сабаққа оқушылардың даярлығын тексеру.

II. Есіңе түсір.

Жаңа сабақты түсіндіруде қойылатын кіріспе сұрақтар:

- Сөз таптары дегеніміз не?

- Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

- Сіздер нешеуін таныстыңыздар?

«Есімдік» тақырыбы тақтаға жазылады. Есімдік туралы , оның мағыналық түрлерін көрсететін кесте тақтаға ілінеді.

III Жаңа сабаққа түсінік алу. Есімдіктер – заттың атын, сынын, санын, я олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың орнына жұмсалатын сөз табы. Есімдіктер жіктеледі, септеледі тәуелденеді және көптеледі. Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:

1. Жіктеу есімдігі

2. Сілтеу есімдігі

3. Сұрау есімдігі

4. Өздік есімдік

5. Жалпылау есімдігі

6. Белгісіздік есімдігі

7. Болымсыздық есімдігі

1) Жіктеу есімдіктер – белгілі бір жақ түрінде қолданылатын есімдіктің түрі. Мен, сен, сіз, ол,біз,сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады.

2) Сілтеу есімдік – нұсқау және көрсету мағыналарын көрсетеді: бұл, мынау, анау, сол, мына, міне.

3)Сұрау есімдігі – жауап алу мақсатында қойылған сұрақтар. Қазақ тіліндегі барлық сұраулы сөздер жатады: кім? неше? қайда? неге?

4) Өздік есімдігі – әр түрлі тұлғадағы өз деген бір ғана сөз: өз, өзім, өз-өзіне, өзіміз.

5) Жалпылау есімдігі – жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі: барлық, бәрі, тегіс, түгел, күллі. 

6) Белгісіздік есімдігі - белгісіз мәнде айтылатын сөздер. Жасалауына әр, бір, әлде деген үш сөз ұйтқы болып қызмет атқарады: әркім, әлдекім, әрқалай, бірнеше, бірдеме,кейбір, әрқалай.

7) Болымсыздық есімдігі – болымсыздық мағынаны білдіреді. Негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады: ешкім, ешқайда, ештеме, ешқашан, дәнеңе.

IV Жаңа тақырыпты пысықтау.

1-тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойып жаз. ... ата- анаңызбен тұрасыз ба? Мұрат ... әңгімені айтты. Ауа райы ... тамаша! Әр халықтың ... ұлттық тағамы бар. ... үйде жақын досым тұрады. Университеттің ... корпусы бар. Отанын қорғау – ... азаматтың борышы. ... өтірік айтпа. Мына хат ... келген? Есімдіктер: сіз, қандай, өзінің, бұл, бірнеше, әрбір, ешқашан,кімнен, бізге

2-тапсырма: Семантикалық картамен жұмыс - есімдіктерді топқа ажыратыңдар - таңдаған есімдіктермен сөйлем құрастырыңдар р/с Мысалдар жіктеу сілтеу сұрау өздік белгісіздік болымcыздық жалпылау 1. Барлық + 2. Олар + 3. Мыналар + 4. Өздері + 5. Ешқашан + 6. Қайда? + 7.. Бәрі + 8. Кейбіреу + 9. Ешқайда + 10. Әлдеқайда + 11. Өзіміздің +

ІV.Сабақты бекіту:

Тест жұмысы

1. Есімдік қалай қолданылады? А) сұрақтарға жауап беру арқылы В) қолданылмайды С) есім сөздердің орнына қолданылады Д) етістік сөздерінің орнына қолданылады Е) мұндай сөз табы жоқ

2. Жіктеу есімдіктерін белгілеңіз: А) ендеше, соңдықтан В) туралы, үшін С) оның, сіздер Д) Және, әрі Е) да, де, та, те

3. «Мен» жіктеу есімдігінің барыс септігінде түрленіп тұрғанын көрсетіңіз: А) менің В) менде С) менімен D) маған Е) мені

4. Өздік есімдігін табыңыз: А) бәрі, барлығы В) біреу, әркім С) мен, сен D) мынау, анау Е) өзіміз, өзге

5. «Біреу, әркім, әлдекім» сөздері қандай есімдікке жатады? А) жалпылау В) болымсыздық С) белгісіздік Д) өздік Е) сұрау

6. «Ешқашан» сөзінің орыс тіліндегі баламасын көрсетіңіз: А) нет В) никуда С) никогда Д) нельзя Е) ничего

7. Орыс тіліндегі « весь, все, всякий» сөздері қандай есімдікке жатады? А) жалпылау В) белгісіздік С) болымсыздық Д) өздік Е) жіктеу

8. «Қазақ тілін білу- өзіміз үшін керек», - деген сөйлемнің есімдігі қайсы: А) үшін В) өзіміз С) білу Д) қазақ тілін Е) керек

9. Қай сөйлем сілтеу есімдігінен құралған: А) Менің кітабым таза. В) Кітап - білім бұлағы. С) Кітап не үшін керек? Д) Бұл кітапты мен оқимын! Е) Қазақ тілі кітабын таза ұста!

10.Жалпылау есімдікті көрсетіңіз. A) Сен. B) Өзінің. C) Анау. D) Бәрі. E) Ешкім. V Өзіңді тексер. Тақтаға тестінің жауабы көрсетіледі. Қате жіберілген сұрақтарды талдау. 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 C C D E C C A B D D

VI Сабақты қорытындылау: Мен не білдім, не түсіндім? - Бүгінгі сабағымызда қандай сөз табымен таныстық? - Есімдік дегеніміз не? - Мағынасына қарай есімдіктің неше түрі бар? - Бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма?

VII. Үйге тапсырма: Есімдіктерді қатыстыра отырып, « Табиғатты аяла! » тақырыбында әңгіме жазу

VIII. Оқушыларды бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Есімдіктен өткенді қайталау
Есімдіктен өткенді қайталау
Есімдіктен өткенді қайталау
Есімдік
Көкшетау қаласына саяхат
Сан есім
«Есімдік» тақырыбы бойынша
Белгісіздік есімдігі
Есімдікті қайталау
ӨЗДІК ЕСІМДІКТІҢ ТҮРЛЕНУІ
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 99485 | Қосты: Даулетова Светлана Куанышбаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык