Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Есімдікті қайталау


Есімдікті қайталау

Сабақтың тақырыбы: Есімдікті қайталау

Сабақтың  мақсаты:
Білімділік :   Есімдік және оның мағыналық  түрлерін  қорытындылай отыра,әр түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың білім –біліктерін байқау, тиянақтау, пысықтау.
 Дамытушылық :  Оқушының ойлау қабілетін, тіл байлығын жетілдіру,танымдық қызығушылығын дамыту, шығармашылық  белсенділігін арттыру,есімдіктің мағыналық түрлерін бір –бірінен ажырата алу дағдыларын  қалыптастыру.
Тәрбиелік :  Әр түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы ұқыптылыққа, сауатты  жазуға, есімдіктерді ауызша, жазбаша сөйлеуде қолдана білуге баулу,  ұшқырлыққа, тапқырлыққа, қоршаған ортаға қамқор болуға  тәрбиелеу;
Сабақ түрі: білімін пысықтау  сабақ.
Сабақтың әдісі:  РАФТ  стратегиясы, сұрақ – жауап,жеке  жұмыс, жаттығулармен  жұмыс , семантикалық картамен  жұмыс, ойландыру, сызбамен жұмыс,сергіту сәті,ойын.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті  тақта, слайдтар, флипчарттар,сызбалар,ағаш,гүл, құстар  суреттері, қызыл, сары, жасыл жапырақтар.
Пәнаралық  байланыс: қазақ  әдебиеті.
Сабақтың  барысы:  
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Психологиялық  дайындық.
Әрбір адам –туысым,досым,жұрағат.
Әрбір сабақ –үйрену,ұғу,ұлағат,
Әрбір ісім –тірлік,тірек,адамдық,
Әрбір сөзім – шындық,бірліқ,адалдық.
ІІ. Үй  тапсырмасын тексеру.
Оқушылар, үй тапсырмасын  «Сиқырлы гүл» ойыны арқылы тексереміз.Үй тапсырмалары гүлдің жапырақтарына  жасырылған.Гүлдің сыртында  1,2,3,4,5,6 сандары жазулы тұр.Гүл жапырақтарын рет –ретімен ашамыз.
ІІІ. Жаңа  сабақ.
Оқушылар, бүгінгі  ертегі сабағына қош келдіңіздер.Ертегі тыңдағанды бәрің де жақсы көресіңдер ғой ?
Ерте,ерте,ертеде жапан түзде бір жалғыз ағаш өмір сүріпті.20 жасында ер жетіп,30 жасында бұғанасы бекіп, 40 жасында кемеліне келіп,50 жасында қартая бастапты.Бұтақтары сынып,қабырғаларының әр жеріне құрт түсіпті. Бұтақтары сырқырап,жапырақтары сыздайды. Ол айналасынан жәрдем сұрайды.
Оны естіген Ақ көгершін ұшып келеді де : «Терек ата,ауруыңыз жаман екен,мен дәрігердің кім екенін білмеймін, дегенмен іздеп көрейін» деп ұша жөнеледі.
Балалар, көгершінмен бірге Терек атаның ауруын емдейтін дәрігерді біз де іздеп көрейік.
1 –флипчарт. Ол үшін  «Семантикалық  картамен» жұмыс жасайық.
Есімдіктер Жіктеу Сілтеу Сұрау өздік Жалпылау Болымсыздық Белгісіздік
әрқашан +
ешқандай +
өзім +
біздер +
барша +
мынау +
қандай ? +
 
II –слайд.  Сауысқан суреті.
 
  Көгершін сауысқанды көреді.Сауысқанға болған оқиғаны баяндайды.Сауысқаннан көмек болмайды. Тағы да көгершінге өз көмегімізді көрсетейік, ол үшін оқулықтағы  105-беттегі 211 –жаттығуды орындайық. Мәтінді оқып,ат қою. Есімдіктерді тауып,олардың мағыналық түрлеріне қарай ажырату.
2- флипчарт  Жаттығулармен  жұмыс.
IIІ. Сергіту сәті : «Әуен  арқылы  жануарлармен   билеу»
 
IIІ –слайд. Торғай суреті.
 
 
 
         Көгершін  одан  әрі  ұшып  кетіп, қалың  тоғайдың  жанына жақындайды,Торғайға кездеседі. Оған да хабар береді.Одан да көмек болмайды.
Тағы да көгершінге    «Тез ,ойлан,тап !» атты логикалық  ойын арқылы  көмектесейік.
3 –флипчарт. «Тез,ойлан,тап!» логикалық ойыны:
1. Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдіктің қай түрі?     (Біз – жіктеу  есімдігі) 
2. Жақтас жалғауға жіктеле қояды, жақтас емесіне жоламай қояды.   (Мен, сен) 
3.  Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды.     (Сұрау есімдігі) 
4.  Біреулерді көрсетіп, нұсқап тұрады.   (Сілтеу) 
ІV –слайд. Аққу  суреті. 
 Көгершін Аққуға да хабар береді. Барлығынан да көмек болмайды. Ол үшін  мақал –мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті  есімдікті қою, құрамына,мағынасына қарай талдау жасайық.
4- флипчарт. Көп  нүктенің  орнына  қажет мақал –мәтелді  қою.
1.Атаңа   не  қылсаң,
   Алдыңа   сол  келер.
2. Отанға  опасыздық еткенің,
    Өз  түбіне  жеткенің.
3.  Біреудің  ажалы  оттан,
     Біреудің  ажалы  судан.
4. Әркім  өз  бойына қарай тон пішер.
5. «Сіз,біз» жеген  жылы  сөз,
    Ағайынға   жарасар.
6.Нені   кем   тұтсаң,
  Соған  зар боларсың. 
V –слайд. Тоқылдақ  суреті. 
 Ең соңында  орман емшесіне хабар жетеді.Бұл өздеріңізге белгілі құс –тоқылдақ.  Тоқылдақ – орман дәрігері. Сөйтіп  Терекке  тоқылдақ  көмектеседі. Теректі  ауруынан емдеп алады. Оқушылар, ертегі ұнады ма ? 
5 –флипчарт.  Сабақты  қорытындылау: «РАФТ» стратегиясы.
Р – роль                                              Мұғалім  мен  оқушылар
А – аудитория                                    лингафон және мультимедиа  кабинеті 
Ф – форма                                          Тест
Т – тақырып                                      Есімдік  және мағыналық  түрлері.
6 –флипчарт. 
Тестпен  жұмыс.
1. Есім сөздердің орнына қолданылатын  сөз табы көрсет.
А)  етістік                          В) есімдік                          С) үстеу                     Д) шылау
2. Жіктеу  есімдігі  бар сөйлемді  тап.
А) Ол –оқыған азамат.                                    В) Өз үйім -өлең төсегім.
С) Ата –аналар жиналысқа түгел қатысты.  Д) Ештеңе етпес айтсаң, күнәң жеңілдейді.
3. Сілтеу  есімдігін  тап.
А) кім ? не ?                                        В ) барлық, бүкіл, барша
С ) мына, сол, осы                              Д ) ешқандай,ешбір
4. Сұрау   есімдігін  тап.
А) кім ? не ?                                        В ) барлық, бүкіл, барша
С ) мына, сол, осы                              Д ) ешқандай,ешбір
5. Жалпылау   есімдігін  тап.
А) кім ? не ?                                        В ) барлық, бүкіл, барша
С ) мына, сол, осы                              Д ) ешқандай,ешбір
6. Болымсыздық  есімдігін  тап.
А) кім ? не ?                                        В ) барлық, бүкіл, барша
С ) мына, сол, осы                              Д ) ешқандай,ешбір
7. Белгісіздік   есімдігін  тап.
А) кім ? не ?                                          В ) барлық, бүкіл, барша
С )  біреу, бірдеме                                Д ) ешқандай,ешбір
8. Өздік  есімдігін  тап.
А) өзім, өзімді                                    В ) барлық, бүкіл, барша
С ) мына, сол, осы                              Д ) ешқандай,ешбір
 
7- флипчарт .
Тест   жауабы.
1-  В
2- А
3- С
4-  А
5-  В
6 – Д 
7-  С 
8 -  А 
 
8- флипчарт. 
 Оқушыларды  бағалау. 
      Мен қазір сіздерге  жапырақтар  сыйлаймын.Жапырақтың сыры бар.Ол жай жапырақ емес, ол – баға жапырағы.  Жапырақтың үстінде баға 
«5» - қызыл жапырақ», «4» - жасыл  жапырақ,  «3» - сары  жапырақ  
 9 –флипчарт. 
Үйге тапсырма :    106 -107- беттер,  212, 214, – жаттығулар.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Есімдіктен өткенді қайталау
Есімдік. Есімдіктің түрлері
Есімдіктен өткенді қайталау
Сілтеу және сұрау есімдігі
Есімдіктен өткенді қайталау
Көкшетау қаласына саяхат
Сан есім
«Есімдік» тақырыбы бойынша
Белгісіздік есімдігі
ӨЗДІК ЕСІМДІКТІҢ ТҮРЛЕНУІ
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 5121 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык